ҚҰран кәрім хикаялары


Юсуфтың жігіт кезеңіндегі сынақ



Pdf көрінісі
бет36/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102
Хикаялар

Юсуфтың жігіт кезеңіндегі сынақ 
Юсуф ержеткен кезде алдынан жаңа бір сынақ шығады. Ол өте сұлу 
болып өседі. Уәзірдің әйелi оның сұлулығына тамсанып, қызыға бастайды. 
Күндер өте келе әйелдің жүрегінде махаббат оянады. Бiрақ Юсуф оған 
бұрылып қарамайтын. Уәзір әйелінің Юсуфқа деген сүйiспеншiлiк 
махаббаты барған сайын арта түседі. Бірде әйел оны ойнас жасау 
мақсатында өзіне шақырады. Мұны сезген Юсуф бас тартып: «Мұндай iстен 
Аллаһ сақтасын! Ол бiздi көрiп тұр. Аллаһ бiздi мұндай арам iстен алыс 
болуға бұйырған», – дейдi. Уәзірдің әйелі Юсуфты ойлаған iсіне 
мәжбүрлемек болады. Юсуф одан қашпақ болғанда, әйел оның көйлегiн 
жыртып тастайды. Сол сәтте уәзір келiп қалады. Әйел Юсуфқа жала жауып, 
күйеуiнен оны зынданға тастауын талап етеді. Бұған уәзір сенбейді. 
Қаланың барша халқының және әйелдерінің арасында уәзір әйелінің құл 
баласына деген махаббаты жайлы оқиға тарап кетеді. Уәзірдің әйелі өзге 
әйелдердi үйiне қонақ етіп, олардың алдарына әртүрлі тағам мен жемiс-
жидектер қояды. Әрi жемістерді кесiп жеулерi үшiн әрқайсысына бір-бір 
өткір пышақтан береді. Сосын Юсуфқа әйелдердiң алдына шығуды 
бұйырады. Әйелдер Юсуфты көрiп, тамсанғандарынан қолдарындағы 
пышақтармен саусақтарын кесiп «Құдайым-ау! Бұл адам баласы емес, нағыз 
перiште ғой» деп шуласады. Уәзір әйелі оларға: «Сендер өсектеп жүрген 
бала осы Юсуф болады. Ол сұлулығымен сендердi де сиқырлап қойды. 
Оның сұлулығына тамсанғаннан қолдарыңды кесiп жiбердiңдер. Ал мен 
барлық уақытта онымен бiрге өмiр сүремiн. Ол менің махаббатымнан бас 
тартты. Егер ол менiң талабымды орындамаса, азапталады. Әрi маған 
бағынып, менi жақсы көрмегенi үшiн жазаланып, қамалады», – дедi. 
Юсуф – зынданда 
Юсуф бұл әйелдің сөздерiн естiп: «Уа, Раббым! Маған оның шақырып 
отырған арам ісінен зындан жақсырақ», – дедi. 
Мінеки, ол арам iске бой ұрмауы үшiн зынданды артық санады. 
Шынында да, уәзір әйелі күйеуiне барып, бұл жiгiттi зынданға тастауды 
талап етіп қоймады. Күйеуi барлық iсте әйеліне құлақ асатын. Бұл жолы да 
уәзір әйеліне күмәнданса да, оның талабын орындауға мәжбүр болды. 
Сөйтіп, патшаның нөкерлерi Юсуфты зынданға тастады. Бұл – уәзір 
әйелінің күнәсіз, ары таза, пәк жігіттен алған кегі. Ал Юсуфтың кiнәсi арам 
iстi қаламауы мен Аллаһ тағалаға сенгені, адалдығы және тақуалығы едi.
Осылайша Юсуф түрмеге жүрегi тыныштық тапқан күйде кiрдi. Ол бұл 
жерде тура жолды көрсетiп, насихат айтатын адамдардың бар екенін түсінді. 
Олардың иманға келуi ықтимал еді. Бұл Юсуфтың уағыз айтуына өте бiр 


47 
қолайлы сәт болды. Кәпiр болып салтанатты сарайда отырғаннан иманды 
болып түрмеде отырған қандай жақсы! 
Түрмеге Юсуфпен бiрге екi жiгiт түскен болатын. Ол екеуi Юсуфтың 
таза, тақуалы жiгiт екенiн бiлдi. Бiрде ол екi жiгiт ғажайып бiр түстер көредi. 
Таңертең ұйқыларынан оянып, көрген түстерін Юсуфқа айтады. Бiрiншiсi: 
«Мен түсiмде жүзiм қысып жатыр екенмiн», – десе, екiншiсi: «Мен басыма 
нан көтерiп алыппын. Құстар болса одан жеп кетiп жатыр екен», – деп 
түстерiн баяндайды. Олар: «Ей, Юсуф! Бұл көргенiмiзден сен не түсiнесiң?» 
– деп түстерін жорып беруін сұрайды. 
Юсуф тұтқындардың өзiн ұнататындығын сезіп қуанады. Ол бұл екi 
жiгiтпен әңгiменi олардың түстерiнен емес, иман туралы бастауды жөн 
көредi. Ендеше, уағыздан бастауға мүмкiндiк туды. Бұл мүмкiндiктi қалай 
да пайдалану керек. Юсуф осы оймен сөздерiн бастап: «Мен – Аллаһқа 
сенген мүмін адаммын. Мен мүсiндерге сенбеймiн. Бүкiл әлемнiң 
Жаратушысы Аллаһқа ғана бойсұнамын. Ей, достарым! Көптеген құдай 
қайырлы ма, әлде жалғыз әрі Құдіретті Аллаһ қайырлы ма? Ол – 
адамдардың да, бүкіл жаратылыстың да Раббысы! Ей, жiгiттер! Мен – Аллаһ 
тағаланың адамдарға жiберген елшiсiмiн. Мен қазiр сендерге түстерiңдi 
жорып беремiн. Аллаһ қаласа, түстерiңнiң жоруы дәл мен айтқандай 
болады. Өйткенi мен тура айтамын. Бiрiншi түстiң иесi ақталып, зынданнан 
шығарылады және патшаға жүзiм шарабын дайындап берушi болып 
қызметке орналасады. Ал екiншi түстiң иесi өлтiрiледi», – деп түстерді 
жориды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет