Р. Сыздык 6-том indd


-БӨЛІМ ______________________________ ЖАЗУШЫ ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ



Pdf көрінісі
бет3/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Сөз құдіреті

1-БӨЛІМ
______________________________
ЖАЗУШЫ ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ
Мұхтар Әуезов – көркем сөздің пірі
Қайран Мұхаң – көркем сөздің пірі еді,
Абайымыз екеу болса, бірі еді.
Тілі барда халықтардың, қазақтың
Тірілермен тірілерше жүреді.
Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ
Мұхтар Әуезов тілін тану үшін...
Суреткердің тілі дегеніміз не? Оны тану, яғни зерттеу, на-
сихаттау, үлгі тұту сияқты іс-әрекетіміз не үшін қажет? Бұл са-
уалдар – тым жеңіл, қарапайым болып көрінгенімен, шындап 
келгенде, ойландыратын, көп сәтте ауыр соғатын «жеңілдер», 
дәлірек айтсақ, ғылыми проблемалар екені даусыз.
«Әдебиет – тілмен әдебиет». Бұл – Мұхтар Әуезовтің өз 
сөзі. Демек, жазушы мен ақын есімі аталған тұстарда, олардың 
суреткерлік келбеті, шығармашылық қызметі сөз болған сәт- 
терде оның тілі туралы да әңгіме қозғалуы заңды да қажет. 
Оның үстіне суреткерлік еңбегін ұлттық тілдің тарихына 
байланыстыра сөз ететін қалам иелері болады. Олар – тілдің 
белгілі бір кезеңдерінің негізін қалаушы, көшбасшысы немесе 
сол тілдің белгілі бір тарамдарының (стильдерінің) іргетасын 
бекітуші, тілдегі сапалық өзгерістерге мұрындық болушы деп 
танылатындар. Әрине, бұл қатарда екінің бірі емес, бірегейлер 
ғана тұрады. Қазақ әдеби тілінің тарихи жолында, Абай сияқ- 
ты, Мұхтар Әуезовтің де орны ерекше.
Абай – қазақтың жазба әдеби тілінің ұлттық кезеңінің бас- 
таушысы болса, М.Әуезов – сол тілдің көркем проза, драма-
тургия, публицистика, ғылыми әдебиет стильдері деп таныла-
тын тарамдарының іргетасын қалаушылардың ірілерінің бірі, 


9
көшбастаушыларының зоры. Ол: «Қазақ көркем прозасы рево-
люциядан бұрынғы кезде үлкен табыс, дәстүрге жетпегеніне 
қарамай, қырық жыл ішінде (мақала 1957 жылы жазылған. 
– Р.С.) анық, зор өріске жетті», – деп жазса, осы тұжырымды 
қазақ көркем прозасының тіліне де қарата айтуға болады. 
Тілді де сол «анық, зор өріске» шығарушылардың топ ба-
сында М.Әуезовтің өзі тұрды. Сол себептен М.Әуезов тілінің 
көркемдік-эстетикалық сипатын танумен қатар, оның қазақ 
әдеби тіліне сіңірген еңбегі, даму барысындағы орны, салған 
жолдары мен көрсеткен үлгілері деген тәрізді әңгімелердің 
бүгінгі ғылым-білімімізде орын алуы және қисынды.
Жазушының тілге, оның ішіңде ана тіліне, оның өткені мен 
бүгінгісіне, даму жолы мен бағытына деген көзқарасын біліп 
барып, сол жазушының өз творчествосының тілін талдап-тану 
дұрыс болмақ.
Әдетте, «жазушы тілі» дегенде, ең алдымен, ойға оралаты-
ны да, іздейтініміз де – оның суреттеу шеберлігі, көркемдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет