ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет39/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102
Хикаялар

ОН БІРІНШІ ХИКАЯ 
ЯҒҚУБ ПЕН АЙЮБ (АЛӘЙҺИМӘС-СӘЛӘМ) 
 
Яғқубтың (аләйһис-сәләм) өсиеті 
Бұл кездерде Яғқуб өмiрiндегі ең соңғы күндерін өткізіп жүрген еді. Бұл 
жайлы Құран Кәрiмнiң «Бақара» сүресiнiң 133-аятында: «Яғқубқа өлiм 
келген сәтте куә болдыңдар ма? Ол ұлдарынан «Менен кейiн не нәрсеге 
құлшылық жасайсыңдар?» деп сұрады. Олар: «Сенің Құдайың және 
әкелерің Ибраһим, Исмаил және Исхақтың Құдайы болған бiр ғана 
Құдайға бойсұнып, құлшылық қыламыз», – деген едi», – деп 
баяндалады. 
Аллаһ тағаланың елшiсi Яғқуб қартайып, ажалы жақындады. 
Әдетте жан тапсырғалы жатқан адам не iстейдi? Әлбетте, ол бала-
шағасына және жақын туыстарына өзiнiң соңғы өсиеттерiн, өзiнен кейiн 
тартыспай тату-тәттi өмiр сүрулерiн, егер артында қалдырған мал-дүниесі 
болса, оны таласпай бөлiп алуларын өсиет етедi. Ал Яғқуб пайғамбар болса 
әуелі ұлдарын қасына шақыртты. Ұлдары өлiм төсегiнде жатқан әке өсиетiн 
тыңдауға жиналды. Олар пайғамбарлардың мұра етiп мал-дүние, байлық 
қалдырмайтындығын бiледi. Ендеше, бұл қарт кiсi ненi өсиет етпек екен? 
Ұлдары сабырмен күтіп тұрды. 
Яғқуб ұлдарынан: «Ей, балаларым! Мен қайтыс болғаннан соң, сендердiң 
құлшылықтарыңды арнайтын құдайларың кiм болады?» – деп сұрады. 
Яғқубтың уайымы мал-дүние, байлық емес, ең маңызды болған ғибадат еді. 
Өйткенi ғибадат – адамзат үшiн дүниеде және Ақыретте өзiндiк орны бар, 
өте маңызды іс-амал. Ал ұлдары әкесiнен бұл сауалды күтпеген. Өсиетте 
айтылған сұрақтың маңыздылығы аса жоғары еді. Өйткенi пенде қайтыс 
болғаннан кейiн де, артындағы ұрпағының дұрыс ғибадаты жалғасын тапса, 
ұлдарының да дұрыс жолда болып, рухани пайдаға кенелері хақ. Әрi әкесi 
де мiндетiн толық орындап, жантәсiлiм етедi. Балалардың ортасында да 
талас-тартыс болмай, өмiрлерi тыныштықта өтпек. Әкесiне мұсылман 
ұлдары: «Сенің Құдайың және әкелерің Ибраһим, Исмаил және 
Исхақтардың Құдайы болған бiр ғана Аллаһқа бойсұнып, құлшылық 
етеміз», – деп жауап берді. Бұл жауапқа разы болған қарт әке қуанып, жан 
тыныштығында дүниеден қайтты. Осылайша ардақты пайғамбар ұлдарына 
өмiрде кездесетiн барша қиындықтарға, талас-тартыстарға үкiм болатын 
дұрыс шешiмдi қалдырып бара жатты. Олардың «…Бiр Құдайға бойсұнып, 
құлшылық етеміз» деген сөздері, расында, мүмін әке үшін ұлы жауап еді. Бiз 
де Аллаһ қаласа, үлкен жасқа жеткенімізде перзенттерімізге «Үнемi бiр 
Аллаһқа құлшылық етіңдер» деп өсиет қалдырамыз.


51 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет