74
– Иә, болыстың Қалдыбек деген баласы айтыпты ғой.
– Жо, Тұрар, Қызыл жебе сияқты асыл жылқыны ешкім де
соймайды,
– Қайдам... (76).
Мұнда диалогті құрайтын кейіпкерлер сөздерінің келтелігі
былай тұрсын, тіпті авторлық ремаркалар да жоқ. Авторлық
ремаркалар мен төл сөзді дәнекерлейтін
деді, деп, деп айтты,
деп сұрады сияқты сөздерді жазушы мүмкіндігінше кемде-
кем жұмсауға тырысады (әрине, тағы да мүлде жоқ деуге бол-
майды). Бірнеше кейіпкер қатысқан «ұжымдық» диалогтер,
өзге
шығармаларда сияқты, мұнда да авторлық ремаркасыз
құрылады:
– Әй, сен шық, сен шық, – деп жас келіншектер әзілдесіп,
бірін-бірі итермелейді.
– Қараң қалсын, төбемнен төмен қарап алтын құйса да
бармаймын! Өзің шық, өлігіңді көрейін!
– Дүйім халық тұрмақ, менің тыр жалаңаш тәнімді өз
күйеуім де көрген емес, о несі!
– Сұмдық-ай! Мұны ойлап тапқан қайсысы?
– Байлық не істетпейді, бар не дегізбейді, жоқ не жегізбейді,
есірді ғой...
Ендігі ермегіне осы қалыпты, – десіп күбір-күбір, сыбыр-
сыбыр гуледі (314).
Бұл жерде диалогтің бірінші және соңғы тізбектері ғана
авторлық ремаркамен келген, ал ортадағыларында автор
сөздері жоқ. Бұл тәртіп – тек Шерхан қаламына ғана тән емес,
жалпыға ортақ норма. Сондықтан жазушы бірнеше кейіпкерді
қатарластыра, жарыстыра сөйлеткенде,
өз анықтамаларымен
(ремаркамен) сөз қатарын ауырлатпауға тырысады, өйткені
мұндай сәттерде көп кімнің айтқаны, неліктен солай деп
айтқанын білдіруде емес. Қай кейіпкер қай сөзді айтса да,
барлығының сөзі тұтасып, мағыналық-синтаксистік бір моно-
лит құрайды. Бұл да – абзац сияқты, синтаксистік тұтастық бо-
лып танылатын тәрізді (бұл құбылыс, менің әзірге білуімше,
бізде әлі зерттелмеген тәрізді). Синтаксистік тұтастық (син-
таксическое целое) категориясын танып-білу көркем шығарма-
ның, әсіресе прозаның үлгілерінің тілдік-стильдік табиғатын
ашуға көмектесері сөзсіз. Бұл – синтаксис мамандарына айтып
жатқан тілек-талабымыз.
75
«Қызыл жебенің» композициялық-стильдік құрылымында
екі ұдайылық (пландық) ерекшелік бар: шығарманың 2-кіта-
бының әр бөлімі кейіпкердің (Рысқұлдың) айтылмаған моно-
логі, армандаған ойы, жіберілмеген хаты ретінде тырнақшаға
алынған үлкен бір (бірнеше беттік) монолог түрінде ұсын-
ылған, оны өзгеше шрифт –
курсивпен теріп, текстің бұл
құрылымдық-компонентін (бөлігін) тайға таңба басқандай етіп
берген. Бұл монологтар тек мазмұнымен емес, тілдік-стильдік
бітімімен де ерекшелеу келеді: әрқайсысының «Оян, Тұрар!»
деген қайталама анафорасынан бастап, көріктеудің алуан
көрінісіне тап боламыз. Мұнда айшықты эпитет, теңеулер де,
астарлы атаулар да, ұйқасты параллельдер де бар. Мысалы,
Рысқұлдың каторгіде жүріп баласы Тұрарға арнаған сөзінен:
Менің аласапыран өмірімнің тұтқасы, мені адам етіп сақтап
жүрген арманымның алыстағы шығарданы –
ұлым Тұрар!
деген бастамасының өзінде
аласапыран өмірдің тұтқасы,
арманның шығарданы сияқты перифрастық эпитеттер,
тағдыр
деген – төбет; жанымның сірілігі –
сенің құдіретің; талабым
тайды жейтін бөрідей едім; дүние мен үшін – бұраңдаған
бір қисық жол дегендей метафоралар,
қара сұр қорғасындай
Байкал, даланың түсіндей кер құла ат тәрізді теңеулерді (430-
437),
қымқа кигізбеспін, күреңді мінгізбеспін, бірақ бір арман...
(430-437)
сияқты жолдарды оқимыз.
Романдағы жалпы баяндалу
барысында автор Рысқұлды
еш жерде бұлайша сөйлетпейді, ол шындыққа жатпас еді. Ал
бұл жердегі Рысқұлдікі дегенмен, сөйлеп (ойлап) отырған –
Рысқұл емес, автор. Себебі бұл «отау бөліктер» – автордың
лирикалық шегіністері. Олар кейіпкерлердің ойы, хаты, сөзі
ретінде берілгенмен, сөз саптау – кейіпкердікі емес, автордікі.
Сондықтан мұнда
каторга, тайға, революционер, Сибирь,
Достарыңызбен бөлісу: