Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет4/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Сөз құдіреті

әдістері туралы әңгіме болмақ. Бұл – заңды да. Өйткені көркем 
әдебиет – сөз өнері. Ал өнер шеберлікті қалайды. Бұл – баршаға 
аян ақиқат. М.Әуезов осы заңдылықты: «Күндегі құлаққа 
сіңген тозыңқы сөзден жазушының қаша сөйлейтіні бола-
ды. Әдейі өзінің тілін тақ-тұқ қана тіл етпей, шеберлік көрік 
іздегісі келеді. Кенеулі ойды да көрікті, әсерлі етіп айтпаққа 
талпынады... Жазушының көркем әдебиеттегі тілі тек жабайы, 
жұпыны ұғымның тілі болып қоя алмайды. Ұғым, түсінікпен 
қатар, ой мен сезімге де бірдей әсер етерлік айшықты тілмен 
әсем сөйлеу шарт», – деп анықтап береді. Өзіне де, өзгеге де 
осындай шарт қойған жазушының 20-жылдардағы повесть-
әңгімелерінен бастап, «Абай жолы» эпопеясының тілі – шын 
мәнінде «ой мен сезімге бірдей әсер етерлік» айшықты да 
әсем тіл екендігі зерттеуші түгіл, қарапайым жай оқырманға 
да жақсы сезіледі. Әсіресе төлтума тіліндегі «Абай жолының» 
ғажайып тартымдылығы, сүйсіндірер қасиеті – тілінің 
поэтикалық феноменінде.
Ол әрбір сөзді, әрбір грамматикалық тұлға мен тәсілді 
шығарма идеясы мен стиліне орайластыра «ойната» білген, 
жұмсай білген. Бұл жөнінде тиіп-қашып айтылып, көрсетіліп 
те жүр. 


10
«Айшықты тіл» жасаудың үлкен бір амалы – фразео логизм 
деп аталатын сөз тіркестерінің барын пайдаланып, жоғын туды-
руда. Екі шақпақ тасты бір-біріне соққанда, от ұшқыны пайда 
болатынындай, екі-үш сөзді бір-біріне тіркестіре жұмсағанда, 
көркемдік ұшқыны – тың образ туады. Ал сол сөздердің тіркесу 
қабілеттерінің ұшы-қиыры жоқ. Тек жазушылық шеберлігің 
болсын, тіл құдіретін сезе білетін дарының болсын және тілге 
деген зор жауапкершілігің болсын – сол күнде шығарманың 
көркемдік-эстетикалық қасиетіне тәнті боласың. М.Әуезов – 
бұл ретте де көп қызмет еткен, үлгі шашқан жазушы.
Образ – поэтика дүниесі. Ал поэтика тек өлеңге ғана емес, 
көркем туындылардың баршасына тән қасиет. 1955 жылы 
«Мәлік Ғабдуллинге жауап хат» деп жазған мақаласында жа-
зушы: «Прозаиктердің поэзияға мүлде қатынасы жоқ па екен? 
Сол прозаның өзінде, тегі, поэзия аз ба екен? Сіздер (яғни 
ақындар – Р.С.) іздейтін сан сезімдер поэзиясы, бейнелі образ-
ды сөздер, ырғақты, шешен де шебер сөз құрамдары, теңеулер, 
өрнектер аз ба прозада? Еміренген сезім мен тебіренген сыр-
лар ретінде: табиғат, махаббат, тағы талай армандар прозада 
болмай ма екен? Онда поэзиядағы кейбір өлең қатарындай 
келісімдер, құйылыстар, сиқырлы сөз құбылыстары аз кездесе 
ме?
1
– деп көркем проза поэтикасының қырларын көрсетеді. 
Өз қаламының ізіне қарап көрсетеді. Өзінің «Абай жолы» 
сияқты эпопеясының тіл құдіретін сезіп-біліп отырып жазған. 
Демек, М.Әуезов тілі – оқырманға эстетикалық ләззат беретін 
әсем тіл деген жалпы бағамызды айқындап-тарамдап бермек 
болсақ, оның барлық әңгіме-повесінің, романдарының, мақа- 
ла-очерктерінің, пьесаларының тілінің поэтикасын жоғарыда 
өзі атап өткен ракурстерден зерттеп, талдап көрсету керек
болады. Бұл жерде М.Әуезовтің көркем туындыларының тілі – 
зор қойма, кең полигон.
М.Әуезовтің көркем тілге келгенде қатты бір ден қойып,
назар аударғаны – сөз, жеке сөз, тілдің сөз қазынасы болатын. 
Сөз дегеніміз – тіл ғимаратын қалайтын негізгі кірпіш қой. Қазақ 
тілінің лексикалық байлығы жөнінен жазушы бірнеше қайта- 
лап айтып отырған. «...Бүгінгі біздің жазушылардан байқала- 
1
Мұхтар Әуезов Шығармалар. - Алматы, 1969. - XII том. - 141-бет


11
тын бір үлкен олақтық – көп жазушылардың сөздігі шағын, 
тілі кедей... Бірталай ақындарымыздың... еңбектеріндегі сөздік 
қорға келсек, жиыны бес-алты мың сөзден аса қоймайтын 
мүлкі ғана бар ма дейсің»
2
, – деп бір қынжылса, екінші бір 
жерде сол «сөздік қорды» қайдан алып толықтыру жөніндегі 
өз пікірін білдіреді.
М.Әуезов қазақ тілін сөзге бай тілдердің қатарына қосады. 
Сөйте тұра әлі де әдеби тіл айналымына түспей келе жатқан 
қыруар сөздің бар екеніне назар аудартады, лексикалық 
қазынамызды әлі де молайта түсу қажеттігіне көңіл қояды. Бұл 
толықтырудың көзі қайда, оны жазушы қайдан тапқан және 
өзгелерге қайдан іздеу керектігін қалай айтқан?
Алдымен, М.Әуезов әрбір сөзге ұқыптылықпен қарап, оны 
түсініп барып пайдалануды өзінің жазушылық талабына ай-
налдырса, екіншіден, әр шығармасының мазмұны мен жанры-
на орай сөз таңдау дегенді о бастан өзіне әдеби-тілдік тәсілдің 
бірі етіп ұстаған. Сол себептен қазақтың әдебиет көгінде 
көрінген тұңғыш драмалық шығарма – «Еңлік-Кебек» пье-
сасында халық данасы – көненің көзі Абыз қарияның аузына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет