48
байқаған
патша оны, өзiнiң ұсынысы бойынша, қаржы қазынасының
басшысы етiп тағайындайды.
Інімен кездесу
Юсуфтың iстi жақсы жүргiзетiндiгi көршi елдерге де жетедi.
Сауда
iстерiн жүргiзулерi үшiн адамдар оған келе бастайды. Сол келушiлердiң
арасында Юсуфтың ағалары да бар еді. Юсуф ағаларын көрiп, таниды. Бірақ
ағалары оны танымайды. Ол ағаларын жақсылап қонақ етiп, күтіп
қайтарады. Сөйтіп, ол ағаларына келесi жолы
өздерiмен бiрге келмеген
iнiлерiн алып келу шартымен ғана қалағандарын беретiнiн айтады. Ағалары:
«Бұл – қиын шарт. Өйткенi әкемiз оны алып келуiмiзге рұқсат бермейдi.
Бірақ әкемiздi көндiрiп, оны алып келуге уәде беремiз», – деседі. Олар
әкелерiне келiп, бұл жөнiнде әңгiме қозғайды. Әкелерi алғашқыда бұған
келiспейдi. Алайда олар дүниелерін ашып көрсеткенде,
сатуға әкеткен
заттары мен патшаның жасаған тартуларының түгелдей сол қалпында
келгенін көредi. Содан кейiн ұлдарынан уәделерін алып, кіші баласын ертiп
жiбереді.
Керуен қайта оралғанда, Юсуф iнiсiнiң де келгенiн көрiп, қатты қуанады.
Iнiсiне: «Мен – сенiң ағаң Юсуфпын. Сенi алып қалуға тырысамын. Сен
қорықпа», – деген сөздерiн жайлап жеткiзедi. Ағалары қайтуға дайындалып
жатады. Юсуф патшаның бір ыдысын iнісiнiң жүгiнiң арасына салып қояды.
Жоғалған ыдыстың хабары лезде жайылып, керуендегi барлық адамның
заттары тексерiлуге бұйырылады. Нөкерлер
керуендi тексеру барысында
патшаның ыдысын Юсуфтың iнiсiнiң жүгiнiң арасынан тауып алады. Және
оны зынданға қамауға үкiм шығарады. Бұл iстi Юсуф iнiсiн өзiмен қалдыру
үшін жоспарлап, жүзеге асырған едi. Ал ағалары бұл iстiң сырын бiлместен
көп қайғырады. Iштерiндегi үлкенi: «Мен әкемiздiң қасына бармаймын.
Сендер барып, болған оқиғаны әкемiзге жеткiзiп, баласының ұрлық
жасағанын айтыңдар», – дейдi.
Достарыңызбен бөлісу: