«телегей ойнап дауылдатып ол келеді; текпілі батыр бәйшөгел
шықты ма; батыр десем, белге шықпай ойда ойнақшыр бейпіл
ме ең; кесескенім Кебек болса, алдым тағы қара нор; бақ талай
(ы) «баршындай» деген сөздерді салса, Кеңгірбай бидің аузына
«даңды судай тасқызып, ол да найманды шүйелемей қоймас;
елге көп сөзді даңқтырмаңдар» деген сияқты бұл күнде екінің
бірі біле бермейтін сөздерді салады. Ал айтысқан Еспембет пен
Көбейдің ауыздарынан небір образды әсем мақал-мәтелдерді
былай қойғанда: «Тобықты шаялығыңды қылдың ба; мұның
арты ата-ұрпаққа кететін үзілмес қанкегі болғалы отыр;
көнбейтін болсаң, арам алыс алашпын: бастан атқуылдап
отырғаннан-ақ сезіп ем» деген үзіктерден бөлініп (курсив-
пен) көрсетілген жеке сөздерді табамыз. Бұл 21 жастағы жас
жазушының тырнақалды пьесасының өзінде-ақ жалпы сөз де-
генге, оның ішінде әрбір кейіпкер сөзіне соншама көп ізденіп
келгенін аңғартады.
Ал «Абай жолы» тіліндегі сөз атаулысы ше? Мұнда әрбір
сөз ерекше есепте деуге болады. Орнын таппаған бірде-бір сөз
2
Бұл да сонда, 83-бет.
12
жоқ. Жазушының өзі: «Сөздік жағынан менің романдарымның
Абай өмір сүрген тарихи дәуірге сәйкес ерекшеліктері мол»,
– деп айтқанындай, мұндағы әрбір ерекше сөз – әдейі таңдап
алынған, әдейі сол жерде (сол контексте) тұруға тиісті сөздер.
Олардың ішінде мағынасы күңгірт тартқан көне сөздер де,
шанда бір қолданар сирек сөздер де, семантикасы ауысып
құбылған тұлғалар да, жергілікті сөздер де, жазушы өзі жасаған
неологизмдер де бар. Бұлар жөнінде әрі қарайғы тақырыптарда
ішінара сөз болады.
М.Әуезовтің тілін таныту барысында, ең алдымен, жазушы-
ның әдеби тіл, көркем әдебиет тілі, жеке қаламгерлердің сөз
қолданысы туралы айтқан өз пікірлеріне назар аудару қажет.
Өйткені М.Әуезов – тек көркем сөздің зергері ғана емес, сол
асыл бұйымды жасаудың жолдары мен әдістерін көрсетуші,
бағытына жөн сілтеуші екенін білеміз. Өзінің «Қазақтың әдеби
тілі туралы» деген бағдарламалық мақаласында жазушы:
«Ал бізде әдебиет шығармаларының тілін сөз ету ғылымдық
дәрежеге жетпей келеді... Тіл мамандарының көбі де қазақтың
әдеби тілінің совет жазушылары еңбегіндегі жаңа үлгідегі
сөйлем құрудағы ізденулерін, жаңалықтарын, табыстар мен
олқылықтарын зерттеу проблемасы етіп қамти алмай келеді»,
– деген болатын. Әрине, бұл – осыдан 45-46 жыл бұрын
айтылған сын пікір. Және өз сөзімен айтсақ, жазушылар мен
әдебиетшілердің «егіз-қатар серігі, еңбектес сыңарлары» – тіл
мамандарына айтылған әділ, дұрыс сын. Әрине, өз тұсында
шындыққа сайған бұл тұжырымды күні бүгін тұп-тура
қайталауға болмас. Өйткені бұл сын айтылғаннан бергі 40-50
жыл ішінде қазақ көркем әдебиетінің, оның ішінде, әсіресе
поэзиясының тілі әр қырынан, әр тұрғыдан едеуір зерттелді,
олар жеке-жеке монография, ғылыми дәрежедегі мақалалар бо-
лып жарық көрді. Бір ғана М.Әуезов тіліне қатысты бірнеше
дис сертация қорғалды. Дегенмен осылардың баршасы қазақ
көркем сөзін, оның ішінде ұлы суреткер – М.Әуезов тілін
зерттеуді жан-жақты, толық, әрі мінсіз, ақаусыз дегізе алмай-
ды.
Ең алдымен, бұл ізденістердің дені шығарма тілінің көр-
кемдігін зерттеуге арналмаған. Жазушының тілдегі даралық
13
стилі, автор образы дегендер ашылмай келеді, яғни көркем
әдебиет тілі лингвистикалық стилистика тұрғысынан зерт-
телмей отыр. Ертелі-кеш М.Әуезов есімі аталған жерде «бұл
жазушының тілі ғаламат көркем, құдіреттей сиқырлы» немесе
«Әуезов қазақ сөзін әсемдік дүниесіне жаратудың не бір асқан
шебері болды» деген жалпы айтылған тұжырыммен шектеліп
келеміз. Жазушыларымыз да осыны айтады, тіл мамандары да
мақала, еңбектерін осылай бастайды. Әрине, бұл баға – дұрыс,
өте дұрыс, бірақ ол – интуитивті түрде сезініп қана айтылған
байлам. Әйтпесе ұлы суреткер қаламынан туған көркем
дүниелердің тілі қай ретте қалайша көркем? Сол көркемдікті
жасауда жазушы қандай амал-тәсілдерге барды? Тілдік тұлға-
тәсілдерді көріктеуіш-бейнелеуіш қызметке қалай жұмсады?
Олардың жалпы ұлттық әдеби тіл заңдылықтарымен (нормала-
рымен) іліктестігі қандай? Олар нақты қолданбай, айтылмай,
көрсетілмей келеді. Жалпы байлам бар, бірақ ол таратылып,
дәлелденуден әлі алыс. Қысқасы, Әуезовтей (немесе өзге бір
жазушыдай) сөз зергерінің көркемдік-эстетикалық дүниесін
тіл тұрғысынан таныту қажеттігі даусыз. Бұл тұста тек қана тіл
мамандарын жазғыруға болмас. Өйткені «лингвистикалық сти-
листика» деп аталатын ғылым саласы бізде, қазақ ғылымында,
әлі жок. Егер лингвистердің бірен-сараны жеке бір жазушының
тілін жеке бір қырларынан азды-көпті зерттеп келе жатса, ол –
өз қалаулары, өз түсінігі, өз ынтасымен жүргізіліп келе жаткан
шаруа. Республикамыздың Ғылым академиясының Тіл білімі
институтында не Әдебиет пен өнер институтында көркем
әдебиет тілін зерттейтін бөлім жоқ, ғылымның бұл саласының
тіпті шағын жеке тақырыптары институттардың жұмыс жоспа-
рына еніп көрген емес. Бұл проблеманың қазақ топырағына
келгенде не объектілері, не зерттеу әдістері түгел айқындалған
жоқ, осы салада жұмыс істейтін кадрлар дайындауды мақсат-
ты түрде ойластырып та жатқан жоқпыз. Қысқасы, қазақ фи-
лологиясында жа зушы тілін зерттеу – жүйелі түрде нақты
ғылым тармағы ретінде әлі күнге дейін өз дәрежесінде қолға
алынбаған, назар аударылмаған сала. Бұл жоқтық, бұл кемші-
лік, оны қолға алатын уакыттың жеткендігі ұлы жазушымыз-
дың 100 жылдық мерекесін атап отырған бүгінгі күнде, осын-
14
дай тұста барды көрсетіп, жоқты іздеп жатқан кезімізде көзге
айқын түсіп отыр. Бүкіл тіршілік-қарекетімізді ғылым орын-
дарында да қайта қарастырып, қайта қарап жат қан кезімізде
айтылған пікір еске алынар деп ойлаймыз.
Сөйтіп, М.Әуезов тілін танып-танытуда алдымызда қандай
шаруалар бар, қандай міндеттер тұр дегенге кел сек, шамамен
(әрине, толық, түгел емес), мыналарды айтар едік.
Ең алдымен, жоғарыда көрсетілгендей, М.Әуезовтің
бүкіл көркем туындыларының (тек қана эпопеясы емес) тілін
кеңінен зерттеуді бастау. Оны жүйелі, белгілі бағдарламамен
ұжымдасып (өйткені бұл – бір-екі зерттеушінің 4-5 жылдық
қана жұмысы емес) және кешенді (бұған тіл мамандарымен
қатар әдебиеттанушылар да қатысулары тиіс) түрде жүргізу
керек болады.
Екіншіден, М.Әуезовтің публицистикасы мен ғылыми
еңбектерінің де тілі стильдік, лексикографиялық, лексиколо-
гиялық зерттеулерді күтеді. Жазушының шеберлігі мен дара-
лық стилі бұларда да айқын сезіледі. Әуезовтің Абай тура-
лы, «Манас» туралы, қазақ ертегілері, эпостары жайындағы
ғылыми монографияларын көркем шығарма оқығандай,
қызыға, сүйсініп оқимыз. Олар – әйтеуір әдеби тілде ғана емес,
нағыз ғылыми стильде туған дүниелер, сөйте тұра өзге әде-
биетші-ғалымдардың бірде-біреуінің монография-кітапта-
рына тіл жағынан ұқсамайды. Сыры неде? Ұтықты жақтары
қандай? Ал публицистикасының (очерктері, баяндамалары,
сын мақалалары, ашық хаттары) тілі мен стилі ше? Сірә, әр
жазушының әңгіме, по весть, романдарының тіліне, яғни ше-
берлігіне, даралығына келгенде бір-бірінен қалай ерекшелене-
тін болса, пуб лицистика мен ғылыми шығармаларының, жа-
зысқан әлеуметтік үні бар хаттарының тілдеріндегі сөз құдіре-
ті өзгеше болатындығын көреміз. Бұл орайда да М.Әуезов
мұрасы – мол зерттеу объектісі.
Үшіншіден, Мұхтар Әуезов әдебиетте атын ғана қалдыр-
ған жоқ, із қалдырды, мектеп қалдырды. Ал тілде ше? Тілге кел-
генде де, жазушылардың өз мойындауларына қарағанда, Әуе-
зов жалғыз-дара қалмаған: Әуезовтен өзгелер, әсіресе кейінгі
буын қалам иелері көп үйренген, үлкен әсер алған, зор ықпалын
15
сезінген. Осылайша, әрине, айту бар да, сол айтылғанды фак-
тілермен дәлелдеу және болмаққа керек. Пәлен жазушының
көркем тілінің қай тұстарында Әуезов қаламының әсері бар,
ол әсерді шығармашылықпен игере алған ба, жоқ, құр сырт-
тай еліктеу ме? Тілге келгенде, «Әуезов мектебі» дегенді айта
аламыз ба, айтсақ, сүйенетін тіректер, дәлелдейтін фактілер
қандай – міне, осылар да зерттеуін күтетін мәселелер.
Төртінші, Әуезов тілінің сөздігін жасау. Бұл – әлдеқашан
күн тәртібіне қойылған, мақұлданған шаруа. Дайындық шара-
лары едәуір жүріп қалған іс. Соның бірі – 1979 жылы «Ғылым»
баспасынан жарық көрген «М.Әуезовтің «Абай жолы»
романының жиілік сөздігі». Сөздікті фило логия ғылымының
докторы, математика кафедрасының профессоры Қ.Бектаев-
тың басшылығымен Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұр-
сынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері
жасаған. Бұл жұмыста жаңа әдіс – электронды-есептеу мәши-
несі қолданылған. Сөздік – қазақ лексикографиясы тарихын-
да жазушының жеке шығармасындағы сөздердің қолданылу
жиілігін көрсететін тұңғыш еңбек, жалпы осы типтегі жұ-
мыстардың тырнақалдысы. Мұнда эпопеяның төрт кітабында
қолданылған сөздердің жиілігі (әр сөздің неше реттен кез-
десетіндігі) алфавит тәртібімен тізіліп берілген. Мұндай
сөздіктер белгілі бір шығарма тексінде жазушының қандай
сөздерді қолданғанын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар
осы сөздіктің мағлұматына қарап, бұл эпопея тілінде 16 мың
983 сөз пайдаланылғанын, оның 8698-і – тек бір не екі рет қана
келетіндері, яғни 50% құрайтындығы, ең жиі қолданылған сөз
– де етістігі (9828 рет), төртінші орында – Абай жалқы есімі
(6747 рет) т.т. екендігін біле аламыз. Қысқасы, мұндай жиілік
сөздіктер шығарма тілін қай тұрғыдан болса да зерттеушілер
үшін мол, дайын материалдар береді.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Мұх-
тар Әуезовтің тұтас тілінің түсіндірме сөздігін жасау жұмысы-
на әзірлік жүргізіле бастаған-ды. Ол үшін алды мен жазушы-
ның 20 томдық жинағы бойынша кездесетін сөздердің ЭЕМ
арқылы алфавиттік сөздігі жасалды. Бұл материал бойынша
қазіргі таңда «Алфавиттік-жиілік сөздік», «Жиілік сөздік»,
16
«Кері алфавиттік сөздік» деп аталатын үш түрлі сөздік бір кітап
болып жарық көрді. Сөйтіп, Әуезовтің ұлан-ғайыр мұрасының
барлық сөз қазынасы алфавит ретімен жиілігі, қай кітапта,
оның қай бетінде, ол беттің қай бөлігінде (әр бет бес бөлікке
бөлініп көрсетіледі) екендігі туралы мәлімет қолымызға
тиді. Сонымен қатар «Үлестірімді-алфавиттік жиілік сөздік»
дегеннің материа лы да компьютерден шығып, дайын тұр. Бірақ
көлемді материалды жарыққа шығаруға қаржы тапшылығы
қолбайлау болып отыр.
Жоғарыда айттық, фразеологизм дүниесі – тілдің байлығын
да, образдылықты да танытатын ерекше элементтер. Олар-
ды жазушы бүкіл шығармашылығында молынан пайдала-
нып отырған, жүздеген фраземаны өзі жасаған. Міне, осы-
ларды есепке алып, жиілік сөздік арқылы көрсету жұмысын
да жүргізу қажет. Осы жұмыстардан кейін «Әуезов тілінің
түсіндірме сөздігі» және «Әуезов тіліндегі фразеологизмдердің
сөздігі» жасалмақшы. Бұл – әрине, өте күрделі, қиын, үлкен
жұмыс. Бірақ болашақта істелуге тиісті шаруа.
Міне, заманымыздың ұлы жазушысы, дана ойшылы, ірі
ғалымы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің қазақ әдеби тілі
тарихындағы еңбегі мен орнына, қаламының тілдік-стильдік
феноменіне байланысты айтылуға тиісті, айтыла беретін көп
ойлар мен ұсыныстардың бір парасы ғана осындай.
Тілге қатысты М.Әуезов көрсетіп кеткен жұмыстар мен
міңдеттердің, ақыл-кеңестердің, ұсыныс-тілектерінің, сын-
сынақтарының баршасына ден қойып, дұрыс ұғынып, солар
бойынша да әрқилы жұмыс жасасақ, ұлы ұстаз алдындағы
парызымызды өтей түсер едік дейміз. Енді әрі қарай ұсынып
отырған кітабымыздың тақырып ыңғайына орай көрсетілген
міндеттердің бірді-екісіне көңіл аудартамыз.
|