Тоқым – аттың арқасында ер батып, ауыртпауы үшін салынатын төсеніш. Ол киізден сырып жасалады немесе сырты түгелдей қалың былғарымен қапталады.
Терлік – қойдың жабағы жүнінен жасалып, тоқымның астына салынады. Шеттерін былғары немесе матамен көмкереді. Терлік аты айтып тұрғандай, тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.
Тебінгі – ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Тебінгі тоқым қысқа болған жағдайда аяқ-киім мен шалбардың балағын аттың терісінен қорғайды.
Үзеңгі – жануарға аяқ тіреп міну және отыру үшін қажет жабдық. Оны қоладан, темірден не ағаштан жасайды.
Қанжыға – салт атқа бөктерген затты байлайтын жіңішке қайыс тартпа
Құйысқан – ердің аттың мойнына қарай жылжып кетпеуі үшін былғарыдан қайыспен астарлап, қайып жасалатын әбзел түрі.
Өмілдірік – ердің артқа қарай сырғып кетпеуі үшін аттың кеудесіне тағатын әбзел.
Қамшы – негізінен, атты жүргізу, малдарды айдау үшін пайдаланылған, кейде қару ретінде жұмсалған құрал.
Кісен – жылқыны матау әбзелі.
Тұсамыс – ат ұзап кетіп қалмас үшін алдыңғы екі аяғын бір-біріне матап қоятын әбзел түрі.
Қамыт – атты арбаға, шанаға жегу үшін пайдаланылады.
Доға – жылқыны арбаға не шанаға жеккенде қамытты тәртеге жалғастыратын әбзел.
Таға – жылқының тосырқамауы немесе мұздан таймауы үшін тұяғына қағылады.
Жүген – міністегі немесе арба, шанаға жегілген жануарды басқару үшін қолданылатын әбзел.
Жүйрік ат туралы өз жұмысымды І.Жансүгіровтың өлеңімен аяқтаймын.
Жанына еліміздің жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан,
Мінсең – ат, ішсең –қымыз, жесең- қазы,
Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан.
Атты артық көрген елміз мінген тақтан,
Қызық - ақ біздің бәйге қырда шапқан,
Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей,
Аттарға шаң шығарып келе жатқан.
Тізбектелген сабақ үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: |