131
сы» да бар. Сұлу ханымнан туған бауырың – Шах-Мұхамед...
өзіңмен бір анадан туған бауырың –
Ес-Мұхамед қазақтың
қызыл күрең туына берік тұғыр болып келе жатқан бауырың –
Тұрсын Мұхамед... (І, 14) деп келген санамалар бар.
Бұл көрсетілгендердің бәрі – тыңдаушы құлағына жайлы,
зейініне әсерлі болып естілетін көрікті сәттер, олар – шешен
сөз үдесінен шығып тұрған тілдік құралдар. Және осыншама
мол көрікті дүние жарты бетке
толмайтын шағын микротек-
сте орын алған. Сүтемген би сөзінің әрі қарайғы жалғасынан
іздестірсек, жоғары үлгімен қатар, көріктеудің өзгеше амал-
дарын да табамыз. Мысалы, келесі кандидатура деп Баһадур
сұлтанды атау үшін қазақ ұғымы
тез қабылдайтын метафо-
раны да қолданған. Мысалы,
хан иемнің үзеңгісіне ілесіп,
бүкіл түстікті тітіретті (І, 15) дегенді «ханмен қатар шабуыл-
соғысқа катысып, оңтүстікте жатқан жауларды жеңді» деп тура
тілге аударсақ, астарлап айтылған метафораның әсемдігі мен
әсерлігіне тәнті боласың.
Ұзын оқты атанған Ондан сұлтанның ерлігі мен еңбегін
айту үшін би аузынан шыққан риторикалық сұраулар мен па-
фосты лепті сөйлемдер сөзге шешендік әр беріп тұр: ...
бес-ақ
мың қолымен жиырма мың жауға қарсы соғысқанда ертауыл
мыңдықтың басында кім шауып еді?... Баба сұлтанның ба-
сын шапқанда қасында тұрған кім еді? Бөлекей-Қоян сұлтан
ұлы Баһадур сұлтан! (І, 15).
Соңғы тәсілді Ораз-Мұхамед кан-
дидатурасын ұсынуға баратын көпір етіп,
оның әкесі Ондан
сұлтанды сипаттағанда да қолданады:
... Хақ-Назар ханның қалың қолының алдындағы қара дау-
ыл болған... Ондан сұлтанның аруағына кім бас ұрмас! Ораз-
Мұхамед сұлтан сол Ондан сұлтанның өзі болмаса да, көзі
емес пе?.. (І, 15).
Шығармадағы тағы бір бидің – Томан бидің сөздерінен ше-
шендіктің
атрибуттарын, яғни тілдік көрсеткіштерін іздесек,
жазушы билер мен шешендердің
тек топ алдында емес,
өзгелермен жеке әңгіме үстінде де бейнелі әсем түрде тіл қаты-
сатынын көрсетеді. Мысалы, Ораз-Мұхамед, Қоянақ, Көкбөрі
баһадурмен әңгіме үстінде Томан би нағыз диалогке тән қысқа-
қысқа ой тастап отырады. Мұнда мақал-нақыл түрінде ұсынған
132
қысқа қайрылған сентенциялар да мол кездеседі:
хан билігінен
ар билігі зор, ханның құты –
қарашаның күші, сұлтан ызғары
– өткір сүңгінің жүзі
аламан жұрттың ызғары шүңірейген
көрдің өзі... тірі жүрген күннің бәрі тірлік пе, бірге жүрген
күннің бәрі бірлік пе... Бұлар – нағыз дидактикалық ақыл сөздер,
бұлардағы образдар теңеу, балауға құрылған.
Ал мына сентенцияда осындай
балама образдармен қатар
шешен сөз белгілерінің өзгелері де бар:
хан ашуы – қара қылыш,
қайтпай шапқанымен, қара орманды отап түгесе ала ма, халық
ашуы –
қаптаған өрт, жалыны жапандағы орданы шалса,
оған адам жұғыса ала ма? Бұл жерде алле гория да бар: халық
– қара орман, халық ашуы – өрт,
қара орманды отап түгесе
Достарыңызбен бөлісу: