94
қимылдамай қанша жатқанын бiлесiң бе?» – деп сұрады. Узайр: «Көп
ұйықтаған жоқпын, бiр немесе жарты күн ұйықтаған болуым керек», – дедi.
Перiште: «Ей, Узайр! Сен ұйықтамадың, өлдiң. Аллаһ тағала сенi жүз
жыл мерзiмге өлтiрдi. Сен оны бiлмейсiң. Бұл
уақыт аралығында қалалар
өзгерiп, сен бiлетiн әрi сенi бiлетiн адамдар сол заманда-ақ дүниеден
қайтқан. Аллаһ тағала сені таңдандырған сауалыңа жауапты өз көзiңмен
көрсету үшін қайта тірілтті. Бұл – сен үшiн сабақ. Бұл арқылы сен Аллаһ
тағаланың өлiктердi шiрiген сүйекке айналып кетсе де, қайта тiрiлтетiнiне
көз жеткiзетiн боласың. Сен жүз жыл өлiп жаттың. Сенiң де тек шашылған
сүйектерiң ғана қалған-ды. Кейiн Аллаһ Өз құдiретiмен оларды жинап, жан
бiтiрдi. Ей, Узайр! Осылайша сен қайта тiрiлдiң. Ал қазiр сен өлмей тұрған
кезiңдегi өзiңмен болған заттарды дәлел ретiнде көретiн боласың», – дедi.
Узайр
бұл сөздердi таңдана тыңдап, жауаптың жалғасын естуге ынтықты.
Періште: «Ей, Узайр! Сен бұл ауылға кiрiп, сұрақтарыңды сұрамай
тұрып, есекке мiнiп,
бiр себет жемiс алып, үйiңе кетiп бара жатқан едiң,
солай ма?» – деді. Узайр: «Иә, солай, бiрақ қазiр есек пен себет қайда?» –
дедi. Перiште: «Берi кел, мiне, сенiң себетiң.
Жақсылап қара, ондағы
жемiстерiң мен тамақтарыңды Аллаһ тағала өзiң қалдырғандай жаңа түрiне
келтiрiп пе? Ендi берi кел, мынау шашылып жатқан сүйектерге қара. Бұл –
сенiң есегiңнiң сүйектерi.
Бақылап тұр, қазiр сүйектер жиналып, Аллаһ
оларға қайта ет бiтiредi. Бiраздан кейiн есегiң түрегеледі. Бұл көз алдыңда
болып жатқан көрiнiстерге мұқият зер сал», – деді.
Достарыңызбен бөлісу: