Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет17/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128
Сөз құдіреті

– ...Қазақ қызметкерлерінің тұмсығын батырмай... енді бір 
решительный бет бермесек... деген сияқты сөздерді оқимыз. 
Мұнда – осылар сияқты макаронизмдерді былай қойғанда, 
кейіпкерлердің он күн срок, мәдени накопление, совнарком 
хатшысы, біздің система, кадр секторы, строительствоның 
сметасы, банкедегі совещание, месткомның шовинисі, каз-
торгте шөлки беріп жатыр екен... өшіретіне күн ұзын тұрып 
ем деген сияқты қолданыстары тұнып тұр. Бұлардың барлығы 
– кейіпкердің кім қандай адам екенін көрсетуге жұмсалған 
көмекші құралдар. Үстіміздегі ғасырдың 20-30-жылдарынан 
бастап қазақтың азды-көпті оқығандары, кеңсе, сот басқару 
орындарында жұмыс істей бастаған қызметкерлер күнделікті 
қарым-қатынаста орыс сөздерін араластырып сөйлеуге машық- 
тана бастағанын жоғарыдағы мысалдар анық көрсетеді. Бұл
әдеттің күні бүгінге дейін ұласып отырғанын да көркем 
әдебиеттен көре аламыз.
Ал диалектизмдердің көрінісіне келгенде, мынаны айтуға 
болады. Мұхаңның 20-жылдардағы әңгімелерінің кейіпкерлері 
– Семей, Аягөз сияқты өңірдің қазақтары. Бұл өңірдің тілінде 
диалектілік ерекшеліктер, әрине, жоқ емес, бар, бірақ олардың 
оңтүстік өлкелердегі сияқты айрықша көрініп тұратындары 
аса көп емес екені мәлім, ол ерекшеліктер осы аймақта 
туып-өскен жазушыға қатты еленбеуі мүмкін. Сондықтан 
М.Әуезов кейіпкерлерін Се мей өңірінде сөйлетуді ойламай-
ды. Диалектологтардың Семей облысының Абай, Шұбартау
Көкпекті, Ақсуат, Мақаншы аудандары тұрғындарынан жи-
нап, жергілікті сөздер (диалектизмдер) деп көрсетіліп келе 


43
жатқан сөздерден Мұхтар Әуезовтің 20-30-жылдардағы көркем 
шығармаларында, автор тілінде де, кейіпкерлер тілінде де 
кездесетіндері көп емес. Мысалы, «Қорғансыздың күніндегі» 
әженің сөзінде аужал алу деген тіркес бар. Мамандар аужал 
сөзін Абай, Шұбартау аудандары тілінде «тірлік емес» деген 
диалектизм деп көрсетеді. Шұбар сөзін де мамандар «қалың 
тоғай» деген жергілікті сөз деп табады. Мұхаңда бұл сөз 
тобылғылы шұбар, қалың шұбар түрінде қолданған. Аң аулауда 
қолданылатын қағушы сөзі де қазақ жерінде түгел жайылмаған. 
Диалектологтар аң қағу тіркесін Семей өңірінің «аң аулау» 
мағынасындағы сөзі деп тіркеген. Біз бұл күнде қағуы сөзін 
диалектизм деп бірден ұға да бермейміз, сірә, ол ұлы Абайдың 
«бүркітші тау басында, қағушы ойда» деген атақты өлең жол-
дарын түсініп, жаттап өскендігімізден болар. Оның үстіне 
аңды, құсты қағып алушы деген мәнде екенін сөз түбірінің 
өзі білдіріп тұрғаны да қағушы сөзінің аң аулау әңгіме болған 
жерде қолданылғанда, мағынасын аңғару қиынға соқпайды. 
Бұл сөз Мұхаңның «Көксерек» әңгімесінде қолданылған: Жан-
жақтағы қағушылардың бәрінің де алдына қарап өтеді (І, 333).
Мұхаңның 1922-1925-жылдардағы көркем шығармаларын 
мұқият ақтара келгенде, бұл күнде жазушының өзі мен 
кейіпкерлерінің ортасында кездесетін жергілікті сөздер деп 
танылып жүргендерден там (үй, қысқы жай мағынасында); 
«мықты», «күшті» және «өте, аса, тым» мағынасындағы қиын; 
шейін, дейін шылауының шекті варианты; «апа» сөзінің әпке 
варианты; «жартас» мағынасындағы тектұр сөздері кезде- 
седі. Бұлардың көбі автордың өз сөзінде және ешбір стильдік 
мақсат көзделмей жұмсалған. Сірә, М.Әуезовтің қаламды 
енді қолға алған тұсында жазылған әңгімелерінде кездесетін 
быжғылдап ұру (381), сайды жалбылап жүру (334), зор денелі 
аңсағай жігіт (44), тілегіне табылу (тілегіне құлақ асу) (471), 
сарамас (жаман, оңбаған), кәпірстан мінезі, кәпірстан болу 
(413), бір-біріне қатты уығу (жауығу) (174), созалаңдау (со-
зылу – 189), егін басқа отырды (228), іріңдей семіз ат (231), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет