8.2. Сұрақнамалық әдістемелер
Психологиялық диагностика негізінен тұлғалық диагностика
әдістерінің түрлері мен байланысына бағытталғандықтан, көбінесе
ерекше әдістемелер деп сұрақнама және жобалық-техникалық
әдістемелерді қолданады.Сұрақнама психодиагностикалық алғашқы
әдістердің бірі болып, психологтардың жаратылыстану ғалымдарымен
байланыста Ч.Дарвин сауалдарын қолдануынан басталды. Сұрақнама
– әдістемелердің үлкен тобы. Олар сұрақтар мен жауаптары қатар
беріліп, сыналушының қалауы бойынша өз бетімен өзі туралы мәлімет
беретін жауаптардан құралады.Бұл әдістің теориялық негізі
интроспекционизм. Ол ертедегі діни идеологиядағы психикалық
құбылыстарды объективті зерттеудегі рухани әлем туралы
тезистерден бастау алады. Содан адам санасын зерттеуде өзін-өзі
бақылаудан басқа тәсіл болуы мүмкін емес деген түсінік болған.
Мысалы, А.Бине сұрақнама әдістерін өзін-өзі бақылаудың бір
формасы деп есептеген.
Алғашқы психодиагностиканың сауалдары Ф.Гальтонның
адамның танымдық саласын бағалаудан басталды. Мысалы, көріп
қабылдау ерекшеліктері, ақыл-ой бейнелері және т.б.
ХІХ ғасырда сұрақнама әдісі көмегімен ес процесі (А.Бине),
жалпы ұғымдар (Т.Рибо), іштей сөйлеу (О.Сен-Поль) т.б. зерттелді.
Сұрақнамалар тұлғалық және анкеталық сауалдар болып
бөлінеді. Сұрақнамалардың тестілерден айырмашылығы –дұрыс
және дұрыс емес жауаптары емес, олар әр адамның сол
жауаптарды құптау немесе құптамауы арқылы зерттеледі.
Тұлғалық сұрақнамалар стандартталған, жазбаша, бланкалы
немесе компьютерлі болады. Ерекшелігіне қарай жабық және ашық
деп бөлінеді. Жабық сұрақнамаларда жауаптар нұсқалары алдын-ала
қарастырылады, сыналушы олардың бірін таңдауы қажет. Екі немесе
үш баламалы таңдау жауабы болады («иә», «жоқ», «жауап беруге
қиналамын»т.б.). Ашық сұрақнамаларда жауаптары еркін, ешқандай
шектеу болмайды, сыналушы өз қалауы бойынша жауап
береді.Тұлғалық сұрақнамалар мазмұнына қарай:
- тұлғалық сипаттарына қарай сұрақнамалар;
- типологиялық сұрақнамалар;
- мотивация сұрақнамалары;
- құндылықтар сұрақнамалары;
- бағыт-бағдар сұрақнамалары болып бөлінеді
|