93
қазанның түбіндей қап-қара түн дей салса да бо лар еді, бірақ
бұл тұрақты (кәнігі) көп теңеудің бірі болып шықпақ, ал бұл
қаралықтың қаңдай қазанның (күні-түні оттан түспейтін,
күйелеш, оттан түспейтін себебі –
ол ырысты үйдің қазаны)
түбіне теңелуі осы жерде көркемдік үдесінен шығып тұр.
Бұл – дәстүрлі теңеудің кеңейтілген (күрделенген) түрі бол-
са, Ә.Кекілбаевтың көптеген теңеулері – тосын, бұрын-соңды
кездеспеген образдар бо лып келеді. Мысалы, Тевкелевтің
ұзақ етіп, шиырып жазатын қолын (почеркісін)
«аңшының
тазысының құйрығындай шиыршық атып тұратын шимай
жазу» деп суреттейді. Сірә, бұл – орыс кеңсесіне кызмет
етуші Тевкелевтің орыс ша жазуы туралы болуы керек, өйткені
шиыршықтап жазу сол кездегі сәндеп жазудың бір шарты
болғаны мәлім, ал ондай шиыршық атқан нәрсе қазақтың көз
алдында тазының құйрығы болып елестейді.
Абстракт ұғымдарды нақты затқа,
оның ішінде де қара-
пайым тұрмыстық заттарға теңеу өте әсерлі шығады. Мы-
салы, Әбілқайырдың орыс елшілігін күтіп алаң болған көңілін
«күні кеше қымыранның бетіндей, көпіршіп шыға кел ген
желбірек көңіл» (23) деуі – қазақ құлағы үшін түсінікті об-
раз. Бұл қатардан жазушының теңеуге алған:
«ішіне құйрық-
бауыр салып құдаларға ұсынған қара тегештей дөңгелек
алқап...
кемпірдің қолынан жел алып қашқан шүйкедей боп
тұман кілкиді...,
арлан бөрінің азу тістеріндей андыздаған ақ
тұмсықтардың арасынан
жалғыз сабақ ине жіптей ширатыла
құлаған жіңішке жол... көк теңізге барып бір-ақ тіреледі» (446)
деген тосын образдарын да көруге бола ды. Бұл мысалдар бір
абзацта шоғырланып келген.
Егер жай информативтік баян-
дау болса, жазушы көрсетілген теңеулерсіз:
«дөңгелек алқапта
тұман кілкиді, ақ тұмсықтардың арасынан
жіңішке жол теңізге
барып бір-ақ тіреледі» деп жаза салар еді, мұндайда оқырман
тек алқапта тұман болғаны, жолдың теңізге барып тірелгені
жайында жай ғана хабар алған болар еді, бірақ алқапты да,
жолды да, тіпті тұманды да дәл осы жерде баса суреттеу ке-
рек болып отыр, олардың бұл жердегі сюжет үшін маңызы
бар, сондықтан жазушы оларды бейнелеп көрсетеді, бейнелеу
қызметін теңеулерге артады.
Әрине, «Үркердің» беттеріндегі теңеулердің барлығы – осы-
лар емес, мұнда тұрақты теңеулер де, жоғарыдағыдай авторлық
94
теңеулер де едәуір. Әңгіме – олардың бар екендігін көрсетуде,
айтуда емес (бұлар қай шығармада жоқ?), теңеуге алынған об-
раздардың сипатында (олардың «қазақтығында», ескі тұрмысқа
қатысты негізінде) және бұл сипатты жазушы не себептен
қалап алғандығында, яғни айтпағымыз – Ә.Кекілбаевтың тілі
талданып отырған тарихи романында кездесетін теңеулерінің
басымы әсерлі
образдарға құрылатындығы, ол образдардың
қазақ қауымының өткен кезеңдердегі өмірінен, танымынан
алынатындығы, мұндай теңеулердің көбі –
авторлық болып
келетіндігі және тосындығымен, сонылығымен аса әсерлі,
ұтымды шыққандығы. Бұл да – шығарма тілінің көркемдік си-
патын көрсететін елеулі белгінің бірі демекпіз.
Көркем шығарма тілінің поэтикалық бояуы тек образ ды
эпитеттері не теңеулерімен ғана танылмайтыны мәлім. Бұл
сипатты шығарма тілінің әр тұсынан іздеуге болады.
Шағын
бір контексте жеке сөздерді қайталап отырып, «ойнату» бар ма,
аллитерациялатып, ассонанстатып, үнін «тамылжыту» бар ма,
қайталама тәсілін қолдану бар ма – осылардың барлығы белгілі
бір стильдік мақсат көздей, шебер (орынды) қолданылса,
шығарма тілін әсерлі, көркем етіп шығарады, демек, көркемдік
пен әсерлілік поэтиканың желісін тартады. Бұл реттен келген-
де, «Үркердің» беттерінен осындай үнді (сипатты) үркердей
шоғырланған текст үзіктерінен көреміз. Және бірер жерінде
емес, әлденеше жерінен қалай оқып, қалай тәнті болғанымызды
сезбей де қалатын сияқтымыз. Бір-екі ғана мысал келтірелік.
Тевкелевтің ойымен баяндалған бір тұста автор
көк, көз, көлку,
Достарыңызбен бөлісу: