Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова



бет6/94
Дата16.04.2024
өлшемі0.62 Mb.
#498793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
2 cынып МЖ

Топтық жұмыс пен жұптық жұмыстың нəтижелері:

  1. Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мəнін терең ашуға көмектеседі.

  2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

  3. Олардың əрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.

  4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік алады.

  5. Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

  6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

  7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс істеуінде мүмкіндік беретінін, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитынын, оқушының өзіне сенімі əрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.


Үй жұмысы. Оқушыларға үй тапсырмасын беру мұғалім құзыретінде. Сабақ беру процесінде кейбір тақырыптар бойынша оқушы өздігінен оқып ізденуін қажет етеді. Үй тапсырмасы берілгенде, оқушы өз білімін пысықтайды.


Оқу мақсаттарының жүйесі

Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші жəне үшінші сандар бөлім мен бөлімшені, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында:


«2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі.
Оқыту мақсатының жүйесі əр сабаққа бөлім бойынша берілген.


2-сынып




Компьютерлер

Компьютердің құрылғылары

2.1.1.1 енгізу-шығару құрылғыларын ажырату;

Программалық қамтамасыз ету

        1. файл мен бума туралы түсінік беру;

        2. файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жою;

        3. өз жұмысындағы контекстік мəзірді пайдалану;

Қауіпсіздік

2.13.1 цифрлық құрылғылар мен интернет желілерімен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелеріне сүйену;
2.1.2.2 файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту жəне жою;






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет