Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет37/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   128
Сөз құдіреті

қырғи қабақ жау (47), кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген 
(140), жарық өкше, жалаңаш балтыр егінші (28), қырық 
құйқылжыған қырқылжың дау (81), шонданайын шортандай 
шоршытқан-ды (81) деген бейнелі тіркестері аллитерацияға 
құрылған болса, алқымынан ала кетер, арқасына сала кетер 
(68), айтқаны болып, атқаны тиіп... тұрған абыройлы шағы 
(70)... ал өз қолыңнан өрге сүйреп, өркенін өсірген тұқымың 
өле-өлгеніңше... сияқты образдары ассо нанс түзей жасалған. 


89
Бұлардың барлығы да – жазушы қаламынан туған авторлық 
дүниелер.
Индивидуалдық образды параллельдердің енді бір тобы 
ұйқасқа құрылған болып келеді, әрине, ол – өлеңдегі сияқты 
аяққы ұйқас емес, параллель құрылымның компонентінің ішін- 
де өзара ұйқасқан сөздер болады. Іштеріндегі бір сөзі ұйқасып 
келген параллель құрылымдар Ә.Кекілбаевтың екі кітабында 
да едәуір мол кездеседі. Молдығы сондай, олар кейде тұтас аб-
зацты алып жатады:
Қолына тізгін тимесе де, еліне елеулі, халқына қалаулы 
азаматтың басы алтын, құйрығы күміс ботаға буаз боз інгендей 
жапырып отап, сапырып суламай, тыраңдап аунапбұртаңдап 
туламай, өз қадірін өзі біліп... анық баспағы шарт (169). 
Әрі қарай да осылайша ұйқасты құрылымдар кетеді. Келесі 
мысалдар да ұйқасты сөздермен келген параллельдерді таны-
тады:
Жау сұғына түсем де, қазақтың жүні жығыла түседі (122). 
Ай астының зоры болам деп жүргенде, өз ұяластарының қоры 
бола жаздапты ғой (275). Жайса – белге, жапса – көлге сыймай-
тын мал (278). 
Ал мына мысалдар ұйқастың басқа үлгісіне жатады. Бұл 
жердегі «ұйқас» дегеніміз – шартты, яғни ұйқасқан сөздер ды-
быс үйлесіне қарай емес, сөз құрамына қарай, яғни морфемдік 
сөйкестіктерге қарай қатарласады: көзінің сұғы мен бетінің 
сұсы мол Абдолла (53). Қазақтың желкөз керегесінің аржағында 
желбуаз әңгіме жетпей қалушы ма еді? (141). 
Бұндағы ұйқас – дыбыстық емес, морфемдік екі сөздің 
құрамында бір сөз келіп тұр (жел–жел). Бұл – өте сирек 
кездесетін тәсіл. Мұндайда морфемдес (сөз құрамына енген 
бөліктердің біркелкілігі) сөздер айтпақ ойға сай болуы керек: 
желбуаз әңгіменің қазақ ортасында тез жайылатынын бейне-
леп айту үшін сол ортаның айналасын «желкөз қабырғаның 
аржағы» деп беру дәл түсіп тұр. Жазушы осындай сирек 
«ұйқастарды» табуға келгенде ізденімпаздық танытқан. Мыса-
лы, «Елең-алаңдағы» мына сөйлемде морфемдес қатар парал-
лель құрылымдар емес, бір сөйлемнің ішінде келтірілген:
Бірақ қашан көрсең де асығыңды алдап ұтып алғысы 
келіп жүретін жылмың төс балалардай, сыр бермей жымпи-


90
ып жүретін жылмақай неменің бүгін езуіне ие бола алмай, 
жымыңдай амандасып, жымыңдай қоштасуында бір гәп бар 
шығар («Елең-алаң», 1984,11).
Бұл – Абайда түбірлес сөздердің өлеңнің бір тармағында 
немесе қатар келген жолдарында, кейде бір шумағында келіп, 
үн гармониясын жасайтын тәсілдің
16
көркем прозада да сирек 
болса да орын алатынын көрсетеді.
Тегі, шығарма тілін образдап (поэтикалап) жіберуге Ә.Ке- 
кілбаев өте шебер, оның аузынан бейнелі, әсерлі, әуезді сөздерді 
«Құдай тағала», яғни қалам таланты лақ еткізіп төге салады.
Малы мен жаны өскен, бірақ әлеуметтік орны төмен ру-
ластарды жай атай салмай, «тоқалдан туса да, топылдатып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет