196
тұтқыр сияқты киім атаулары мен
тобыршығы алуан түрлі
сауыт бұзар, көбе бұзар, қозы жауырын, қайық оқ, томар
оқ, тіз оқтар, құлдыр мамай (күлдір мамай),
садақ, қара
тамақ найза сияқты қару атаулары, жоңғарлар (қалмақтар)
пайдаланған
жәсайыл (жазушы зеңбіректі қазақтар сол кезде
осылай атаған деп көрсетеді) сияқты қару аты жиі келтіріледі
(бұлар сияқты қару-жараққа қатысты атаулар Әбіш Кекілбаев
романында да бар. Мұндағы
күлдірмамай, жекеауыз, бірауыз,
жездіауыз, шиті деген мылтық түрлері,
көк найза, ақ алмас,
шарболат, садақ сияқты сол кезеңдегі негізгі қару-жарақ атау-
лары екендігін осы кітапта көрсеткенбіз. XVI ғасырдағы қазақ
қауымы «тауарихын» әңгіме еткен Мұхтар Мағауин өзінің
«Аласапыранында» садақ оғының
көбебұзар, әндіген, қасалы,
ысқырма, тіз оқ, кез оқ, доғал оқ, қозы жауырын, аймаңдай оқ
деген түрлерін атайды. Жазушының тұрақты эпитеті бар көне
қару-жарақ атауларын бұл тарихи
шығармасында өз стиліне
сай орынды қолданғанын алдыңғы тарауларда мысалдарымен
көрсеттік).
Сөз жоқ, нағыз тарихи көркем шығарманың (повесть, ро-
ман, тіпті қысқа әңгіменің болса да) талабын дұрыс түсінген
(сезінген) жазушы оны тарихи стиль тезіне түсірудің бірнеше
амалын қолданады, табады, таңдайды. Соның бірі – тарих жо-
лында «бір өліп, бір тіріліп» (Жұбан ақынша айтсақ, «мың
өліп, мың тіріліп») келген қазақ қауымының қай ғасырда да,
әсіресе Шоқан
Уәлихановтың сөзімен айтсақ, «қан сасыған
ұрыс-соғыстар заманы» болған XVIII ғасырға қатысты
жазылған тарихи шығарма өзегі (тақырыбы, нысаны)
соғыс,
Достарыңызбен бөлісу: