175
Келесі мысал: «
Бұтынан бұзау өткендей ұзын сирақ офи-
цер» деген сөйлемдегі теңеу қазақы таныммен астарласып жа-
тыр. Әдетте аяқтары қысқалау келетін қазақтар үшін сирағы
ұзын орыс адамының «бұтының арасынан бұзау өткендей» бо-
лып салыстырылуы – заңды.
Бұрын-соңды қазақ көп теңемейтін ұғымдарды да жа зушы
сәтті тауып алған:
ұйғырдың қамырындай заң-закүн... Бұл –
ұйғыр, қытай т.б. халықтар дайындайтын лағман де ген тағамға
созылатын
қамырға өзгеріп, бұлтарта беретін заң-закүнді
теңестіргені.
Елдің жілік майы дерліктей азаматы деген де –
күтпеген салыстыру.
Теңеу – таным нәтижесі. Сондықтан теңеулердің дені этно-
графиялық, ұлттық сипатта болады. Мысалы, Төрехан өз жа-
сын саба түбі сарқындыға теңесе, орыс империя сының төресін
ширатылған су сінді қыл шылбырға балайды, автор Төреханды
тай сабаға, баласы – Сәруарды құла қайың тегенеге теңестіреді.
Бұл теңеулердің барлығы да қазақ өмірінен, қазақ танымы-
нан алынған. Асқарда жа санды әлеміш теңеулер жоқ. Демек,
халқы үшін жан пида етіп отырған әке мен баланың көзімен
баяндалған
әңгімеде теңеу, салыстыру, дүниетаным дегендер
нағыз ұлттық, нағыз қазақтық болып ұсынылған.
Қазақ тілі ұйқасты, ырғақты, айшықты сөз орамдарын жасауға
келгенде, дәстүрі мол, аса бір икемді тіл екендігі мәлім. Ол
байлықты мақал, мәтел, нақыл сөз сияқты халықтық қазынадан
да
таба аламыз, жеке қаламгерлердің жасампаздығынан да
көре аламыз. Әрине, бұл кез келген жазушыға, оның кез кел-
ген шығармасына тән болмауы да мүмкін. Айшықты, бейнелі
сөз орамдары шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне, жалпы
интонациясына (баяндау мәнеріне) байланысты орын алса,
құба-құп. Ол – автордың табысы болмақ. Бұл реттен алғанда,
Асқар Сүлейменов сөз шеберлерінің қатарын құрайды. Шағын
ғана «Бесін» повесінен көрікті сөздермен көмкерілген ондаған
ұтымды конструкцияны табамыз. Мысалы:
Күн тұтылды,
ай қаштының ар жақ-бер
жағынан ойнап табылатын, қазып
ойласаң
отырғызам деп қазыққа, оқастырам деп орға
сүйрейтін алапат бір жағдайға келгендей (18-бет). Әбестік
болмағанның өзінде қарашаның аспанындай қалың қабақ бұл
176
өмірде қилы-қырлы пенделермен –
кейде оларға ділгір боп,
кейде шарды ділгір қып кездесіп, керісіп, аймаласып жүргенде
әркімнің өзіне лайық
тіл мен ыңғай, қыр мен қып табуға ке-
рек (23-бет). Соңғы сөйлемнен көріктеу амалдарының бірнеше
тұсын кездестіреміз:
қарашаның аспанын дай қалың қабақ
өмір – мағынасы жағынан бір-бірімен тіркеспеуге тиіс сөздер,
өйткені қалың қабақ – адамға тән сипат, ал өмір – абстракт
ұғым;
қарашаның аспанындай қабақ деген де – соны теңеу.
Кереғар полюсті параллельдер де – көркем тіл құралы.
«Бесінде» бұлар да баршылық. Мысалы, кейде оларға
ділгір
боп, кейде оларды
ділгір қып немесе
тіл мен ыңғай, қыр мен
қып деп жұптасқан сөздер,
дәлірек айтсақ, сөз тіркестері –
мағыналары жағынан бірыңғай мүшелер емес, әсіресе шыла-
уымен қосақталған сөздер семантикалық іргелес (мағыналас,
реңктес) болса керек еді, ал
тіл мен
ыңғай, қыр мен
қып де-
гендерде мұндай жақындық жоқ, бірақ осы кон тексте олардың
алогизмі көзге ұрмайды, керісінше, бұл текстер тың ассоциация
(қабылдау, сезіну) туғызып, эмо циялық әсер беретін дүниелер
болып тұр.
Көркем әдебиет стилінде жеке сөздерге қосалқы мағыналық
реңк үстеп қолдану – әбден танылған сәтті амал. Асқардың
табиғат берген суреткерлік таланты мен оқып білген теориялық
танымдары бұл тәсілді де оңтайлы қолдануға мүмкіндік бер-
ген. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: