Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет40/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   128
Сөз құдіреті

көлгір сөздерін «іске қосады»:
Бәрін қойып анау көлкіген көкжиекке қарашы! Көк найза-
сын самсатып, жер қайысқан қалың қол жатқандай емес пе! 
Иә, иә... Бірақ ол қазір көзден бір-бір ұшып жоғалатын ал-
дамшы сағым ғана. Алайда дәл осы көлгірдің көз алдындай 
көлкіп тұрған көкжиекті мәңгі-бақи бүйтіп сағым шалып 
қана жатпаған. Оны талай-талай көк найзалар да көлкештеген. 
Бірақ олар да артынан көзден көк сағымдай бір-бір ұшып ғайып 
болған! Иә, бұл көл-көсір көкжиектен кімдер келмеген, кімдер 
кетпеген? Анау көк мұнардың ортасынан күндей күркіреп 
һундер де өтіпті, сақтар да, түріктер де, маңғұлдар да өтіпті. 


95
Бәрі де осындай көз ал дында көлкіп тұрған көркем көріністен 
көңіліндегі әншейін буалдыр елеске айналып... өткінші көк 
сағымның кебін киіпті (213-214).
Бұл – сәл қысқартылған бір абзац, бір микротекст. Мұнда 
неге бәрі «көгеріп, көлкіп» кеткен? Автор бұл жер де көз бен 
көк сөздеріне неге қызыққан? Көркем шығарманың сыры – сон-
да, бұл жерде әрбір сөз жүк арқалап тұр, бұл сөздерді алғанда, 
жазушы өзі келе жатқан кең даланың тарихына үңілген дипло-
мат Тевкелевтің ойы мен көзін есте ұстаған: оқыған-тоқығаны 
мол Тевкелевке өткен тарихтың өзі көк мұнар сияқты алыстан, 
көмескі көрінеді, келе жатқан жолы да әзірге немен бітері 
белгісіз мұнартып тұр – осыны баса білдіру үшін сол мұнарға 
тігілетін көз де, көлкіген көкжиек те көк найзаға сапқа тұрған, 
стильдік жүк арқалаған сөздер санын құраған. Бұл құбылыс 
текст түзімі (текстообразование) дегенді танытады. Бір ми-
кротексте сөзге стильдік қызмет үстеп, бірнеше қайталап 
қолдану – текст түзімінің бір амалы. Жазушы бұл құбылысты 
едәуір жүйелі түрде көрсеткен. Көк, көз сөздерінің стильдік 
магнитінің күштілігі сондай, текст ішінде бұлардан басқа да 
көлкештеген, көл-көсір, күндей күркіреп, көркем көрініс, кебін 
киіпті сияқты сөздер дыбыстық жағынан олармен аллитерация 
қатарын түзіп, үн гармониясын жасаған. Бір қарағанда, мұндай 
микротекстер көп сөзділеу, қызыл сөзділеу болып көрінуі де 
мүмкін, бірақ олар баяндау желісіне зиян келтірмейді және 
шығармада көзделген негізгі идеяны аша түсуге көмектесетін 
қосымша жағдай туғызады.
Кейіпкер бейнесін жасау немесе белгілі бір оқиғаны
құбылысты, іс-әрекетті баса көрсету мақсатымен жеке сөздер 
мен тіркестерді стильдік объект ету де – жазушы шеберлігінің 
айнасы. Бұл тұрғыдан «Үркердің» бас кейіпкері – Әбілқайыр 
ханның ішкі-сыртқы портретін жасауда автор сұр, ақ сұрсұп-
сұр сөздерін іске қосады. Ә деп басталғанда, Әбілқайыр «сыз 
қабақ, ақ сұр кісі» деп суреттеледі, бара-бара бұл есімге жа-
наса сұп-сұр жүз, сұп- сұр қалпы деген сияқты сөздер жүреді, 
бұл мінездеме әсіресе Әбілқайырдың ұрыс үстіндегі не Тевке-
лев келгеннен кейінгі арпалыс үстіндегі күй-қалпын білдіруде 
жиі кездеседі. Бұл сөз тек Әбілқайырдың бет-жүзінің келбетін 


96
көрсетпейді (қазақ хандықтарының тізгінін ұстаған немесе 
қазақ ортасында өмір кешіп келген хан-төре әулетінің көбінесе 
беттері сопақ ашаң болып келгені белгілі), сұп-сұрлық – ханның 
ішкі портретінің көрсеткіші. Сұп-сұр болу, бір жағынан
үлкен тартыста, арпалыста, тебіренген ойда жүрген адамның 
сыртқа тепкен келбетін танытса, екінші жағынан, сұп-сұрлық – 
Әбілқайырдың үміті мен қаупін, қуанышы мен ренішін, қайраты 
мен осалдығын арпалысқан, аңдыған ұяластары мен би, батыр 
сияқты ел тізгінін ұстағандарға білдірмеудің, сыр бермеудің 
қалқаны. Оны жазушының өзі айтады. Тевкелев елшілігінің 
тізгіні өз қолына біржола өткеніне қуанған Әбілқайырды су-
реттеген жерде автор:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет