Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова


Бастауыш орта білім беру деңгейінің 2-сыныбына



бет2/94
Дата16.04.2024
өлшемі0.62 Mb.
#498793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
2 cынып МЖ

Бастауыш орта білім беру деңгейінің 2-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пəнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармақшасына сəйкес дайындалған.

  • «Цифрлық сауаттылық» пəнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудегі білік жəне дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.

  • Негізгі міндеттері:

    1. білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар мен олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;

    2. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау мен программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау жəне тарату дағдыларын қалыптастыру;

    3. білім алушылардың əртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

    4. байланыс, ақпарат алмасу мен ынтымақтастық үшін цифрлық технологияларды пайдалануға ынталандыру;

    5. білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуге үйрету.

    1. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс жəне шет тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.

    2. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пəн бойынша білімі мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар білімді функционалдық жəне шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды, əртүрлі коммуникациялық əдістерді пайдалану, топта əрі жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу жəне шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.



    3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет