Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет42/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128
Сөз құдіреті

сұрамайды, абырой сұрайды. Бұл заманда абыройдың да аты 
өзгеріп кетіпті. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел 
дегенің – есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын 
күдіре желке көк төбет сияқты.Ол да үйінің сорпа-суаны мол 
дәулетті кісіге бітетін көрінеді. Сонсоң да, балам, біз секілді 
сөз деп аталатын қотыр шыбыштың шандырын тартқылай-
тартқылай, оны да әбден ақта қып суалтып жіберген, күні 
өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап 
дәулет қуып, дәурен іздеген, жалыны қайтпаған жастарға үйір 
болғаны дұрыс. Тәйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау де-
ген сөз бе екен! Ол үшін үлкенге ізет, қатарға құрмет, ініге 
ілтипаттан басқа не қажет болушы еді! Бұл жұрттың соңына 
ереміз бе деп үміттенетін азаматынан бар дәм етері сол-ақ қой! 
(53-54).
Міне, осы бір кішігірім монологте шешен сөзге тән бел- 
гілердің көбі бар: текстің айырып көрсетілген тұстарына назар 
аударсақ, әсерлі теңеулер де, тұлғалас параллельдер де, астар-
лы, метафоралы тіркестер де, ассонансты, аллитерациялы бо-
лып келген сөз қатарлары да көзге түседі.
Үш беттік (89-91-беттерде) етіп келтірілген, үш арыстың 
төбе биінің бірі – Төле би кесігін (сөзін) бергенде, жазушы 
шешендіктің, яғни билер сөзінің нағыз үлгісін көрсеткен:
Бір кезде қазақ десе, арланатын жұрт едік, енді, міне, қазақ 
десе, мақтанатын күнге де жетіп отырмыз, – деп бастаған 
Төле бидің сөзінде көрсетілгендей ұйқасты сөздермен келген 
параллель құрылымдар да бар: қазақтың төбе шашы дудырап 
жерден шыққан, екі аяғы салбырап көктен түскен ештеңесі 
жоқ; Құдайдың аузынан, пайғамбардың белінен түспегеніміз 
белгілі, сөйлесек тіліміз бар, ұстансақ дәбіміз бір, шыққан 
тектерің мен кешкен кептерің...
Шешендік сөздерде, әсіресе айшықты эпитеттермен не месе 
бейнелі етістіктермен келген бірыңғай мүшелер жиі кездеседі: 
бармаған жері, баспаған тауы, кешпеген дәурені қалды 
ма... өкпе көтерісіп, төбе өлшесіп, білек салыстырмайық... 
айдағаны – жылқы, төсенгені – тоқым көшпенді жұрттың 
ордасы қай суға орнамай, қай сайда құламай жатыр... бүтін 
көйлек пен булы қазанның желіне мастанып... тағысын тағы 


99
осы сияқты әсерлі құрылымдар сөйлем сайын кездеседі. Төле 
бидің аузынан шыққан бұл кесікте жазушы халық тіліндегі 
дәстүр лі фразеологизмдер: жұлдызы жанып шыға келу; 
бөркіміз дағарадай бола бермесін; аттың малы, түйенің 
қомы; ордамыз он санға ыдырап, оң жағынан отау тігіп бер-
ген; ортадан ойып орын алдық; ат құйрығын үзісу; ормандағы 
орыстың қанжығасында өңгеріліп кету; айдалада аңырап 
қалу; түтіні бірге шалқу сияқты бейнелі тіркестерді де келтіруі 
орынды: билер сөзінің көріктеуіш элементтерін шығарма авто-
ры бастан-аяқ өзі жасап ұсына бермей, ара-арасында халықтың 
тіл тәжірибесіндегі дағдылы образдарды қосып отырғанда, ол 
сөздің нанымды шығары даусыз.
Ә.Кекілбаев барлық кейіпкерді бұлайша шешенсітіп қой- 
майды, тіпті шешендердің өзі топ алдында емес (шешендік 
сөздің бір шарты оның әлеуметтік үні болуы қажет, яғни ол 
шаршы топ алдында айтылатын сөз болуы керек), оңашада 
жеке сөйлескенде, бұлайша образдатып, мақалдатып-
мәтелдетіп, ұйқастырып, үндестіріп отырмайды, жазушы бұны 
да жақсы берген. Мысалы, Әйтеке би Әбілқайырға оңашада 
ақыл айтқанда:
– Тегің – сұлтан. Басың – жас. Көрерің – алда. Жігіттің есі 
кіретін тұсқа енді жеттің. Алаштың алмағайып заманы таусыл-
мас. Төренің бағы – қарашының қайраты. Қарымдыдан құрдас 
жиғаның жөн екен, – дейді. 
Әрине, бұл қысқа сөздің өзі қарабайыр емес, бидің аузы-
нан шыққаны келте-келте қайрылған алғашқы сөйлемдерде, 
одан кейінгі тұжырым іспеттес ақыл сөз де жай өзара ауызекі 
сөйлесу үрдісінен бөлекше. Сірә, жазушы шеберлігінің бір 
қыры әр нәрсенің (бұл жерде шығарма тілінің әр сәтінің) ша-
масын, сәйкестігін жақсы сезіп отыруда болса керек.
Билерді сөйлетуде «Үркердің» авторы, сөз жоқ, кітапхана 
қорларындағы, жарияланған материалдардағы шешендік сөз 
үлгілерімен өте жақсы танысқан болуы ке рек. Мәртебедегі 
құрылтай жиын тарқарда жиналған халық үш бидің «ертең 
елге барғанда айта жүретін сөздерін» тыңдағысы келгенде, 
олардың заман құлқы жайында, жастық хақында, жомарттық 
пен сарандық, ұл мен қыз жөнінде кезектесіп айтқан сөздерін 
жазушы, сірә, сақталған мұралардан алған болар (сәл-сәл «ре-


100
дакциялап» болса да), ал өзі құрастырып ұсынып отырған бол-
са, ол күнде Ә.Кекілбаевты қазақ билерінің нағыз ізбасары, 
ғажап жалғасы деуіміз керек, егер бүгінде билер комитеті (ко-
миссиясы, министрлігі) деген сияқтылар дүниеге келер болса, 
оның басшысы да, биі де – Әбіштер болған болар еді дейміз 
ғой (жоғарыда айттық, шешендік – туа біткен өнер, мүмкін 
тұқым қуалай даритын, «шынжырқатар» түзетін қасиет болар).
Енді жазушының өзі таңдап жиі қолданған, өзіндік мәнерін 
танытатын және жоғарыда көрсетілген құбылыстардан өзге 
ерекше тұстарына назар аударалық. Ол тұстар стильдік 
амалдарға қатысты болып келеді. Шығарма тілін көріктеуде 
қайталама құбылысы – өте ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан 
табылады. Ол – стильдік категорияға жатады. Атының өзі ай-
тып тұрғандай, қайталама
18
дегеніміз – бір сөздің (не тіркестің, 
сөйлемнің) бір сөйлемде, не абзац, шумақ сияқты микротексте 
қайталанып келтірілу тәсілі. Кайталаманы суреткер көркем 
тексте әр алуан стильдік мақсат көздеп жұмсайды.
Ә.Кекілбаевтың тарихи романы – «Үркердің» тіліне тән 
бірден-бір актив қолданған тәсілін атай қалсақ, осы кай-
таламаны көрсетуге болады. Жазушы бір микротексте жеке 
сөздерді қайталап келтіреді. Мысалы: От төңірегі – найзалары 
шошаңдаған күйек сақал еркектер. Бастарында – жалтылдаған 
темір дулыға, үстерінде – жалтылдаған темір сауыт, белдерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет