Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет58/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128
Сөз құдіреті

Егер Тәуекел хан алаш бегін қоңыраттан, ұлыс бегін жа-
лайырдан қойса, бар қазақты тең тұтам деп жар салғаны 
емес пе? Бегін белге шығарып, еліне қоныс берсе, жау қолында 
қалған барлық руға ұран шашқаны емес пе? Жетім қозы тас 
бауыр, жат болып кетсе, қайтесің... Бірақ, балам, өкпе арты 
өкінішке ұласатын кеп бар, наз арты түңіліске ұласатын 
кез бар... Мен ақылы қысқа әйелмін, көсемдігімнен емес, 
көргендігімнен айтам... (І, 68).
Әрі қарай да ақылшы әже, ел анасы – Әз-ханымның монологі 
осылайша жалғаса береді. Бұл да – нағыз шешен толғау, шешен 
сөздің көп белгілері дыбыс гармониясы да, ұйқасты параллель-
дер де, мақал-мәтелдер де бар.
Жазушы Қадырғали биді көп сөйлетпейді, бірақ оның атақты 
«Мадақ сөзін», яғни өзінің «Тауарихындағы» орыс патшасы 
– Борис Годуновқа арнаған ырзалық сөзін көп өзгертпей, сәл 
қазақшалап, Бөлек сейіттің сөзі етіп береді. Бұл сөзді Хазірет 
мешітте Ораз-Мұхамедті Хан-Керменге хан көтерерде уағыз
құтпа етіп айтады. Әуелі Ақ патшаны Орманда орыс, тауда 
томан, қырда шеркес, ойда естек, суда лапқа – дүниенің төрт 
бұрышын ғаділдікпен билеген хан... Ел-жұртына жар болып, 
шаһар Мәскеуде алтынды таққа мінген хан деп бастап едәуір 
ұзақ шешен тілмен Барыс ханды мадақтайды да уағыз аяғын 
Ораз-Мұхамедке арнайды, романда Қадырғали бектің Борис 
Годуновқа арнаған мадақ сөзінің аяғын Бөлек сейіт хазірет 
Хан-Кермен ханы болып ақ киізге салып көтерілгелі жатқан 
қазақ сұлтанына қарата айтады. Бұл бөлік те өте бейнелі, әрине, 
Қадырғалидың жазғанын автор сәл өзгертеді, қазақыландыра 
түседі, бірақ сол образдарды сақтайды.
Бұл шығармада жазушының өзі де – шешен. Мұндағы 
авторлық баяндаудың да көп тұсы шешен бейнелі тілмен беріл- 
ген. Әсіресе автор кейіпкерлерінің, айталық Ораз-Мұхамедтің, 


136
Қадырғалидың ойларын баяндаған сәттерде де шешен тілмен 
тебіреніп кетеді, тіпті сентенциялап (нақыл сөздетіп) жібереді:
Тең азамат анда болмақ, текті ауылдар құда болмақ. 
Андалық – ақыл ісі, құдалық – Құдай ісі. Бұл – кеңшілікке, 
кеңесті күнге лайықты сөз екен... Асауды ауыздықтайтын – 
бұғалық, алысты ағайындастыратын – құдалық... Сөздер – 
автордікі, ой – Қадырғалидікі. Бидің ойы – тұнып тұрған түйін, 
өмір шындығы, жазушының сол ойды білдірген тілі – тұнып 
тұрған шешендік.
Қысқасы, «Аласапыранның» оқырманды өзіне тартатын 
көркемдік сиқырының бірі – осы шешендікте, дәлірек айтсақ, 
шешендік атрибуттары (белгілері) болып келетін көрікті, 
бейнелі, әсерлі сөз қолданысында екенін көреміз.
Жазушы тек билер мен хан-сұлтандарды ғана өздеріне лайық 
мәнерде сөйлетіп қоймайды, жалпы кейіпкерлер тіліне, диалог 
құру ісіне аса мұқият қараған. Мұнда күнделікті тұрмыстық 
сөйлеу үрдісі де, бұйрық, өтініш үлгілері де, тіпті әр ұлт 
өкілінің (түркі тілдес) сөйлеу машығы да ерекше көрсетілген. 
Мысалы, ортаазиялық саудагерлердің сөзі (І, 190-193), Шел-
калов сияқтылардың Ресей патшасының орысша ұзын-шұбақ 
лауазымын айтуы сияқтылар да – тарихи стиль үдесінен 
шығуды көздеп қолданылған амал-тәсілдер. Кейіпкерлердің 
тек сөздері емес, ойларын беруде де, дәлірек айтсақ, сол оймен 
берілген авторлық баяндауда да өздеріне лайық сөз мәнерін 
келтіреді. Мысалы, қазақ ордасы туралы мәлімет іздеген жас 
подъячийлердің іс-әрекетін баяндаған тұста олардың архивтер-
ден кездескен мағлұматтар бойынша танып білгенін ерекше 
тәсілмен береді:
Шынында да, адам естімеген мағлұматтар. Мұсылман са-
налады. Діншілдігі шамалы. Жауынгер. Қарақшылықка бейім. 
Көшіп жүреді. Киіз шатырларын арбаның үстіне тігеді (міне, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет