Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет85/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Белсенділік. Бұлардың себептерін Ч. Осугуд былай түсіндіреді, 
аталған факторлар индивидтің стимулға деген жалпы 
эмоционалдық реакциясына нақты ерекшеліктерін бейнелейді. 


144 
Әдістеме 
қорытындысында 
семантикалық 
кеңістік, 
семантикалық дифференциал әдісінің нәтижесі бойынша 3 
факторға қатысты шкалалар бойынша есептеледі. Осы 
көрсеткіштерді қолдана отырып, сол немесе басқа да объектіге 
индивидтің қарым – қатынасы және мінез құлқы реакциясын 
болжайды. Семантикалық дифференциал әртүрлі практикалық 
мәселелерді қарастырады. 

Кәсіптік кеңес беруде

Әртүрлі әлеуметтік бағдарларды анықтау үшін 

Әртүрлі оқылатын оқу пәндеріне қатынасын, әртүрлі 
тауар және түрлі сауда белгілеріне және т.б. қатынастарын 
зерттеу үшін. 
Сематикалық дифференциал қазіргі кезеңде көптеген әдістемеде 
қолданылады. Нәтижелерін қорытындылауда сандық талдау 
күрделілігіне қарай компьютерлік әдістер де қолданылады.
Q – сұрыптау (Q – technique, Q - sort). Бұл әдісті Стефенсон 
индивидтің өзін зерттеу үшін жасаған. Индивидке тұлғалық 
қасиеттер жазылған карточкалар жиынтығы беріледі. Ол өзі үшін 
«анағұрлым мол сипатты» - «анағұрлым аз сипатты» қасиеттерден 
топтарға бөледі. Топтардың әрқайсысына жалпы карточкалар саны 
және таңдап алынған топ саны үшін қалыпты мәнімен 
анықталынатын белгілі бір карточкалар салу керек. Мысалы, 100 
карточканы қолдану барысында 5 топ бойынша таратылатын 
карточкалардың саны әрбір топқа мынадай болады: аз сипатты 
қасиет 10 20 40 20 10 көп сипатты қасиет. Көп жағдайда 
карточкаларды тарату үшін үштен тоғызға дейін топтар 
қолданылады. Бұл әдісте таңдау барысында Q іріктеу нормативтік 
мәліметтер емес, субъективті – тұлғаның басқа адамдармен 
салыстыру бойынша қаншалықты күшті және әлсіз екендігі 
көрінетіндігін емес, бір – бірімен салыстырғанда өзінің күшті және 
әлсіз қасиеттері туралы хабарлайды. Q – іріктеу әртүрлі 
психологиялық 
мәселелерді 
шешу 
үшін 
қолданылады. 
Зерттелушілерге келесі критерилер бойынша карточкаларды 
классификациялауға болады.
* Әртүрлі жағдайдағы өзіне қатысы бойынша (мысалы, үйде, 
жұмыста басқа адамдармен қарым – қатынаста). 
* Өз көзқарасы бойынша мен қандаймын (нақты Мен). 
* Басқа адамдар көзқарасы бойынша мен (әлеуметтік Мен). 
* Ол қандай болғысы келеді (идеал Мен).


145 
Мұндай ақпарат бұрынғы өзгерістерді констациалау үшін 
психотерапияның әртүрлі кезеңдерінде басқа зерттелушінің, 
басқа адамға қатынасын анықтауға мүмкіндік беретін, 
карточкаларды таратуға болады, сонымен қатар оларды сипаттау 
үшін де қолданылады. Соңғы жағдайда іріктеу вариантын, кәсіби 
дайындығын бақылау, тұлғаны жан – жақты бағалау үшін, 
сондай-ақ психологқа қажетті кез келген адамдар категорияларын 
(кәсіби топтар, психикалық синдромдары бар адамдар және т.б. ) 
сипаттау үшін қолданылады. Сондай-ақ, Q – іріктеу принципі 
зертттелушінің әртүрлі объектілермен жұмыс жасауы барысында 
жүзеге асырылуы мүмкін. Семантикалық әдістердің негізгі 
қиындықтары: сөздерді мағынасына қарай таңдау, оларды 
тұлғалық сипаттарға қарай топтау және әрбір индивидтің 
қасиеттерді 
таңдау 
барысында 
кемшіліктері 
немесе 
психологиялық білімінің жеткіліксіздігі. Ал, жалпы кемшілікке 
сематикалық әдістемелердің мән, мағынасы пайдалылығына 
қарай 
емес 
берілген 
тұлғалық 
сипаттар 
бойынша 
бағаланады.Тұлға диагностикасында семантикалық амалды 
толықтырып, жалғастыруды репертуарлық тұлғалық әдістеме 
қолданылады. Бұл әдістемеде индивид өзіндік тәжірибесін 
конструкциялай отырып, айнала қоршаған дүниені қабылдауын 
субъективті шкалалар арқылы бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет