97
жалба тымақ көшпенділер шығар (186).
Суайттар күрек
тістері көстеңдеп сөйлей жөнелгенде (187);
қайдағы бір бар-
жоғы белгісіз қаңғырма халықтың қайдағы бір бар-жоғы
белгісіз қаймана ханына жер түбінен елші шаптырып...
(188); ен далада өз көлеңкесімен өзі
жарысып жүрген әуейі
көшпенділерді (188).
Бұлардың бәрі – авторлық баяндау, бірақ сөз – онікі емес,
автор өз халқын бұлайша қорлап атамас болар. Шығарманың
біраз тұстарындағы авторлық баяндаулар Тевкелевтің ойы етіп
берілген (226, 327, 377-беттерді оқыңыз).
Ал кейіпкер тіліне келсек, әрине, жазушы ханды хан ша, биді
бише, Итжемес қаңғыбасты Итжемесше дегендей, әрқайсысын
өзінше сөйлетеді, бірақ қазіргі ешбір қаламгер бұдан екі-
үш ғасыр бұрынғы қазақтардың күнделікті тұрмыстағы
сөйлеу тілін бұлжытпай дәлме-дәл бере алмасы хақ (өйткені
оның үлгісі сақталған емес), бірақ ауызша сақталып жеткен
шешендік сөздер мен
өлең-жырлардың тіліне қарап, би, хан
сияқты адамдардың сөздерін шамалап беруге болады. Мұны
Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Софы Сматаевтар өте жақсы
игерген. Олардың әсіресе би кейіпкерлері, хан-ханымдары
сөйлеп кеткенде, қазақтың шешен сөзіне тәнті боласың.
«Үркердегі» Мәті бидің сөздері, Төле бидің монологтері
осыған куә. Мәті – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидей ел
тағдырын ұстаған атақты тұлға болмағанмен, ақыл-ой мен
қызыл тілге келгенде, нағыз шешен,
қарапайым халықтан
шыққан жезтандай.
Жазушы билерді шешен тілде сөйлеткенде, шешендіктің
тілдік-көркемдік белгілерін (механизмін) жақсы келтіреді: ең
алдымен, олардың сөзінде үлкен логика, қисын, дәлел болуы
керек, екіншіден, мұнда экспрессиялы сөздер, әсерлі эпитет-
тер,
қонымды теңеулер, ұйқасты-ырғақты құрылымдар орын
алуы керек. Мәті қарт жас жігіт Әбілқайырға түсін жорып,
кеңес бергенде:
– Шырағым, алыстан орағытып сөйлегеніңе қараған да,
ақылды жас боларсың. Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның
дегенін
істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді
әзір көре қоймадық.
Өйткені ақылға айтқызсаң,
қапысыз іс,
қатесіз сөз болмайды дейді, ең дұрысы – ештеңе айтпаған,
98
ештеңе істемеген дейді... Мен білсем, мына заманың тап
ақыл
Достарыңызбен бөлісу: