Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?
Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым керек?
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. I. Қызығушылықты ояту «Портрет» ойыны Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 мин. музыка әуенін тыңдай жүріп өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне сыйлайды. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру
«Социометрия» әдісі Оқушыларды топтастыру үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. ұқсастықтары арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады. Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға
Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс берілмесе, мұғалім дұрыс
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Менің жұлдызым»
сұрақтар қояды. Жоба дайындауда қай кезең өте маңызды деп ойлайсың? ^ Жоба жұмысын дайындау және қорғау кезеңдерін білесің бе?
жауапқа қарай бағыттап, дұрыс жауапты табуға көмектеседі.
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді. Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлеріментаныстырады.
Сабақтың ортасы (31 мин.)
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). Оқулықпен жұмыс.«Мәтінмен жұмыс» әдісі Тапсырмалар:
негізгі ұғымдарды сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;
мәтіндегі барлық негізгі ұғымдарды кезегімен атап беру;
мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;
мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.
Интерактивті тақта
(Т) 1-тапсырма. «ПОПС формуласы» әдісі Оқушылар оқулықтағы «Жаңа білім» айдарында берілген мәтінді оқып, топ ішінде талдайды. Қорытындысын төмендегі сөйлем тіркестері арқылы баяндап, топ арасында бір-біріне жеткізеді.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...». Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын... . » Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... .»
Интерактивті тақта
(Т) «Пікірлер базары» әдісіОқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) төменде берілген 2- тапсырманың өздері ең маңызды деп шешкен тұстарын жазады. Суретпен бейнелеуге де болады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында
сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің коментарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.