Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова



бет8/94
Дата16.04.2024
өлшемі0.62 Mb.
#498793
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
2 cынып МЖ

2-сынып. Оқулыққа авторлар тарапынан берілген ұзақмерзімді жоспар



Ұзақмерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар)

Сабақтар

Сабақтың тақырыптары



Сағат саны

1-тоқсан

8 сағ.

I бөлім. Компьютерлер мен программалар (ортақ тақырып: «Өзім туралы»)

1-сабақ

Денсаулығымызды сақтаймыз

1

2-сабақ

Ақпарат іздеу

1

3-сабақ

Компьютердің енгізу-шығару құрылғылары

1

4-сабақ

Файлдар мен бумалар

1

II бөлім. Шығармашылық жəне компьютер (ортақ тақырып: «Менің отбасым жəне достарым»)

5-сабақ

Тармақталу алгоритмі

1

6-сабақ

Программалар құруды жалғастыру

1

7-сабақ

Алгоритмді орындау

1

8-сабақ

Жеке кейіпкер жасау

1

2-тоқсан

8 сағ.

III бөлім. Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)

9-сабақ

Пернетақтамен танысу

1

10-сабақ

Пернетақтада жаттығу

1

11-сабақ

Мəтін теруде пернетақтаны басқару

1

12-сабақ

Спрайтты пернетақтамен басқару

1

13-сабақ

Мəтінмен жұмыс істеу

1

14-15-сабақтар

Мультфильм жасау

2

16-сабақ

Зерттеу жəне шығармашылық тапсырмалар

1

3-тоқсан

10 сағ.

IV бөлім Мультимедиа (ортақ тақырып: «Дені саудың жаны сау»)



17-сабақ

Айналамыздағы дыбыстар

1

18-сабақ

Дыбыстық əсерлер

1

19-сабақ

Дыбыс жазу

1

20-сабақ

Дыбысты өңдеу

1

21-сабақ

Практикалық жұмыс

1

V бөлім. Роботтехника: датчиктер (ортақ тақырып: «Дəстүр жəне фольклор»)

22-сабақ

Роботтың қозғалысы

1

23-сабақ

Робот қозғалысын программалау

1

24-сабақ

Роботқа арналған программаны іске қосу

1

25-сабақ

Роботқа арналған дыбыс

1

26-сабақ

Практикалық жұмыс

1

4-тоқсан

8 сағ.

VI бөлім. Роботтехника:
«Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қор- шаған орта», «Саяхат»)

27-сабақ

Жоба дегеніміз не?

1

28-сабақ

Жоба идеясының мəтінін теру жəне редакциялау

1

29-сабақ

Программалар арасында мəлімет алмасу

1

30-сабақ

Жоба жасау алгоритмімен танысу

1

31-сабақ

«Билейтін робот» жасау

1

32-сабақ

«Билейтін робот» программасы

1

33-сабақ

Жобаны қорғау

1

34-сабақ

Жобаны қорғау










Жалпы сағат саны

34 сағ.



«Цифрлық сауаттылық» пəнін оқытудың əдістемелік ерекшеліктері

Оқулықтың негізгі мазмұны оқушылардың информатика ғылымының басты негіздерін меңгеруге, ақпараттық мəдениетін қалыптастыруға, тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, кəсіби бағдар алуға, функционалдық сауаттылығы мен зияткерлігін арттыруға бағытталған. Ұсынылып отырған оқулықтың мақсаты – білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудағы əлемдік озық үлгідегі тəжірибелер мен əдістерді, заманауи технологияларды оқыту процесіне қолданып, білім алушылардың «Цифрлық сауаттылық» пəніне деген қызығушылығын арттыру.


Оқушыларды логикалық, сыни жəне сындарлы ойлау тұрғысынан дамыту арқылы оқытудың сапасын арттыру, алған білімдерін оқуда, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету басшылыққа алынған.
Интерактивті жəне жобалау түріндегі оқыту технологияларын пайдаланып, оқушылардың жаппай білім алуынан жұптық жəне жеке білім алуға өтуі қамтамасыз етіледі.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында оқулықтың барлық кезеңдері Блум таксономиясының танымдық сатыларына негізделіп құрылымдалған. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында берілген теориялық материалды білу, түсіну жəне қолдану жолдары арқылы меңгереді.
Талдау сатысында берілген оқу материалын терең түсініп, оларды зерделейді, құрылымын анықтау үшін тұтас бөліктерді құрамдас бөліктерге бөледі, оларды ажыратады, өзара байланыстарды айқындайды.
Жинақтау сатысында оқушылар өз ойларын тұжырымдап, оқу материалын талдау нəтижесінде алған білімдерін жаңашыл сипатта қорытындылап, өз идеяларын немесе үлгілерін, жобаларын ұсынуды үйренеді. Жаңа нəтиже ретінде оқу материалдарын өзгеше ретпен хабарлау (баяндау, пікірталас), жұмыс жоспары, сызбалар, жобалар түрінде ұсынуды қарастырады.
Бағалау сатысында берілген оқу материалының информатика саласында жəне күнделікті өмірде пайдаланылуының маңызын анықтайды, ол туралы өзіндік пікір ұсынуды, ойын білдіруді үйренеді.
Оқулықпен жұмыс істеу барысында оқушыларда төмендегі көрсетілген дағдылар қалыптасады:

  • оқулықта берілген теориялық материалдар мен практикалық жұмыстарды талдау, жинақтау жəне бағалау негізінде берілген тапсырмаларға топта жəне жұпта «жобалау» жұмыстарын орындау;

  • ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлін түсіну жəне оған сындарлы баға беру;

  • ақпараттық технологияларды адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында пайдалану мəселелерін түсініп, анықтау;

  • ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда жəне келешектегі еңбек іс-əрекетінде тиімді қолдану;

  • талдау, модельдеу мен программалау тапсырмаларын шешу;

  • ақпараттық мəдениетті қалыптастыру;

  • технологиялық ғылыми тілді меңгеріп, пəн бойынша тілдік дағдыларды дамыту мақсат етіледі.

Оқушылар алдыңғы кезеңде алған практикалық білімдерін қолдана отырып, өз бетінше орындауына тиімді болатындай жасалған.


Пəнді оқытудың əдіс-тəсілдері



    • Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан əрі дамыту үшін, оларды қолданудың маңыздылығын ұғындыру.

    • Жеке жəне саралай оқыту тəсілін қолдану.

    • Проблемаларды жəне оларды шешу стратегияларын құрастыру.

    • Оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау.

    • Оқушылардың зерттеу іс-əрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру.

    • Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

    • Оқушылардың шығармашылығы мен жобалық жұмыстарын ұйымдастыру.

    • Түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтерге қатысу, мəтінмен жұмыс тəсілдерін қолдану.

    • Тапсырмаларды орындау əдістерін сипаттау жəне түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

    • Мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-əрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру əрі дамыта оқыту.

    • Оқушылардың өзіндік іс-əрекетін, жеке жəне топтық жұмыс ұйымдастыру.

    • Бірін-бірі оқыту.

    • Оқушыларды өз жұмысын талдауға жəне түзетуге ынталандыру (рефлексия).



Практикалық жұмыстарды орындау

Практикалық жұмыстар бөлімінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан қарастырып, компьютерде жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Оқушылардың қабылдауына оңай болуы үшін, теориялық материалды практикалық тапсырма арқылы түсіндіру əдісі қолданылған. Оқулықты


оқушылар мұғалімнің көмегінсіз де өздері оқып, түсіне алады. Тапсырмаларды өз бетінше орындау ыңғайлы болуы үшін, практикалық бөлім екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде практикалық тапсырмалар толық түсіндіріледі, ал екінші кезеңде оқушылар практикалық жұмысты орындайды.


Оқушылардың жетістіктерін бағалау

«Цирфлық сауаттылық» пəнін меңгеру нəтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нəтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау жəне ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.


Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Жеке, жұпта, топта шешуге арналған тапсырмаларды орындау нəтижесі арқылы оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар жұмыс дəптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де, оқушы үшін де жеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді.


Сабақтың құрылымын тиімді жоспарлау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет