Р. Б. Доскалиева


Психологиялық зерттеу әдістерін жүйелеу



Pdf көрінісі
бет41/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

7.2. Психологиялық зерттеу әдістерін жүйелеу 
Психологиялық зерттеу әдістерін жүйелеу мен бейнелеудің 
ерекшеліктері зерттеудің эмпирикалық әдісі мен жалпы 
психологиялық әдістердің арасындағы ерекшелігін анықтаудағы 
белгілі бір жағдайлар. Басқа ғылымдардағы сияқты психологияда 
әдістің үш класы бөліп қарастырылады: 
1. Эмпирикалық – зерттеудің субъектісі мен объектісі өзара 
нақты қарым-қатынаста жүреді. Әдістің бұл тобын қолданудың 
нәтижесі болып құралдар көрсеткіштері мен объектінің жағдайын 
бекітетін мәліметтер, субъектінің жағдайы іс-әрекет өнімдері 
және т.б. табылады. 
2. Теориялық – субъект, модельмен объект ойша әрекет етеді 
(зертеу объктісімен ). Теориялық әдістерді қолдану нәтижесі 
табиғи тілдік, белгі-символдық және кеңістіктік-сызбалық түрде 
ұсынылған. 
3. Интерпретация немесе суреттеу – субъект сырттай 
объектінің белгілік-символдық болжамдармен (графиктермен, 
кестелермен, сызбалармен) әрекет етеді. Интерпретациялық 
суреттеу әдісі теориялық және эксперименттік әдістерді қолдану 
нәтижелері мен өзара әрекет ету орындары. Эмпирикалық зерттеу 
мәліметтері, бір жағынан, бастапқы өңдеуге және индуктивті 
болжам, модель, зерттеу теориясын ұйымдастыру жағынан 
нәтижелер талаптарына сәйкес ұсынылады. Екінші жағынан, бұл 
нәтижеге болжамның сәйкестігі концепциясымен мәліметтерінің 
интерпретациясы жүреді. Интерпретация өнімі болып факт, 
эмпирикалық тәуелділік және болжамды қолдау немесе жоққа 
шығару болып табылады. 
Психологиялық 
зерттеулердегі 
теориялық 
әдістер 
түрлері: 
1.Дедуктивті (аксиоматикалық және гипо-дедуктивті) – 
жалпыдан – жекеге, абстракциядан – нақтыға. Нәтижесі 
теория, заң және т.б.; 
2.Индуктивті – фактілерді жалпылау, жекеден – жалпыға. 
Нәтижесі-индуктивті болжам, заңдылық жіктеу, 
жүйелеу; 
3.Модельдеу – ұқсас әдістерді нақтылау, «традукция» 
жекеден-жекеге, күрделі объект орнына зерттеуге қолайлы 
қарапайым объект алынуы.Нәтижесі – объект моделі, үрдіс 


76 
жағдайы. Модельдеудің екі негізгі түрі бар: құрылымдық–
функционалды және функционалды-құрылымдық. Бірінші 
жағдайда зерттеуші оның сыртқы болмысына қарай жеке жүйе 
құрылымын анықтайды. Ол үшін ол ұқсастықты құрастырады 
немесе ұқсас болмысы бар басқа жүйені таңдайды. Мұндай 
болмыс (ұқсастықтар нәтижесінің ережесі негізінде) құрылымдар 
ұқсастығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Модельдеудің бұл түрі психологиялық зерттеудің негізгі әдісі 
және табиғи ғылыми психологиялық зерттеудің негізі болып 
табылады. 
Екінші 
жағдайда 
модельдеудің 
құрылымдық 
ұқсастығы мен бейнесін зерттеуші ортақ функциясымен сыртқы 
көріністері және т.б. сипатталады. Бұл әдіс көптеген ғылымдарда 
таралған, 
соның 
ішінде 
салыстырмалы 
анатомияда, 
палентологияда, мәдениеттануда және т.б. Басқа адамның 
психикалық болмысын түсіну мүмкін емес, бірақ әр субъектінің 
өзінің жеке болмысы бар, сондықтан функционалдық-
құрылымдық 
модельдеу 
мен 
герменевтивтік 
әдістердің 
ұқсастығы бар. Сол себепті М.С.Роговин мен Г.В.Залевский 
модельдеу әдісін герменевтивтік әдістер қатарына қосты.
Интерпретациялық-бейнелеу әдісі психологиялық зерттеуде 
маңызды роль атқарады. Көбінесе зерттеушінің бұл әдістерді 
жете меңгеруі ғылыми бағдарламаның жетістігінің дәлелі. 
Психологиядағы бейнелеу әдісінің ерекшеліктері –теорияны 
сипаттау мен эмпирикалық мәліметтерді суреттеудің арасындағы 
айырмашылық келтірілмесе де, В.А.Ганзеннің монографиясында 
толықтай сипатталған. 
Қазіргі кезеңде психологиялық диагностика зерттеулерінде 
әдістер сапалық ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 
формалды және формалды емес әдістер. Формалды әдістердің 
түрлері: тестілер, сұрақ-жауап, психофизиологиялық әдістер және 
жобалық-техникалық әдістер. Оларға тән негізгі сипаттар: нақты 
бекітілген ережеге сәйкес болуы; зерттеу барысында берілген 
нұсқауды дәл сақтау және амалдардың объективті жүргізілуі; 
алынған мәліметтерді стандартты өңдеу тәртібі бойынша 
қорытындылау; диагностикалық экспериментті қорытындылау; 
сенімділігі (бұл объектіге қатысты өлшеу процедурасының 
орнықтылығы); валидтылығы, яғни бұл барлық зерттеу 
процедурасының алынған нәтижелер объектілері қасиетіне 
қатысты болуы. Формалды әдістер арқылы белгілі бір уақыт 


77 
аралығында диагностикалық ақпарат алуға және индивидті өзара 
сандық, сапалық жағынан салыстырмалы түрде сипаттауға болады. 
Формалды емес әдістер: бақылау, әңгімелесу, іс-әрекет 
нәтижесін талдау әдісі. Психикалық процестері, қасиеттері және 
психикалық кейпінің жалпы көріністері мен олардың мазмұнына 
қарай ерекшеліктерін білуге болады. Мысалы, мақсаттар 
динамикасы, тұлғалық қасиеттері, көңіл күйі, психикалық кейпі т.б. 
Кешенді психологиялық диагностикалық зерттеу барысында бұл 
екі топтағы әдістер бір-бірін толықтырып, байланысты бірлікте 
қолданылады. 
Психологияда, басқа ғылыми салалардың, соның ішінде 
жаратылыс туралы жалпы ғылымдар (механика, физика мен 
химия) әдістерін қолданудың ғасырлық тәжірибесі бар. Шын 
мәнінде 
психофизика 
қалыптасуымен 
байланысты 
эксперименталды психология тарихы жалпы физика әдістерін 
қолданудан басталды. Соңғы онжылдықтарда жаратылыстану 
әдістері психологиялық өңдеуде қарқынды дамып келеді. 
Жоғарыда 
көрсетілгендей, 
математикалық–кибернетикалық 
әдістерді психологиялық әдістерге өңдеуден басқа салыстырмалы 
психология мен дифференциалды психологияның да қазіргі 
генетика әдістерін қолдануларын атап өтуге болады. Сонымен 
қатар, 
медициналық 
және 
патологиялық 
психологияда, 
нейропсихология мен дифференциалды психологияда жаңа 
биохимиялық әдістер кеңінен қолданыс табуда. Жаңа биохимия 
мен фармокология негізінде құрылған психофармокология 
ғылыми саласымен қоса алғанда, биохимиялық әдістер жүйке – 
психикалық қызметті тануда жаңа мүмкіндіктерді ашты. 
Салыстырмалы психологияның жаңа даму кезеңі, жоғарғы жүйке 
қызметі физиологиясының классикалық әдісі болып табылатын 
шартты рефлекстер әдісін және қазіргі эксперименталды 
экологияның ең жаңа әдістерін қолданумен байланысты. Қазіргі 
эксперименталды психологияға ең жаңа электрофизиологиялық 
әдістердің де әсері зор. 
Психологияның әдістемелік дамуындағы жаңа қадам онда 
әртүрлі әлеуметтік ғылымдардың эксперименталды емес 
әдістерін қолдануы болып отыр. Жеке тұлғаны психологиялық 
зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтетін бұл әдістер қатарына 
тілтанудың салыстырмалы әдісі, әдебиеттанудағы мәтіндік әдіс, 
тарих ғылымындағы құжаттану мен өмірбаяндық әдістер, 


78 
әлеуметтік статистика әдістері және т.б. жатады. Тарихи, 
әлеуметтік және дифференциалды психологияның, өнер 
психологиясы мен ғылым психологиясының, салыстырмалы 
психологияның дамуына байланысты психологиялық зерттеу 
әдістері саны жағынан да, сапасы жағынан да дамып келеді. 
Қазіргі кезде психодиагностиканың дамуы диагностикалық 
зерттеу 
әдістерімен 
әдістемелері 
жүйесінің 
дамуымен 
байланысты болды. Ол әдістер жүйесі үш негізгі топқа 
топтастырылып, шартты түрде «объективті», «субъективті» және 
«жобалық» деп аталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет