174
– перифраздың ең бір жақсы үлгісі. Әкесі айтқан сөздің ауыр
тигенін
қыраулы сөздің сызы табанынан өткенде деуі де –
бейнелеп атау. Бұл сөйлемде және бір перифраздық қолданыс
бар, ол –
егіз жолдың маңыраеан сыңары. «Жетім қозы тас
бауыр» деп басталатын мәтелдің екінші компонентін (бөлігін)
автор осылай атайды. Бұл жерде
маңыраған сөзі Сәруардың
есіне түспей тұрған компонентті енесін іздеп маңыраған қозы
деп астарлап атауы да – перифраздық тәсіл.
Оқырман сезіміне әсер ететін
эмоциялы-экспрессивті бұл
амалды «Бесіннің» өн бойынан жиі кездестіреміз. Әңгіме
мұндай тұспалды атаулардың текст ішінде әйтеуір кездесе-
тіндігінде емес, олардың осы шығарманың жалпы поэтикалық
үніне сай түсетіндігінде және көбінің күтпеген жерден жасал-
ған сонылығында:
бұқпаторғайлыққа қоңсы қонып алу
(«тайсақтау, батылсыздану»),
көмейіндегі қомдаған сөзді ұшы-
ра алмай... кәрі жүрегінің жыртық жабығынан сығалағыш
болып алды... үрей қанатын жайып қабынып барады... Сәруар
бір зерен уды осы ойдың ауылынан төңкеріп алғаны да рас...
Міне, бұлардың әрқайсысы авторлық перифраздар болып
келеді де шығарма тілінің бояуын түрлендіре, құбылта түседі.
Теңеулер де – көріктеу құралы. Көркем шығарма тілі тең-
еусіз болмайды, бірақ теңеулердің де теңеулері бар: кәнігі
(үйреншікті, дағдылы, жалпытілдік) теңеулер, бейнелі (образ-
ды) теңеулер, астарлы, екітанымды теңеулер,
әжуа-сықақпен
келген теңеулер т.т. Осылардың үстіне біз кейбір жазушылардың
күтпеген тосын теңеулерді іздеп тапқандарын қосамыз. Сондай
теңеулер Асқардан да едәуір табылады. «Бесіннің» тексінен
-
дай/-дей жұрнақтарымен келген немесе
секілді, сияқты,
тәрізді деген сөздермен жетектелген теңеулермен қатар,
сыртқы
белгісі жоқ, іштей (мағыналық жағынан) танылатын
теңеулердің небір түрін кездестіреміз:
Достарыңызбен бөлісу: