Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет20/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128
Сөз құдіреті

Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөң- 
гелек беті жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу 
өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық
бар. Кішкене мұрны көз, қабағына үйлеспейді...
Бұл шағын ғана сыртқы портрет жай сөйлемдермен берілген. 
Сөйлемдер жай болғанымен, жалаң емес: бірыңғай мүшелісі 
де, жайылма анықтауыш мүшелісі де бар. Екінші сөйлем тіпті 
қысқартылып берілген: оның бастауышы (ол немесе бұл жігіт) 
мен баяндауышты (кісі еді, жігіт еді де ген сияқты) түсірілген, 
яғни жасырын тұр, бірақ контекст оларды жоқтатпайды.
Жазушы сөйлем құру амалына өте мұқият қарағаны 
байқалады. Сөйлемдерді қысқа қайыру көбінесе стильдік 
мақсат көздейді. Қысқа, тіпті жалаң сөйлемге логикалық екпін 
аударылады.
Ұзақ жол қажытқан жолаушылар осы болымсыз кішкене 
сызыққа қарап, қоналқаға келетін үйінің әртүрлі көңілсіз
жайларын еске түсірді. Бұрынғыдан да тұнжырады. Көңіл- 
сіздік молайды (І, 34).
Мұнда соңы екі сөйлем жеке-жеке берілгенде, алдыңғы 
сөйлемдегі көңілсіздік, жадаулық дегенге ой екпінін түсіріп, 
қадай айтады. Бұл амалға барғанда, жазушы сөйлемнің бір 
мүшесін өз алдына сөйлем сияқты жеке беретін (жазатын) 
тұстары да ерекше болып көрінеді. Мысалы: Алыстан қараған- 
да, Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз (І, 29). 
Бұл микротексте соңғы сөйлем – синтаксистік тұрғыдан қара- 
ғанда, өз алдына тиянақты сөйлем емес, алдыңғы сөйлемнің 
бірыңғай мүшесінің біреуі: Арқалық тауының бір сипаты – 
бұдыры жоқ жалаңаштығы болса, екінші сипаты – көруге аса 
көңілсіздігі. Таудың осындай сұрықсыздығын баса суреттеу 
үшін, бірыңғай баяндауыштың біреуін өз алдына шығарып
сөйлем сияқты етіп ұсынған. Осы жерде жазба дүниенің бір 
ұтымды жерін көреміз. Егер жалаңаш деген сөзден кейін үтір 
қойылса, тұтас сөйлем қабылданар еді де Арқалықтың сол 
бұдыры жоқ жалаңаштығы көруге көңілсіз екендігіне оқырман 
назары айрықша аударылмас еді.


51
Ғылым тілінде (тіл білімінде) бұл құбылыстарды (тәсілді) 
парцелляция деп, «отау болып» шығатын мүшені парцеллятдеп 
атайды. М.Әуезовтің көркем прозасының бастапқы кезеңіндегі 
үлгілеріне көз салсақ, оның синтаксисіне тән ерекшеліктің бірі 
деп осы парцелляция тәсілін атаймыз. Бұл амал – Мұхаңда 
жүйелі түрде қолданылады. Парцеляттар көбінесе сөйлем 
соңындағы баяндауышқа тән іс-әрекеттің амалын, мезгілін, 
мекенін білдіретін мүшелер болып келеді. Мысалы:
Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп келген жоқ. Қашқа- 
лақтағандай (І, 56).
Соңғы жеке шығарылған бір сөз іс-қимылдың амалын 
көрсетеді, ол сөйлемнен ажыратылмаса, «көп келген жоқ» де- 
геннің алдында тұрар еді. Келесі мысалдар (сирек қолданы- 
латындықтан, қазақ тіл білімінде көп сөз болмай келе жатқан 
құбылыс екендігін ескеріп, көбірек мысалмен көрсетуді дұрыс 
деп отырмыз):
Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл тұманды жамы-
лып сазарғандай. Жым-жырт (I, 70).
Бұл жердегі парцеллят сөйлемнің баяндауышы деуге бо-
лады. Егер жазушы иесіз даланың сазарып түрғанын баса 
айтқысы келмесе, жым-жырт сөзін сөйлемге жалғастырып 
жазған болар еді. Ол күнде сөйлем табиғаттың бір күйін жай 
ғана баяндап көрсету болып шығар еді. Ал Мұхаңның жай 
баяндағысы жоқ, әсерлі етіп суреттеуді көздеген. Жым-жырт 
деген бір сөздің айтуда жеке интонациямен бөлінуі, ал жазуда 
нүктемен ажыратылуы дәл осы жым-жырттық жаздың жанға 
жайлы кешіндегі тыныштықтың көңіл аударарлық белгісі бо-
лып тұрғандай. Келесі мысал:
Әйелдер сол түні таң атқанша шам жағып, ұйықтамай, 
Құдайдан тілек тіледі. Сыйынды, жылады (I, 50).
Соңғы екі парцеллят осы сөздер беріп түрған іс-қимылға 
оқырман назарын аударып, ой екпінін түсіреді. Әжесі мен ана-
сы Ғазиза баланың аман болуын жай тілемейді, жылап, сыйы-
нып тілейді.
Бұл екі сөздің екеуін айырып көрсетіп («бөлек құндақтап»), 
солар арқылы әже мен ананың ішкі жан қиналысын, дәрменсіз 
күй-қалыптарын көрсетеді.
Бір-екі сөзді атаулы немесе толымсыз сөйлемдер де пар-
целляция құбылысына жақын келеді. Олар да алдыңғы 


52
сөйлемнен нүкте арқылы бөлініп жазылады, мұнда да стильдік 
мақсат көзделеді. Мысалы: 
Жанып болған тезектің шоғы өшуге айналған. Ала көлеңке 
(I, 133).
Егер толық түрде түзілсе, айналған дегеннен кейін үтір 
қойылып, әрі қарай сондықтан үйдің іші ала көлеңке деп 
берілер еді. Бұл салаластың соңғы жай сөйлемі өз алдына ата-
улы сөйлем етіп ұсынылғаны автордың парцел ляция сияқты, 
осы ала көлеңкелікті баса көрсеткісі келгендігінен пайда бо-
лып тұр. Мұны парцелляциядан бөліп қарау қажет немесе 
парцелляцияның бір көрінісі деп тану қажет. Өйткені парцелля-
ция бір сөйлемнің «кетілуі», соңғы мысалда да тұтас құрмалас 
сөйлем «сөгіліп», сөгілген бөлігі «күзеліп» тұр.
Мына микротексте бөлек «отау тіккен» құрылымдар бастау-
ышы түсірілген толымсыз сойлемдер:
Оның ақылы еш нәрсенің тұтқыны болған жоқ еді. Баяғыдай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет