ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет38/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102
Хикаялар

Әкемен кездесу 
Әке балаларынан бұл хабарды естiп, Юсуф пен iнiсiнің тағдырына 
қайғырып, көп жылағаннан көздерi көрмей қалады. Ол балаларына: 
«Аллаһтың мейiрiмiнен үмiттеріңді үзбеңдер. Қалаға барыңдар, Юсуф пен 
iнiсiн iздеп көрiңдер», – дейдi. Балалары әкесiнiң сөзiн тыңдап, қалаға 
барып, қазына басшысы болған Юсуфқа әкесiнiң жағдайын айтып бередi. 
Бұл кезде Юсуф патшалық таққа да отырып үлгерген-ді. Олар әлi де 
Юсуфты танымаған едi. Сол уақытта Юсуф: «Осыдан бірнеше жыл бұрын 
Юсуф есiмдi iнiлерiңе не iстегендерiңдi бiлесiңдер ме?» – деп олардың 
естерiне салады. Осы кезде Юсуфтың жүзіне тесiле қараған ағалары оны 


49 
танып бiрауыздан: «Расында, сен Юсуфсың ба?» – деп шулап кетеді. Юсуф: 
«Иә, мен – Юсуфпын, ал мынау – менiң iнiм. Расында, кiм тақуалы болып, 
сабыр етсе, Аллаһ тағала жақсы iс жасаушылардың сыйлығын ешқашан зая 
кетірмейді», – дедi. Ағалары ұяттан өртеніп кетуге шақ қалды. Бастары 
салбыраған күйде олар Юсуфтан кешiрiм сұрады. Ағаларын кешірген ол 
әкесін қуанту үшін сүйiншiге көйлегiн берiп, оларға: «Өздерiңмен бiрге 
бүкiл туысқандарыңды алып келiңдер», – дедi. Ағалары әкесiне келiп
сүйiншi сұрап көйлектi берiп едi, соқыр көздерi ашылып, көре бастады. 
Олар әкесiнен де кешiрiм сұрады. Әкесi оларды кешiрдi және барлығы 
қалаға көшiп келдi. Юсуф әкесiн таққа отырғызды. Ал ағалары оның 
қасында тұрды. Міне, осылайша Юсуфтың балалық шағында көрген түсi 
шындыққа айналды. Ол Раббысына: «Уа, Раббым! Маған патшалық бердiң. 
Және түстердi жоруды үйреттiң. Уа, көктер мен жердiң Жаратушысы! Сен – 
дүниеде де, Ақыретте де менiң Иемсiң. Менi өлгенімше мұсылман күйiмде 
қалдырып, iзгi пенделерiңнiң қатарына қос!» – деп дұға жасады. 
Мінеки, Юсуф пайғамбардың хикаясы осылайша сәттілікпен аяқталды. 
Оған Аллаһ тағаланың сәлемi мен мейiрiмi болсын! Ол басынан қанша 
зұлымдықтар мен қиындықтарды кешсе де, барлығына төзе бiлдi. Юсуф – 
құрметтi елшi әрі ардақты пайғамбардың ұлы. Ол Аллаһ тағаланың дiнiн 
жеңiске жеткiзу үшiн үйде де, сарайда да, зынданда да жанын құрбан етуге 
дайын болды. Бiздер де ұлы мiнездi болып, iзгi iстердi жасауда оған ұқсауға 
тырысамыз. Өйткені Ұлы Аллаһ Өзінің кітабында: «Аллаһқа шақырып, iзгi 
iстердi iстеп, мен мұсылмандарданмын дейтiн адамнан артығырақ жақсы сөз 
айтушы бар ма?» – деп айтқан. 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет