Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет43/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Эксперименттік әдістің мәні мынада: 
-зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған
белсенді ықпал етеді; 
-эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады; 
- эскперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
Эксперимент 
математикалық 
формулалар 
арқылы 
белгіленетін сандық заңдылықтарды орнатады және ғылыми 
әрекет ретінде қарастырғанда қажетті зерттеу кезеңдері мен 
міндеттерінің жүйесін белгілеуге болады: 
 
 
 


80 
І. Зерттеудің теориялық кезеңі. Бұл кезеңде төмендегідей 
мәселелер шешіледі: 
а) зерттеудің тақырыбы мен мәселесін анықтау; 
ә) зерттеудің пәні мен объектісін анықтау; 
б) зерттеудің міндеттері мен жорамалдарын анықтау. 
Пән зерттеулерінің шегін анықтау кезінде төмендегілерді 
ескеру керек:
а) зерттеудің мақсаты мен міндеттерін;
ә) зерттеу объектісін;
б)экспериментте материалдық және уақыт мүмкіншіліктерін;
в) жеке түсініктемелік теорияда көрсетілген мәселені ғылыми
өңдеудің нәтижелерін.
ІІ. Зерттеудің әдістемелік кезеңі. Бұл кезеңде эксперимент 
әдістемесі мен эксперименттік жоба жасалады. Эксперимент 
жобасы мыналарды сипаттайды:
а) эксперимент бадарламасын құруды;
б) мәліметтерді өңдеудің математикалық жобасы. 
ІІІ. Эксперименттік кезең. Бұл кезеңде эксперименттік 
жағдайға, 
бақылауға, 
эксперимент 
жүйесін 
басқаруға, 
сыналушының реакциясын өзгертуге байланысты тәжірибелер 
тікелей жасалады.
ІҮ. Аналитикалық кезең. Бұл кезеңде нәтижелерді сандық 
талдау, алынған мәліметтерді ғылыми жинақтау, жаңа ғылыми 
жорамалдарды және тәжірибелік нұсқауларды қалыптастыру 
жүзеге асырылады.
Эксперимент психологиялық әдіс ретінде психофизика мен 
психофизиология саласында пайда болып, психологияда кеңінен 
таралды. Эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты 
білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасын орыс ғалымы 
А.Ф.Лазурский (1910) ұсынған табиғи эксперимент. Бұл әдістің 
негізгі тенденциясы - зерттеулердің эксперименттігін жағдайлық 
ақиқатпен байланыстыру болса, мәні – зерттелетін әрекет 
жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі 
оның табиғи түрінде бақыланады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәселелерін 
шешетін табиғи экспериментті психологиялық-педагогикалық 
эксперимент деп атайды. Адам психологиясын өзгертетін және 
оған әсер ететін амал ретінде эксперимент қалыптастырушы 
эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперимент 


81 
психикалық жаңа құрылымдардың психологиялық-педагогикалық 
амалдардың қалыптасуының жобасы мен моделінің мазмұнын 
және 
оларды 
қалыптастыру 
жолдарын 
болжайды. 
Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі 
В.В.Давыдов. Қалыптастырушы эксперимент - балаларды оқыту 
мен тәрбиелеуде дамытушы эксперименттік әдіс.
Тест ағылшын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны 
білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж. Кеттел өткен 
ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине, Т.Симонмен бірге балалардың 
ақыл-ойының дамуын анықтау үшін тест жүйесін жасаған кезден 
бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып, кең тарала 
бастады. Тест көмегімен белгілі бір қабілеттілікті, іскерлікті 
анықтауға, тұлға ерекшеліктерімен қасиеттерін сипаттауға, 
қандай салада жұмыс істеуге бейім екенін анықтауға болады. 
Тестінің диагностикалық құндылығы ғылыми эксперименттік 
деңгейіне және психологиялық айғақтың растығына байланысты 
болады. Тест дегеніміз тұлғаның белгілі бір қасиеттер ерекшелігі 
мен даму деңгейін анықтаудағы стандартталған тапсырмалар 
жүйесі. Тест түрлері: 
а)жетістікті анықтау тестілері - тұлғаның нақты белгілі, 
іскерлік, дағдыларының даму деңгейін анықтайды 
ә)интеллект 
тестісі 
– 
индивидтің 
ақыл-ой 
даму 
мүмкіндііктерін анықтауға арналған
б)креативті тест – индивидтің ақыл-ой, таным, 
шығармашылық қабілетін зерттейді. 
в)тұлғалық тестілер – индивидтің тұлғалық қасиеттерін 
зерттеу әдістемелері. 
г) жобалық тестілер – тұлғаның қасиеттерін белгілі бір 
үлгі-суреттерге сүйене отырып, қасиеттерін зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет