Құрамы және оның компоненттерінің қасиеттері


Сүттің физикалық қасиеттері (Тығыздық: Жабынды тартылыс. Мұзға



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата21.01.2024
өлшемі229.15 Kb.
#489557
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сүт материал

3 Сүттің физикалық қасиеттері (Тығыздық: Жабынды тартылыс. Мұзға 
айналу нүктесі. Қайнау нүктесі.) 
Тығыздық - 20°С – ғы сүт салмағының 4°С – ғы судың салмағына қатынасы. 
Тығыздық сүттің құрамды бӛліктеріне байланысты, орташа 1,030 г ⁄ см
2
– ты құрайды. 
Сүттің тығыздығы ондағы майдың кӛлемі ұлғайған сайын жоғарлайды, ӛйткені сүттегі 
ақуыздың және құрғақ заттың жалпы кӛлемі жоғарлайды. 
Созылғыштық – бұл сүттің бір бӛлігі 2 – шісімен салыстырғанда орнын ауыстырған 
кезде, сұйық заттар сияқты, қарсылық білдіру қасиеті. Сүтті қайнатқанда оның бұл қасиеті 
тӛмендейді. Созылғыштық – сүтті тартқан кезде қолданылады.
Осмостық қысым. Ертіндінің осмостық қысымы ондағы ондағы еріген заттардың 
кӛлеміне байланысты. Сүттегі қанттың ұлғаюы, оның осмостық қысымын жоғарлатады. 


Бұл кӛрсеткіш сүттің қату температурасымен тығыз байланысты. Қалыпты сүт – 0,5°С – 
та қатады. Осмостық қысымның кӛрсеткіші мен сүттің қату нүктесі салыстырмалы 
тұрақты болғандықтан, олар бойынша сүттің сапасын (табиғилығын) бағалауға болады. 
Сүттің қату нүктесі оған су қосқанда (тӛмендейді) және сиырлар ауырғанда ӛзгереді.
Жылу сыйымдылығы – бұл бірлік сұйықтықты немесе қатты денені бір градусқа 
жылытуға қажетті жылу кӛлемі.
Сүттің жылу ӛткізгіштігі мен оның қайнау нүктесін ондағы құрғақ заттың құрамы 
бойынша анықтайды. Қалыпты сүттің қайнау нүктесі 100,2 – 100,5°С – қа тең.
Сүттің шала – шарпы тартылуы ондағы ақуыздың кӛлеміне байланысты. Жаңа 
сауылған сүтте пайда болған кӛпіршік шала – шарпы тартылуымен түсіндіріледі.
4 Сүттің құрамы мен қасиеттеріне әсер ететін факторлар (Сүт маусымы 
кезеңі. Тұқым. Сиырлардың жасы. Сиырлардың жеке дара қасиеттері. Сиырларды 
азықтандыру. Күтіп-ұстау жағдайлары) 
Сиырдың сүттілігіне әсер ететін жағыдайлар. Сиырдың сүттілігіне оның тұқым 
қуалаушылығы және басқа да бірнеше жағыдайлар әсер етеді. Олардың бастылары: 
тұқымдық ерекшелігі, азықтандыру мен күту, сауылған және суалған маусымы, жасы, 
бұқаға қосқандағы немесе алғаш ұрықтандырылғандағы жасы, салмағы, сауу тәсілі және 
тағы басқалар.
Сиырдың тұқым ерекшелігі. Жаңа тұқым шығарарда, ғалымдар алдына бір мақсат 
қойып, оны орындау жолында қатаң сұрыптау, байыпты жұп таңдау жұмыстарын 
жүргізеді. Осындай жолмен алынған асыл тұқымды сүт ӛнімділігі ӛте жоғары келетін 
сиырлар кӛпдеп кездеседі. сондықтан сиырдың сүтті болуы тұқымына байланысты. 
Мысалы, сүті кӛп дегенмен майлылығы тӛмен сиырларға голландияның қара ала, қырдың 
қызыл сиыры және т.б. жатады. Бұл сиырлардың сүттілігі 3500 – 5000 кг болғанмен 
майлылығы 3,4 – 3,7 процент шамасында. Бұл тұқымды сиырлар жұмсалған азықты 
жоғары сүттілігімен ӛтейді.
Осымен қатар, майлылығы ӛте жоғары, біріқ сүттілігі тӛмен сийр тұқымдары да 
кездеседі. олар: қызыл горбатов, джерсей, гернзей тұқымды сиырлар. Олардың сүттілігі 
2500 – 3000 кг болғанмен, майлылығы 4 – 4,5 проценттен 6 процентке дейін болады.
Етті – сүтті бағыттағы сиыр тұқымдарының сүтінің майлылығы әдетте 3,8 – 4,0 
процент болғаны мен, сүттілігі айтарлықтай жоғары келетін тұқымдарына: швиц, 
кострома, симменталь, алатау сиырларын жатқызуға болады.
Сиырды сүтейту. Сиыр бұзаулағаннан кейінгі күндері оның рационына жоңышқа 
мен сүрлемнен басқа бӛктірілген кебек араластырады да үйреншікті рационына 3 – 4 
күннен соң аударады. Содан соң рациондағы жемшӛп мӛлшерін күн ӛткен сайын ӛсіре 
түсіп, сиырдан сауылған сүт мӛлшерін біртіндеп тӛмендетіп, қажет мӛлшерін ғана 
қалдырады.
Сиырды дұрыс азықтандырудың бірден – бір кӛрсеткіші – оның қоңдылығы. Жасы 
мен темпераментіне сай, бір туған жас сиырды барынша толық азықтандыру қажет. Сауын 
сиырға жемшӛпті есептен тыс кӛп беріп, семіртіп жіберуге болмайды. Сиырдың 
сүттілігіне лайықтап, есеппен берілмеген жемшӛп – текке зая кеткен еңбек.
Мал жасынаң әсері. Сиырдың сүттілігіне едәуір әсер ететін жағыдайлардың бірі – 
оның жасы. Сиыр алғаш бұзаулаған соң жылдан – жылға сүттің мӛлшері кӛтеріле түседі 
де, деңгейіне жеткен соң сүттіліг тӛмендей бастайды. 
Кәрі, жасы ұлғайған сиырлардың сүтінің тӛмендеуіне олардың органдары, 
жүйелері мен клеткаларының жұмысы саябырлап, клеткаларда зат алмасу бұрынғыдай 
болмай, қиындай түсуі әсер ететіндігін айтуға болар еді.
Сиыр сүтінің оның жасы асқан сайын тӛмендейтіндігі сол тұқыммен жүргізілген 
асылдандыру, сұрыптау жұмыстарына, малдың жетілгіштік қасиетіне, азықтандыру, күту 
жағыдайларына байланысты.
Сиырдың сүттілігі алты – жеті бұзаулағанда ғана нақты белгілі болады.


Сиыр салмағының әсері. Малдың жақсы ӛсіп жетілгенінің нақты кӛрсеткіштерінің 
бірі – оның жасына тән салмағы.
Мал ересек болған сайын оның ішкі органдарының жақсы жетіліп, азықтық 
заттарды кӛп және барыншатолық қорыта алатындығы белгілі. Ал азықтық заттарды 
барынша кӛп пайдалана алатын сиырдың сүтті болатындығынан үміт күтуге болады. 
Себебі сауын сиырлардың қай – қайсысы болмасын, олардың салмақ мӛлшері мен 
сүттілігі арасында ӛзара байланыс бар екендігі анықталады. Сондықтан тұқымға тән 
салмақ пен сүттілік мӛлшері арасында ӛзара байланысты нақтылап анықтаған жӛн.
Сонымен, швиц тұқымы сиырларының салмағы 500 – 550 кгболса, сүттілігі де 
жоғары болатындығы да кӛрініп тұр. Демек, сиырдың тұқымына тән қандайда болмасын 
бір салмақ пен оның сүттілігініңарасында айтарлықтай байланыс бар. 
Массаж. Сүттің желінде түзілуіне кӛптген физиологиялық жайлар әсер 
етеді.емшекті бұзау емген кезде, сауғанда және массаж жасаған кезде нерв жүйесі қозып, 
желіннің алдынға бӛлігінде пролактин гормондарыпайда болады, олар албеолдық 
қызыметті реттейді.
Сүт желінде түзілетін болған мен, оны синтездеуде қан жүру, азық қорыту, нерв 
жүйелері, ішкі секреция бездері, былайша айтқанда малдың бүкіл организмі түгел 
қатысады.
Желінде сүттің пайда болуына қарай, желіннің ішінде қысым артады да сүттің 
түзілуі тӛмендейді. Желін сүтке толып, қатайған кезде саууды бастау керек. Ол үшін 
желінді жылы сумен жуып құрғақ орамалмен сүртеді. Сауу алдында желінге массаж 
жасайды. Массажды үнемі жасап отырған жақсы. Ол желіннің дұрыс ӛсіп дамуына әсер 
етеді, сүт безінің жұмысын жақсартып, сүт бӛлінуді күшейтеді. Массаждан кейінгі сүтте 
май мӛлшері артады. Ол үшін желінді ұшынан және кӛлденең сипайды. Бұзауды емізбей 
сауған жағыдайда сипау кезінде бұзауша желінді түртіп – тіртіп қойып отырған жақсы 
болады. Сонымен бірге сауар алдында сиырды қорқытпай – үркітпей бабында ұстау қажет, 
бұған керісінше сиыр сипағанды жақсы кӛреді дегендей, денесін сылап - сипап жағымды 
шырай білдірген жақсы, былайша айтқанда сиырдың тілін табу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет