ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет72/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102
Хикаялар

(«Тәуба» сүресі, 
30-аят)

Яһудилердегі «Узайр – Аллаһтың ұлы» деген пікір христиандардың діни 
тағылымдарында қалыптасқан «Иса – Аллаһтың ұлы» деген пікірлері 
сияқты олардың сенімдеріне берік орналасуы мүмкін. Бұл – өте үлкен 
қателік. 
Аллаһтың ізгі құлы 
Узайр жастайынан Мұсаның ізінен еруші яһудилердің ортасында өсті. Ол 
терең білімді, ізгі мінезді әрі діндар адам болып ержетті. Узайр жоғарыдан 
Мұсаға түсірілген кітап – Тәуратты жатқа білетін. Діндар Узайрдың 
жүрегінде Тәураттың әрбір бетіндегі сөздер тасқа ойылған таңбадай 


93 
жазылған-ды. Ол еліне шешен тілімен, ойлы сөздерімен, сенімділігімен 
және әділ қазылық өнерімен танымал болатын. 
Бiрде Узайр әдемi бау-бақшасына кiрiп, онда бiр сәт аялдап, ағаштардың 
пiскен жемiстерiне қарап, бұл нығметтердi берген Раббысына шүкiрлік 
айтады. Сосын жүзiм, iнжiр секiлдi тәттi жемiстерді себетiне толтырып 
алып, есегiне мiнiп, үйiне қайтады. Ол жолда Аллаһ тағаланың қаншама көп 
мақұлықтарды жаратқанын, Оның құдiреттiлігі, ұлықтығы туралы ойлап 
келе жатып, ойға терең берiлiп кеткендігiнен басқа жолға түсiп, адасып 
қалады. Ол ауылына барар жолды тауып алу үшін әрлі-берлi, оңға-солға 
жүре бастайды. Қанша жүргені белгісіз, бір уақытта ойраны шыққан бiр 
ауылға кезiгедi. Бұл ауылдың тұрғындары ертеректе өмiр сүрiп, барлығы 
қайтыс болып, шiрiген сүйектерi ғана қалған едi. Үйлер қирап, үйiндiлерге 
айналған. Бұл жердегi әрбір мүліктен елдiң қырылып, ойрандалып қалғаны 
көрінеді. Узайр бұл елдi бұрын бiлмейтiн. Ол есегiнен түсiп, жемiс тола 
себетiн қойып, ауылды көрмекке жаяу аралап кетеді. Анау жерде үйлердiң 
төбесi опырылып ортасына түскен. Қабырғалары құлап, әбден күйреген. 
Мына жерде адамдардың сүйектерi қурап, қаусап, шашылып жатыр. Узайр 
бұл көрiнiске таңдана қарап, ауылды аралап жүрiп, есегiн де, себетiн де, 
үйiне қайтып бара жатқандығын да ұмытады. Осыншалық қирап, ойраны 
шыққан ауыл туралы терең ойға берiлiп: «Көрiп тұрғандарымның барлығы 
қирап, шiрiп, шашылып кеткен. Ғажап! Қиямет күнi Аллаһ тағала бұл 
шашылып жатқан денелердi қалайша қалпына келтiрiп, тiрiлтер екен?! Уа, 
Раббым! Бұл iстердi қалай қыласың?» – деп ойлады. 
Узайрдың өлімі 
Узайр ойын жалғастыра түстi. Негiзiнде, ол Аллаһ тағаланың қайта 
тiрiлтетiнiне сенетін. Бiрақ ол бұл iстi тереңiрек бiлiп, көңiлiн 
тыныштандырғысы келдi. Аллаһ тағала осы сәтте оның бұл ойына жауап 
берудi қалады. Узайр әрі-берi қарап жүрген едi, кенет денесi әлсiзденiп, 
жерге құлады. Қабақтары жабылып, көздерi жұмылды. Бiр сәт өтер-өтпес ол 
қимылсыз қалды. Жүрегi соғуын тоқтатты. Осылайша Узайр өлдi. Оның 
артынан есегi де өлдi. Ендi не болмақ? Ол осылай өлген қалпында қала ма? 
Әлде таңдандырған сауалдарына жауап ала ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет