76
автордың даралық қолтаңбасы жайындағы азды-көпті таным-
түсінігімізді
әзірге осымен тәмамдап, енді әңгімелеріне
келгендегі шеберлік кестесін сөз етсек. Әрине, барлық әңгімесі
емес, бір ғана жинақтағы шағын туындыларының тілдік-
стильдік бітіміне көз салсақ...
Әңгіме жанрындағы көркемдіктің тілдік механизмі ро-
маннан
өзгешелеу келетіндігі, оның өз заңдылықтары (нор-
малары) болатыны аян. Әңгіменің тілдік-стильдік үні оның
тақырыбына, суреттелген оқиғаның (оқиғалардың) мезгілі
мен мекеніне, жазушының осы әңгімеде ұсынған идеясына,
көздеген нысанасына байланысты әр алуан болып келетіндігі
де мәлім.
«Жүрекке әжім түспейді»
жинағына енген әңгімелердің
жартысынан көбі дерлік бір кезеңді – кешегі өткен сұрапыл
Ұлы Отан соғысы тұсындағы адамдарды, олардың сол шақ-
тағы тұрмыс-тіршілігін, ой-арманын жырлайды. Соңғы
жыр-
лайды деген етістікті әдейі жазып отырмыз. Бұл әңгімелер –
жай суреттеу емес, «пәлен болды, түген болды» деп бір нәрсе
жайында
құр баяндау емес, соғыс кезінде қазақ аулында күн
кешкен жас балалар мен олардың аналары, апалары, кәрі ата-
лары, мүгедек болып келген ағалары туралы автордың жүрек
сөзі, жан даусы, прозамен келген поэзия үзіктері дер едім.
Өйткені бұлардың барлығында автордың айтпағы – Барыс-
хан бала мен оның анасы – Айшаның, Хадиша апасы мен
Аталық
атасының, жалаң аяқ қалып мектепке бара алмаған
Ноян баланың, интернаттың нанының арқасында оқуын үзбей
келе жатқан ауыл балаларының соғыс кезіндегі адам төзгісіз
ауыр тіршілігін көрсету ғана емес, сол күйбең тірлікті суреттей
отырып, Барысхан мен Айшаның, Хадиша мен Аталықтардың
жан дүниесін, рухани әлеуетін таныту болса керек. Соғыс
кезінің қазақ аулындағы ауыр халі – фон. Осы фон – қажырдың
қайрағы. Ол қайрақ Барысханды да, Ноян баланы да, интер-
нат нанын талғау етіп жатқан жеткіншектерді де қазақтың
бүгінгі ар-ұжданы жоғары, адал,
ақылды атпал азаматтары
етіп қайрап шығарған. Бірақ мұны жазушы айтпайды, оқырман
өзі осылай түйсінеді. Бұлайша түйсіндіру үшін жазушы ащы
шындықты ешқандай әшекейсіз, тұспалсыз, ашық суреттейді.
Әрбір көрініс, әрбір іс-әрекет өз атымен аталады, сөйлемдер де
нақпа-нақ, қып-қысқа.
77
Ноян тау жаққа қарады. Тауға таяуда белуарына дейін қар
түскен. Соны көріп, өзінің жалаң аяқ екенін тағы есіне алды.
Ноян әскердегі ағасына хат жазып қойған, бірақ қалтасында
жүріп тозды. Хаттың соңында ағасынан бір бәтеңке ала келуін
өтінген (21). Әрі қарай осылай баяндала береді. Сөйлемдерде
бірде-бір әсем эпитет, күтпеген теңеу, астарлы метафора жоқ,
өйткені дәл осы әңгімеде, Ноян баланың шынайы халін сурет-
теуге олардың қажеті жоқ.
Әңгімелердің нақты шындықты суреттейтін жалпы стилі
диалогтерді беруде де көзге түседі. Мұнда кейіпкерлер күн-
делікті тұрмыста өзара түсінісетін ауызекі сөйлеу машығынан
жазбайды. Сөйлеу тілінде
эмоцияны білдіретін одағайлар,
қаратпа сөздер жиі қолданылады.
– Ойбу, мына жаның шыққыр қайтеді, сонша әкесі өлгендей
асыққаны несі!... Әй, Жанар, Жекен-ай, аман бол, айналай-
ын, айналайын, қарақтарым, әшейін, садағаң болайын, шырақ-
Достарыңызбен бөлісу: