Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет126/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Сөз құдіреті

мөжен топай мәж топай; ұлы жіңгір ~ ұлы жәңгір, құйын-
перен ~ құйын-перін деген орфографиялық дублеттер түрінде 
ұшырасады. Бұлардың мамырстан сияқты бірен-сараны бол-
маса, көпшілігі не жергілікті сөйлеу тілінде қолданылатын
не көнеріп, ұмыт болған ежелгі сөздер болып келеді. Қалам 
иелерінің бұл сияқты сипаттама сөздерді қолдануы, тіпті 
кейбіреулерін активтендіруі – принципінде құптарлық іс. 
Өйткені бұларды іздеттіріп, жұмсаттырып отырған себеп, уәж 
бар, ол – бір нәрсені сипаттаудың ең дәл әрі әсерлі атауын табу. 
Бірақ әңгіме осындай сөздердің түсініктілігін қамтамасыз ете 
білуде. Көркем әдебиет дүниесіне қойылатын шарттардың бірі 
– тілінің қалың оқырманға түсінікті болуы, автордың айтпақ 
ойының оқырманға қиындықсыз әрі әсерлі түрде жеткізілуі. 
Сондықтан мағынасы қалың көпшілікке бейтаныстау немесе 
мүлде түсініксіз тұлғаларды белгілі бір зәрулікпен қолданған 
күнде, олардың оқушыға жетуін ойластыру керек. Бұлардың 
семантикасын жалпы контекстен шығатын етіп бере ме, өзге 
синонимдерін қатар келтіріп ұсына ма, бет соңында сілтемеде 
түсіндіріп бере ме – қысқасы, әр алуан жолды пайдалану – 
жазушының өз шаруасы. Осы жағдайда ғана бейтаныс сипат-
тама сөздердің қолданысын уәжді деп тануға болады.
Нормадан жөнімен немесе жөнсіз ауытқу қарапайым 
сөздердің (орысша «просторечие» деген категорияның) 
қолданысында елеулі орын алады. Қарапайым сөздер – 
ауызекі тілдік категория, олар әдеби тілден тысқары тұратын 
дүниеліктер. Қарапайым сөздердің әдетте әдеби тілдік 
эквиваленті болады. Жазба стильдердің ішінде қарапайым 
сөздердің молынан пайдаланылатын орны – көркем әдебиет тілі. 
Оның ішінде, әсіресе драмалық шығармалар мен көркем про-
зада қарапайым элементтер кейіпкерлер тілінде де, автордың 
өз баяндауында да еркінірек жұмсалады. Кейіпкерлер тілінде 
келуі – сол кейіпкерлердің образын жасау үшін қажет болса, 
автор сөзінде келуі белгілі бір стильдік мақсатты өтеу үшін 
қажет.
Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің 


292
экспрессиясы күшті болып келеді. Сондықтан олар, ең ал-
дымен, өмірде қолданылатын сәттерінде кейіпкерлер тілінде 
бұлжытпай беріледі. Мысалы, С. Жүнісов кейіпкерін Әкесінің 
бар малым қуди-суди ғып... (шашып болды) деп сөйлеткенде, 
осындағы орыс тілінен алынған куди-суди (куда-сюда деген-
нен) тұлғасы ауызекі тілде «малды қалай болса солай бейбе-
рекет шашу» ұғымын беруде ең бір әсерлі сөз болып таны-
лады. Сол сияқты Ғ.Мүсірепов ерке жиен – Сейіттің аузына 
«Тырқиюына болайын!» деген сөздерді салғанда да ауызекі 
тілдің осы табиғатың сақтап, экспрессивтілігін көздеген.
Осы ретте бозымбай («Бұл неғып тап осынша бозымбай 
болды екен?» – Ә.Кекілбаев) келгінбай («Төтеден қосылған 
келгінбайлар» – С. Жүнісов), оттаубай («Оспанның шығарып 
жүрген оттаубайы» – О. Бөкеев) сияқты адамды мінездей атай-
тын дөрекілеу сөздер мен помыштау («Мұны да мұжықтармен 
бірігіп, помыштап көтердік, қазақта да ұдықтасу деген болушы 
еді ғой» – С. Жүнісов), тырапай асу («баяғыда тырапай асар 
еді»), сумақайлану («Бір көрген қызға қырындап, сумақайлана 
беру қадетіне жат»), қотиын («Біз оның қотиын қылығына 
өкпелеген жоқпыз»), аңқиттау («суырша аңқиттап...» – соңғы 
сөздердің бәрі де О.Бөкеев шығармаларында), құйтақандай 
Құйтақандай арманы болушы еді» – Д.Досжанов) сияқты 
қарапайым сөздердің кейіпкерлер тілінде де, авторлық баянда-
уларда да орынды, белгілі бір стильдік жүкпен қолданылғанын 
көрсетуге болады.
Ал аңқиттама, ботырама, аталақтама, оттама, не ман-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет