Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет127/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Сөз құдіреті

тырап отырсың? сияқты адамның мінез-қылығына қатысты 
халық тіліндегі «уытты» сөздер кейіпкерлер аузына орынды 
салынған.
Қазіргі көркем проза тілінде кейбір қарапайым сөздерді 
активтендіру нышаны байқалады. Мысалы, толайым сөзін 
лексикологтер әдетте қарапайым элемент қатарында санайды. 
Бұл тұлға М.Әуезов тілінде де бар, бірақ оны автор көбінесе 
кейіпкерлердің диалогтерінде келтіреді: Байсал:
«– Соқпа! Сырттың соқпасы ма? Ішті жеген жегінің соқпасы 
ма? Әйтеуір келді ғой толайым» («Абай жолы», I). Ал О.Бөкеев 
сияқты кейінгі жазушылар бұл сөзді, өз тілінде де, кейіпкерлер 


293
диалогтерінде де жиірек жұмсайды: «Дүние толайымы аппақ 
нұрға бөленді» («Өз отыңды өшірме»); «Мамырлап басатын 
саржағал бәйбіше... толайым баланы...» («Мұзтау»). Бұл тұлға 
арагідік өзге авторларда да қолданыла бастады. Осы заман сау-
дасында орын алған «оптовая торговля» дегенді толайым сау-
да немесе толайым сату деп бере бастағанын да көреміз. 
Пошым сөзі де – түр, бейне сөздерінің қарапайым 
эквиваленті. Бұл сөзді де әдеби айналымға түсіру әрекеті жоқ 
емес. Мысалы, О.Бөкеевте: «Тек пошымы ғана сүлделенеді». 
«Алтайдың алып пошымы көріністене бастады...». «Үңілген 
пошымын танытады» т.б. Әдетте ауызекі сөйлеу дағдысына тән 
болып саналатын жыны келді, ит жыны келді, жынына тиді 
деген сөздерді де автор тілінде жиі келтіріп, әдеби нормаға 
айналдыру ниеті бұдан да күштірек сезіледі. Соңғы сөздер 
осы күнгі орта және жас буын прозаиктердің бірқатарында 
жиі кездеседі деуге болады және олар ешқандай стильдік жүк 
арқаламайды.
Тегінде, автор тілінде қарапайым элементтер экспрессия 
үдесінен шыққанда ғана жұмсалуға тиіс. Мысалы, Т.Ахтанов 
тырқылдақ катер деп анықтағыш сөздің қарапайым вари-
антын (тырқылдақ) алғанда, катердің «оңып тұрмағанын» 
мейлінше әсерлі етіп көрсететін тек қана осы сөз болғандығына 
қызыққан. Ал мұндай мақсат болмаса, қарапайым сөздерді ав-
тор баяндауында талғаусыз қолдану – әдеби нормадан жөнсіз 
ауытқу болады. Сондықтан қазіргі қазақ прозасы тілінде 
әйтеуір халық аузында барын желеу етіп, кейбір қарапайым 
сөздерді көркем дүние тіліне тықпалау, сол арқылы жарыспалы 
қатарлар тобын мұқтажсыз көбейту – құптарлық әрекет емес. 
Айталық, ақырамаш, мүттәйім, тәмпішке сөздерін олардың 
әдеби сыңарлары тұрғанда және оларға ешқандай стильдік жүк 
артылмай қолданылғанда, жазушы не ұтпақ?
Сөйтіп, қазіргі қазақ көркем прозасының тіліндегі сөзқол- 
даныс проблемасын жалпы әдеби тіл нормасынан да, көркем 
әдебиеттің ұлттық нормалары тұрғысынан да қарастырғанда, 
мәселе әдеби стандарт (қалып) және сол қалыптан жөнді-
жөнсіз ауытқушылық деп қойылады да сөз таңдау проблема-
сына барып тіреледі.


294
Көркем шығармада сөз таңдауды туғызатын факторлардың 
бастысы – көркемдік-эстетикалық талапты өтеу. Ол үшін сөз- 
дің контекстік (ситуациялық) қызметін («қылығын») тану 
– негізгі міндет. Сөз тандау әрекеті текст түзу, яғни «коло-
рит түзуші лексика шоғырын» құрастыру дегенді алға қояды. 
Текст түзуде әр алуан стилизацияны, яғни тілдік элементтердің 
стильдік жүк арқалай әдейі қолданылуын зерттеу қажеттігі ту-
ады.
Сөз белгілі стильдік үн (бояу) алғанда, өзінің номинатив 
мағынасынан, қалыпты қызметінен ауытқып қолданылуы 
заңды. Сондықтан жалпы әдеби тілдің лексикалық, норма-
сына сәйкеспейтін қолданыстардың барлығы – бейнормалық 
құбылыс болып табылмайды. Стильдік мақсатпен келген 
ауытқулар көркем әдебиет тілінің нормасына сай келеді. Осы 
себептен көркем әдебиеттің лексикасын норма тұрғысынан 
зерттеуде ауытқудың жөнімен-жөнсіз (уәжді-уәжсіз) түрлерін 
айыра білу – басты шарт. Жөнсіз ауытқу жалпы әдеби тіл та-
лабы тұрғысынан да, көркем тіл заңдылықтары тұрғысынан 
да болуы мүмкін. Әсіресе, көркем тіл нормасына қайшы 
қолданыстың баршасы дерлік мотивсіз ауытқу болып шығады.
Жазушы жеке сөздің лексикалық (номинатив) мағынасын 
дұрыс түсінбей, орынсыз (өз орнын таппай) қолданса, тұрақты 
тіркестердің, мақал-мәтелдердің компоненттерін ешбір 
стильдік мақсат көздемей өзгертіп жіберсе, әдеби тілдің сыр-
тында тұратын диалектизм, жаргонизм, қарапайым сөз, жа-
санды сөз сияқтыларды ешбір зәруліксіз жұмсаса, бұлар 
жалпыұлттық әдеби тіл нормасынан жөнсіз ауытқу болмақ. 
Бұл құбылыс қазіргі қазақ прозасында едәуір байқалады, бұл 
көрініс көбінесе жазушының тілдік сауатының дәрежесін та-
нытады. Ал сөзге немесе фразеологизмге, сондай-ақ мақал-
мәтелдер құрамына белгілі бір стильдік мақсат көздемей, 
өзгеше бір мағына үстеп немесе құрамын өзгертіп қолданса, 
ол өзгерістер көркем тіл нормасын бұзу болмақ. Соңғы көрініс 
көбінесе жазушы шеберлігінің, талантының дәрежесін таны-
тады. Жоғарыда талданған фактілер осындай тұжырымдарға 
алып келеді.


295
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .......................................................................................3
1-бөлім
ЖАЗУШЫ ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ 
Мұхтар Әуезов – көркем сөздің пірі ....................................8
М.Әуезов тілін тану үшін ...................................................8
М.Әуезов және көркем проза тілінің бастауы ..................17
Жинақы, үнемді, астарлы тіл ...............................................59
Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе», 
«Жүрекке әжім түспейді» ..................................................59
Тарихи романдардың тіл кестесі .....................................83
Әбіш Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» ...........................84
Мұхтар Мағауин «Аласапыран» ...................................111
Жанр мен тіл үйлесімі ........................................................149
Оралхан 
Бөкеев 
«Қайдасың, 
қасқа 
құлыным»,
«Мұзтау», «Ән салады шағылдар» ............................149
Сейдахмет Бердікұлов «Үшінші подъезд» ...................163
Асқар Сүлейменов «Бесін» ..............................................170
Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» ..........................180
Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» ........................................194
Кәдірбек Сегізбайұлы «Біз қалада тұрамыз» .............209
2-бөлім
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СТИЛЬДЕР. КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІ 
«Функционалдық стиль», оның анықтамасы мен термині 
жайында ............................................................................216
Функционалдық стильдердің айырым белгілері жайындағы 
пікірлер мен тұжырымдар ..................................................233
Көркем әдебиет тілін танудың қырлары .......................241
Қазақ тілінің ұлттық көркем әдеби нормалары .............254
Әдеби 
стандарт 
және 
нормадан 
ауытқушылық 
(лексика саласында) ..........................................................275
Сөз таңдау ............................................................................275
Сөз таңдаудағы уәжді ауытқулар ....................................280
Көркем текстегі уәжсіз ауытқулар .................................285




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет