Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет18/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   128
Сөз құдіреті

етін сыртына тепті (231) ағайын ауқымынан шығып, 
шеңбер бұзу (236), (келесі бетте: шырық бұзған қылық – 237), 
оң киім (241), жарасы ыңсу (242), дайыны жоқ сөз (жүйесіз 
– 243), қалың қарағайды құндыздап жүру, аңды ақтармалау 


44
(263), ақтармалатып сою (278), ләнет (лағынат – 294), 
майдан беру (айқасу) сияқты қолданыстардың бірқатары 
«Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігіне» мүлде енбе-
ген. Мысалы, быжғылдап ұру, шеңбер түзу, тілегіне табы-
лу, майдан беру,(жарасы) ыңсу, іріңдей (семіз), дайыны жоқ 
(сөз) дегендер не реестр сөз ретінде, не олардың ұясындағы 
тіркес ретінде енбеген. Ал ақтармалау, жалбылап жүру, 
дәркүмән, аңсағай дегендер жергілікті (диалектизм) деген 
белгі қойылмай, демек,барлық өңірге ортақ, түсінікті әдеби 
норма ретінде берілген, бірақ мысалдар тек М.Әуезовтен және 
Абайдан (дәркүмән) келтірілген, ал құндыздап жүру, сара-
мас деген сөздерге «жергілікті» деген белгі қойылып, мыса-
лы тек М.Әуезовтен, сарамас сөзі Мұхтар Әуезов пен Қабдеш 
Жұмаділовтен алынған. Демек, бұлардың барлығы – диалек-
тизм деп табылсын-табылмасын, негізінен белгілі бір өңірде 
ғана қолданылатын, қалың көпшілікке мағыналары бейтаныс 
сөздер. Біздіңше, бұлардың барлығы да – лексикамыздың 
қорына ену мүмкіндігі бар әлеуетті (потенциалды) сөздер деп 
аталатын қабатты құрайтын элементтер.
Сөздік түзушілер мен мұғалімдерге, тіл зерттеушілер мен 
қалам ұстаған ақын, жазушы, журналистерге ескертуге бо-
латын бір жайт – қазақ әдеби тілінің лексикалық қабаты әлі 
түгел толығып болмағанын айту керек. Қазіргі кезде диалек-
тизм, яғни таралу аясы шектеулі жергілікті сөздер деп танып, 
әр алуан сөздіктерде осы айдармен тіркеп жүрген сөздердің 
бірқатары, мысалы, жоғарыда көрсетілгендей сөздер, әдеби 
нормаға әбден сыйымды. Оған негіз болатын бірнеше фак-
тор бар: алдымен, бұлардың бірқатарының тепе-тең әдеби 
эквиваленті жоқ. Мысалы, малды ақтармалап сою, ұстаған 
түлкі, қасқыр сияқтыларды ақтармалау (Түсіндірме сөздік 
бұл сөзге: «мал сойылғанда, ішін жарып, ішек-қарнын, 
өкпе-бауырын бөліп алу деп анықтама береді, І том, 150-
бет) белгілі процесті бір сөзбен жақсы білдіреді, сол сияқты 
«жалбылап жүру», «құндыздап жүру», «быжғылдап ұру» 
дегендердегі көсемше тұлғасымен беріліп тұрған іс-қимыл 
сындары мен «кәпірстан мінез», «кәпірстан болу» дегендер – 
әрі ықшам, әрі экспрессиялы сөздер, олардың әдеби нормаға 
еніп, «көпшілікқолды» болу әлеуеті (потенциясы) зор екені 


45
күмәнсіз. Ал майдан («айқасу, арпалысу»), тілегіне табылу 
(«тілегіне құлақ асу»), шеңбер бұзу («шырық бұзу»), дайыны 
жоқ сөз (жүйесіз, бәтуасыз) тәрізді тіркестер тіпті жергілікті 
қолданыстар болмауы да мүмкін (оларды біз диалогтолог- 
тер еңбектерінен де, диалектологиялық сөздіктерден де, 
түсіндірме немесе екі тілдік сөздіктерден де кездестірмедік), 
олар – не сирек қолданылатын немесе автордың өзі ұсынған 
өте бейнелі (образды) тұлғалар болар. Қайткен күнде де 
біз көрсеткен бейтаныстау сөздер түгелімен жергілікті бол-
мас, болған күнде де олардың тар аумақтық, диалектілік си-
паты әлсіреп, М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың 
шығармаларында орын алып, контекст арқылы мағыналары 
түсінікті болып кеткені немесе түсіндірме екі тілді және Абай 
тілі сөздігінде тіркеліп, жалпыға ортақ әдеби тілдік дүниелерге 
ауысқаны байқалады.
1960 жылдардан бастап қазақ тілінің диалектолог маманда-
ры, Семей, Шығыс Қазақстан, Аягөз өңірлерінің көптеген ау-
дандарын аралап, едәуір жергілікті сөзқолданыстарын жинап, 
жариялады
11
. Бұлардағы тіркелген сөздердің бірен-сараны бол-
маса, басым көпшілігі М.Әуезовтің 1922-1925 жылдардағы 
әңгімелерінде орын алмаған. Оның да себептерін көрсетуге 
болады. Алдымен, диалектизм сөздердің дені киім-кешек, 
ас-су, құрал-сайман атаулары болып келетіндіктен, олар 
көркем шығарма тілінде жиі қолданылмауы мүмкін. Ал 
адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін білдіретін сөздердің ішінде 
жергілікті ерекшелік болып келетіндерін жазушылар әртүрлі 
себеппен қолданулары мүмкін. Бірақ М.Әуезовтің 1922-1925 
жылдардағы туындылары тілінде мұндайлар да өте аз.
М.Әуезов ана тіліміздің жер-жерге қарай ерекшеліктері 
бар екенін жақсы аңғарған және оларды көркем сөзге қызмет 
еттіруге болатынын да дәл аңғарып, мұны сәл кейінірек 1930 
11
Сарыбаев Ш. Семей облысы Мақаншы ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі 
кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы // Қазақ тіл білімі мәселелері. - Алматы, 1959; 
Болатов Ж. Семей облысының Абай, Шұбартау аудандарында тұратын қазақтар тілін- 
дегі жергілікті ерекшеліктер ту ралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы 
мәселелері. - 2-шығуы. - Алматы, 1960; Болатов Ж. Семей облысы Көкпекті, Ақсуат 
ауданда рында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы 
// Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. - 3-шығуы. - Алматы, 
1960; Бектұрғанов Е. Үржар, Мақаншы диалектологиялық экспедициясының мате- 
риалдарынан // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. - 4-шығуы. - 
Алматы, 1962. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. - Алматы, 1969.


46
жылдардан кейін жүзеге асырған. Бұған жазушының 1934 
жылы жарық көрген «Білекке білек» әңгімесі куә. Ол жөнінде 
осы кітаптың 2-бөлімінің 197-198-беттерінде кеңінен айтыл-
ды. Шығарма кейіпкерлерінің ішінде белгілі өңір тұрғындарын 
сөйлетуде оның тіліндегі ерекшеліктерді көрсету амалына 
М.Әуезов кейін «Абай жолында» да оралады. Әбіштің Алма-
тыда ауырып жатқан кезін суреттеуде бұл қаланың тұрғыны 
Дәт деген кісі ат базарында Мағаштармен сөйлескенде:
Бөтен жақтың аты-жөніңді білмес, ажарыңды танымас 
адамымен кәйтіп саудаласып, қол соғысып жүресің, Мағаш 
шырақ. Жасың кіші інім екенсің, Абайдың баласына базардан 
ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұяқтағы ел де – Абайдың елі. 
Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып 
табамыз. Жүрелі! – деп Мағаштар жатқан Әбсәметтің үйіне 
әкелген.
Алматылық Дәттің әрі қарайғы сөздеріндегі барғын, 
кеткін деген етістік тұлғалары да бұл шығарманың семейлік 
кейіпкерлерінің сөйлеу машығында ұшырамайды. Эпопея-
да жазушы Әбіш ауырып жатқанда қасында болған Мағашқа 
атақты Жамбылды да кездестіреді. Оның Мағаш бәйгіге қосқан 
Торжорғаға сүйсінген сөзін автор былайша береді:
– Табанынан жарылған жануар-ай! – деп екі қолын жұды- 
рығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! Алма- 
тының төресі мен қарасы, шоқы мен шорасы сүйсінгеннен 
таңдай қақты. Шұлғып қалды ғой мүлдем. Атама, әкем тегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет