Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет55/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128
Сөз құдіреті

Р. С.) қосыла салған (І, 157). Қазақ шығып кету – өзі бағынып 
отырған әміршіге, ордаға разы болмай, өзге ордаға өз еркімен 
бағыну, өзге жерге қашу емес, қаңғу емес.
Жазушы қаламының ұшына ілінген ергек (ергек көйлек, 
ергек шалбар – сірә, бұл тұлға еркек-тің фонетикалық ва-
рианты болмас), марлат (Бірақ Рим цесарі мен поляк королінің 
елшілеріндей марлат емес... тым жұпыны жайдақ көрінген 
көшпенді жұрт өкілдерін... II, 18, 19), кірне («Кіндігің бір 
– ішіңе кірне сақтама». Бұл сөзді «Түсіндірме сөздік» «іш 
ауру, соқыр ішек» деп түсіндіріпті, ал Мағауин мұны дәл осы 
мағынада алмаған сияқты) тәрізді сөздердің нақты мағынасын 
не контекст арқылы тану қиын, не бұлардың өзге де көптеген 
бейтаныс сөздерге берілгендей (Мы салы, бәсте – сноскада 


127
қоныс, тәкия – сноскада мазар) авторлық түсініктемесі жоқ. 
Бірақ бұл тәрізді «қиын» сөздер тексте көп емес, мүлде аз, бұл 
да – жазушының тілге, әрбір сөзге жауапты қарағандығының 
куәсы сияқты.
Міне, бұл талдаулардың барлығы – шығарма тілін тари хи 
стиль тезіне салу дегенді танытатын белгілер.
Бұл белгілер шығарма сюжетін әлдеқайда нанымды, шы-
найы етіп құруға мейлінше көмектескен. Шығармада суреттел-
ген оқиғалар мен адамдар жазушы қиялынан туған жасанды 
көріністер емес екендігіне оқырман сенімін арттырған. Оның 
үстіне көркем шығармаға қойылатын стильдік талаптардың 
үдесінен шығарған.
Енді жазушының осы туындысында көрсеткен көркемдік 
өрнегін талдайық. Алдымен айтарымыз – мұнда көркемдіктің 
үлкен бір көрінісі поэтикалық тіл кестесі айқын түскен. Ке-
сте айшығы сан алуан. Бір түрі өте дәл ұсынылған бейнелі 
эпитет-анықтауыштар көзге түседі. Әрине, олар тұрақты емес, 
авторлық болып келеді. Мысалы, ыңырап берекесі кеткен елдің 
атының басын бір кермеге тіреген Тәуекел... І, 8); қара ағаштан 
қалың қазақ, қара темірдей берік қалмақ (II, 10); басы бүлік 
черемыш, ноқтасы бос ноғай (II, 113) сияқты анықтауыштар 
бейнелілігімен әрі адамның (ханның), халықтардың нақты 
сипатын (сынын, қасиетін, мінезін) білдіретіндігімен әсем. 
Ең алғашқы сын-образдың негізі Бұхар жыраудан белгілі, 
ол Абылайға «үш жүздің атының басын бір кезеңге тіредің» 
деп ханның қазақ ұлыс-тайпаларын бір орталыққа топтасты-
ру, бастарын құрау әрекетін образдап айтқан болатын. Ал 
соңғы анықтауыштар – өзге өлең-жырларда кездеспеген, тегі 
автордың өзі білдіргендері болу керек. Мұндай әрі нақ (мазмұны 
жағынан) әрі астарлы (бейнелі) анықтауыш-эпитеттер, әрине, 
қалам иелерінің қай-қайсысынан да табылады. Біздің бұл жер-
де айтпағымыз – осындай образды анықтауыштардың «Ала-
сапыранда» бар екендігін және едәуір жиі кездесетіндігін 
білдіру ғана емес, олардың қай жерде, кімнің аузындағы сөзде 
қолданылғандығы.
Романның бастауы – Тәуекел ханның 1588 жылы наурыз 
туып, қар сөгіле бастағанда Созақта жинаған құрылтайын су-


128
реттеу болса, мұны автор романтикалық пафосты үнмен береді, 
сондықтан жалпақ қазақ қауымы деп емес, киіз туырлықты 
қазақ ұлы деп, «Хақ-Назар хан опат болғалы» деп айта сал-
май, төңіректің төрт бұрышына түгел қылыш сермеген 
Хан-Назар хан шаһид болғалы деп әсерлі, бейнелі суреттер-
мен баяндайды. Сірә, бұдан 400 жыл бұрындар қазақ халқы 
қазақ хандығы болып, сол хандықты сақтап, кең-байтақ жер-
суға иелігін жоғалтпау сияқты миссияны атқарып тұрған кезең 
жайындағы тарихты осылайша пафоспен бастау қажет болған-
ды. Сондықтан романның алғашқы беттеріндегі авторлық 
баяндаудан да, құрылтай үстінде болған келелі кеңес түйіні, 
қазіргіше айтқанда, «қаралатын мәселелер» баяндалған (оны 
жазу шы бірнеше абзацта айтып, «деді» сөзімен аяқтап, яғни 
«мәселелердің мән-мағынасын» Тәуекелге «дегізіп» көрсеткен) 
тексте де көтеріңкі үн бар:
«Отыз мың аламан өлген ойранды ұрысты ұмыттыңдар ма? 
Елу мың аламан өлген сойқанды соғысты ұмыттыңдар ма? 
Жиырма жылда оңалдың, қырық жылда қайтадан қара нор қол 
құрадың. Өшкенің – жанды, бірақ өлгенің – тірілгені кәне... 
[сондықтан] соғыстан басқа амалын қараңдар. Ойлаңдар, 
табыңдар! – деді.
Бұл – құрылтайдың «күн тәртібіндегі бір мәселе», қал- 
ғандары да осылайша «деді»-мен келіп, ресми жиынның про- 
токолдық тілімен емес, көркемдік тәсілімен, айшықты сөз- 
дерімен, поэтикалық анықтауыштарымен келеді.
Ал көптеген сәтте айшықты анықтауыштармен, бейнелі 
баяндауыштармен, астарлы толықтауыш, пысықтауыштармен 
келген сөйлемдер не шешен, ойлы, ақылды кейіпкерлердің 
сөзінде, не кейіпкер көзімен берілген авторлық сөздерде айты-
лады. Кейіпкерлердің ішінде би деп аталғандардан (Қадырғали, 
Томан) басқа Тәуекел сияқты хан да, Құл-Мұхамед сияқты 
елші де, Ораз-Мұхамед сияқты сұлтан да, Әз-ханым сияқты 
дана әже де – өте шешен жандар, олар қоғамдағы абырой-
салмақтарына орай қарадүрсін, қарапайым тілмен сөйлемеуге 
тиіс, сөздері мәнді, маңызды болумен қатар, әсерлі, бейнелі, 
айшықты болулары шарт. Міне, осындай сөздерде экспрессивті 
анықтауыштар да, ұйқасты, ырғақты параллель түзілімдер де, 


129
те рең астарлы теңеулер де – қысқасы, көркем тіл элементтері 
қатысуы, дәлірек айтсақ, жазушының оларды келтіріп текст 
түзуі – заңды.
Әбіш Кекілбаевтың тарихи дилогиясы тілін зерделеген 
тұста, жоғарыда, айтқан едік, жазушы Мұхтар Мағауин алды-
мен өзі шешен, сондықтан қажет жерде кейіпкерлерін де шешен 
сөйлете білген. Өткен ғасырлар, тіпті күні кешегі Құнанбайлар 
заманына дейін (Янушкевичтің таңдай қаққанын еске алсақ) 
қазақ қауымында шешендер – белгілі бір сословиелік топ, 
«рангілер табеліне» кіретін жандар болып келсе, шешендік – тек 
өнер емес, әлеуметтік-рухани іс-әрекеттің құралы болған. Сол 
себептен өткен ғасырлардағы тарихымызды көркем шығарма 
тақырыбы етіп алған қалам иесі, белгілі кейіпкерлерін шешен 
сөйлетпеске әддісі жоқ. Атақты Қадырғали биден бастап, ро-
манда көрінетін Томан би, Сүтемген би деген «дипломды» сөз 
мамандарының портретін жасағанда, жазушы: «Е, бұрынғының 
нағыз билері осылайша төгілген екен!» деп бүгінгі оқырманды 
тәнті еткендей етіп сөйлетуі керек. Бұл – кез келген, тіпті, та-
лантты деген жазушының қолынан келмесі хақ, өйткені кез кел-
ген прозашы өлең жаза алмайды ғой, сол сияқты шешендік сөз 
үлгісін де құрастыра алмайды. Ал біз тарихи туындыларының 
тілін талдап отырған екі жазушының екеуінің де табиғатынан 
шешендік қабілеттері айқын бар болғандықтан, кейіпкерлерін 
де (әрине, барлығын емес, би, хан, елші, ақылгөй даналарды) 
шешен тілмен сөйлете алады.
М.Мағауин романның бас жағында аты кездескен Сүтемген 
бидің «жеті атасынан бері биліктен кетпеген» хан иесі – 
Тәуекелдің «келешек күндерде ата жұртының тізгінін ұстауға 
лайық қалға – ізбасарға қай сұлтанды қалайсыңдар?» деген 
сұрағына қарата айтылған сөзін алайық. Мұнда билер аузы-
нан шығатын шешендік сөзге тән шарттар түгел. Ол шарт-
тар: біріншіден, әлеуметтік мәні бар әңгіме болуы керек, ол 
– белгілі бір жиын, топ, көбінесе шаршы топ (көпшілік ал-
дында) айтылатын сөз болуы қажет, айтылатын сөздің дәлелі 
(кімге, неге, не мақсат көздей айтылғандығын түсіндіру, ойлан-
ту) болуы шарт, үшіншіден, және қиыны – тыңдаушыға әсер 
ететін эстетикалық қасиеті, яғни тілінің айшықты, астарлы, 


130
әуезді дегендей көріктілігі болуы қажет, төртіншіден, басты 
шарттардың бірі – көпшілікке қаратыла айтылған сөз баршаға 
түсінікті, ойы (идеясы) айқын болып келуі, осы шарттар 
орындалған күнде ғана шешендік сөз, яғни шаршы топ алдын-
да айтылған сөз тыңдаушылардың ақыл-ойы мен еркіне әсер 
етін, оларды белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыратын сөз болып 
шығады. Соңғысы – шешендік сөздің түпкі мұраты.
Романда топ алдында сөз айтқан билер (ал билер ең алды- 
мен шешен болуға міндетті, шаршы топ алдына шыққанда 
олардың сөздері «шешендік сөз» статусына ие бо луы шарт) 
шешендіктің жоғарыда көрсетілген талаптарына түгелімен
жауап береді: Сүтемген бидің қалған кандидатуралары жайын- 
дағы сөзі тек Тәуекел ханға емес, өзге де сұлтандарға, бектерге, 
батырларға және оларды қаумалап тұрған қалың жұртқа қарата 
айтылады және бұл сөзінің әлеуметтік үні бар: болашақ ханның 
кандидатурасын таңдауды хан «көпшілік дауысқа» салып отыр, 
өйткені кімнің хан болатындығының әлеуметтік (халық үшін) 
мәні зор. Ал бұл «әлеуметтік тақырыптың» қалың тыңдарман 
қауымға әрі түсінікті, әрі психологиялық әсер ететін болып 
шығуы үшін «стажы мол» Сүтемген би сөзінің эстетикалық 
параметрін (көрсеткіштерін) толық сақтаған. Ол көрсеткіштер: 
дәстүрлі және контекстік (авторлық) эпитеттер мен теңеулер, 
метафора, метонимия, аллегория, синекдоха, гипербола т.б. 
сияқты троптың түрлері, қайталама құрылымдар, парал-
лельдер, дамыту (градация), шендестіру (антитеза) сияқты 
айшықтау тәсілдері, алли терация, ассонанс сияқты дыбыстық 
үйлесімдер болып келеді. Мысалы, бидің монологінде дәстүрлі 
теңеулер кәнігі -дай/-дей жұрнағынсыз әсерлі етіп келтірілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет