199
шүршіттердің
әлеуметтік-әскери құрылымы, халқының салт-
дәстүрлері, діні деген сияқты қырларына қатысты атаулар-
ды, әсіресе терминдік сөздерді дұрыс беру де жазушыға оңай
түспеген болар. Жоғарыда аталған будда дініне қатысты
кешіл,
келең, күре, манжы дегендерден басқа да бірқатар атаулардың
монғол-қытай тілі элементтері екендігі көрінеді. Бұл күнде
көбінесе
бұрхан деп жүрген дін атауын жазушы
бұрқын деп
береді,
қазақтар, сірә, осылай атаған болуы керек. Кітаптың
екінші томында әсіресе жоңғар, қытай жұртының әскеріне,
тұрмысына, дініне, әкімшілік жүйесіне
қатысты сөздер мо-
лынан кездеседі.
Қоңтайжы (бас әмірші, хан),
тәйжі (князь)
де ген титулдардан бастап
, лама, зайсан, уаң, Еженхан (Қытай
императорын қазақтар осылай атаған),
кірме-сіңбелер (әскер
құрамындағы өзге жұрт адамдары) сияқты титулатура мен жай
атаулардың мағынасын осы романнан біліп отыруға болады.
Қазақ ханының жиынын
хан кеңесі деп берсе, қоңтайшының
жиыны –
құрылтай деп берілген. XVIII ғасырда дәл солай ажы-
ратылып аталды ма, жоқ, бұл жазушының әр құбылысты, әр
нәрсені шатастырмай, жаңылыстырмай, оқырманға дәл баян-
дауды, шынайы суреттеуді көздеген амалы ма – қайткен күнде
де бұл қарекет өте сәтті болған. Мұны жазушының ізденісі де-
сек те, таңдампаздығы десек те, шеберлігі десек те болар.
Жоғарыда айтылған қазақ әскері құрылымына қатысты
жасақ атауларының бұл күнде қалың оқырманға, әсіресе
жастарға бейтаныс түрлерін роман авторы өзі түсіндіріп оты-
рады. Солардың бірі –
қасқыр қамау тіркесі.
Қасқыр қамау –
жат жұрттың жауды сусыз, нусыз шөлге бастап барып, күндіз-
түні тыным бермей, алды-артынан бірдей соққылауы, осыны
«қасқыр қамау» деп атайды. Бұл – автордың түсіндірмесі. Біз
оқып жүрген «Батырлар жырларында» бабаларымыз зеңбіректі
Достарыңызбен бөлісу: