Оқушылардың жетістіктерін бағалау
«Цирфлық сауаттылық» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Жеке, жұпта, топта шешуге арналған тапсырмаларды орындау нәтижесі арқылы оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де, оқушы үшін де жеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді.
Сабақтың құрылымын тиімді жоспарлау
Сабақ - оқытудың белсенді әдістері арқылы білім, білік, дағдыны дамыту мен қалыптастырудағы интенсивті оқу үдерісі.
Сабақтың құрылымы
Басталуы
Сергіту жаттығуы.
Жаңа топ құрамын анықтау.
Жұмыс ережесін келісу.
Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта, топта, ұжымда).
Оқу мақсатын таныстыру.
Күтілетін нәтижені анықтау (оқушылардың жаңа тақырып жөнінде не білетінін, нені білгісі келетінін анықтау).
Негізгі бөлім
Ой қозғау тапсырмалары.
Белсенді оқу тапсырмалары (саралау тәсілдері).
Оқулықпен жұмыс (жеке, жұпта, топтық).
Тапсырмалар орындау (жеке, жұпта, топта).
«Қызықты тапсырма» айдарында логикалық қабілетін шыңдау.
Аяқталуы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдануын бағалай алу.
Сабақта қол жеткізген нәтижені талдау.
Рефлексия (жеке, топтық, жеке).
Үйге тапсырма беру.
Топтық, жұптық тапсырмалардың басым бөлігі Блум таксономиясының «талдау» және «жинақтау» сатыларына берілген.
Мұғалім сабақты жоспарлауға ұсынылатын құрылымды үлгі ретінде қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |