ҚҰрастырушылар: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер интерфейстері: 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. Алматы: аэжБУ, 2013



бет6/18
Дата19.01.2024
өлшемі193.65 Kb.
#489439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
стандартты және арнайы интерфейстер

Бақылау сұрақтары:
1) Бағдарлама интерфейстерінің түрлері.
2 Интерфейс құру әдістері және аспаптық құралдары.
3) Жүйенің стандартты интерфейсі.
4) Бір және көпбеттік интерфейс.
5) Интерфейсті визуалды жобалауды қамтамасыздандыру технологиялары.
6) Интерфейске инженерлік психология және эргономика талаптары.
5, 6 дәрістер. Операторлардың психофизиологиялық сипаттамалары
Дәріс мақсаты: сұхбатты жүргізудің қарқыны. Жүйенің жауап беру уақыты. Түсті қабылдау сипаттамалары. Кеңістіктік сипаттамалары ұғымдары мен түсініктерін қарастыру.
Оператордың психофизиологиялық сипаттамалары компьютермен байланысқанда өзекті мәселе болып табылады. Біріншіден бұл:
- ақпартты қабылдауға және өңдеуге мүмкіншілігі;
- сенсорлық және қысқа уақтылы жады көлемі;
- өте маңызды ақпаратқа көңілді шоғырлауға дағдылану;
- ұзақ уақтылы жадыдан ақпаратты шығара білу;
- моторлы ептілік пен реакция;
- реакция уақыты;
- түстік гамма қабылдау қабілеттілігі және т.б.
Жоғарыда атап өтілген пайдаланушының сипаттамалары интерактивті қосымша жасауда ескерілуі қажет. Ол экрандағы ақпараттың визуалды атрибуттарының ойланылған таңдау көмегімен пайдаланушының бағдарламалық қосымшамен ыңғайлы қарқында жұмыс істеуді қамтамасыз етуі керек.
Сұхбатты жүргізу қарқыны.
Сұхбатты жүргізудің қарқыны шешілетін есептің ерекшелігіне және компьютердің аппараттық және бағдарламалық құрылғыларының сипаттамасына байланысты. Сұхбатты жүргізу қарқынының адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестік талаптары, осы сипаттамалардың мәндеріне тек “жоғарыдан” ғана емес, сонымен қатар “төменнен де” шектеулер қояды. Осы мазмұндауды түсіндірейік.
Жүйенің жауап беру уақыты оқиға және жүйенің оған реакциясының аралығы ретінде қарастырады. Интерфейстің осы сипаттамасы пайдаланушының есептің келесі қадамына өтуінің бөгелісін анықтайды. 60-жылдары ең алғашқы интерактивті жүйелер пайда болғанда сұхбатты жүргізу қарқынын есепке алу сезілді. Жүйенің баяу жауап беруі пайдаланушының психологиялық қажеттілігіне сәйкес келмейді, ол қызметтің тиімділігін төмендетеді. Өте тез жауап қайыру жүйе туралы жағымсыз ойға әкелуі мүмкін. Жауап беру уақытына қойылатын талап пайдаланушы жүйе жұмысынан нені күтетіні және жүйемен қатынастың есепті орындалуына қалай әсер ететіне байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, егер жауап беру уақыты күткеннен аз болса, онда мәзірден операцияларды таңдау дәлдігі жүйенің жауап беру уақыты өскен сайын өседі. Жүйенің тез жауап беруі пайдаланушыны асықтырады да, ол өзінен әлдеқайда епті әріптесінен қалмауға тырысады. Жауап беру уақыты пайдаланушының табиғи жұмыс істеу ритміне сәйкес болуы қажет. Жай сөйлесу кезінде адам жауапты 2-секундтай күтеді, компьютермен жұмыс істегенде де сол сияқты. Күту уақыты оның жағдайы мен мүддесіне байланысты. Пайдаланушыға оның алдыңғы жүйемен жұмыс істеу тәжірбиесі де әсер етеді.
Әдетте адам бір мезетте бес-тоғыз зат туралы мәліметтерді есте сақтай алады. Сонымен қатар қысқа мезетті есте сақтау қабілеті уақытпен: 2-сек ауызша ақпарат және 30 секунд сенсорлық үшін шектелген. Сондықтан адамдар бірмезгілде ақпараттың өлшеміне қарай есте сақтай алғандықтан, өз қызметін кезеңдерге бөлуге ыңғайланады. Кезекті кезеңнің аяқталуын кідіру деп атаймыз. Кідіру болуға кедергі келтіретін тоқтамдар өте зиянды және жағымсыз, өйткені қысқамерзімді жады құрамы үнемі жаңаруды талап етеді және ол сыртқы факторлардың әсерінен тез жойылады. Кідірістен кейін мұндай кідірістер өте қажет және қолайлы. Есептің аяқталуы, демалу, жабылу деп аталады. Сол мезетте ақпаратты әрі қарай сақтаудың керегі болмай, адам нақты психологиялық жеңілдейді. Пайдаланушылар өз жұмыстарын тезірек жабуға тырысқандықтан, пайдаланушы аралық ақпаратты уақтылы жойып отыруы үшін, сұхбатты фрагменттерге бөлуі қажет. Пайдаланушылар, көбіне бастаушылар үлкен операцияның көп кіші операцияларын таңдайды. Өйткені олар алдынғы қадам жұмысының детальдарынан көңілін аулап қана қоймай, жақсы басқару мүмкіндігіне ие болады. Зерттеулер нәтижесінде интерактивті жүйе жауабы үшін келесі ұсыныстарды ұсынады:
1) 0,1.....0,2 сек – физикалық жүрісті растау үшін (батырманы басу, мауспен жұмыс).
2) 0,5.....1,0 сек – қарапайым командаға жауап беруі үшін (мысалы, команда беру кезеңінен, экранға жаңа бейне шыққанға дейін мәзірден қажетті жауапты таңдау).
3) 1...2 сек – байланыс сұхбатын жүргізгенде (пайдаланушы өзара байланысты сұрақтарды ақпараттың бір бөлігі деп қарастырып, оған жауап қайтаруды қалыптастырады; бірінен кейін бірі тізбектелген сұрақтар арасындағы кідіріс көрсетілген ұзақтықтан аспауы қажет).
4) 2...4 сек – күрделі сұраныс үшін. Кейде 10 сек дейін созылуы мүмкін.
5) 10 секундтан жоғары – мультиесепті режимде жұмыс істеу. Пайдаланушы есепті фондық үдеріс ретінде қабылдаса, онда мультирежим іске қосылады.
Егер пайдаланушы 20 сек көп жауап алмаса, онда бұл интерактивті жүйе емес. Бұл жағдайда пайдаланушы есепті “ұмытып”, басқа есепке көшіп, оған ыңғайлы болған кезде оралуы мүмкін. Бұл жағдайда жүйе пайдаланушыға жауаптың кідіруі жүйенің жұмыстан шыққаны емес екені туралы мәлімет беруі қажет.
Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттары.
Кескінделген ақпараттың көзбен шолу атрибуттарына жататындар:
- кескінделген нысанның өзара орналасуы және көлемі;
- түстік палитра;
- пайдаланушы назарын аударатын құрал.
Экранда нысандардың ыңғайлы орналасуы, адам миының оң және сол жақтарының ассимметриясын есепке алуға байланысты. Себебі оң және сол жақ жарты шарлар ақпаратты қабылдауда және өңдеуде әртүрлі қатысады. Жек жағдайда, сөздерді еске сақтауда сол жақ жарты шар маңызды рөл атқарады, ал түрлерді (образ) сақтауда оң жағы белсенді. Экранның оң бөлігіндегі ақпарат сол жақ жарты шарға түседі, керісінше сол бөліктен оң жаққа түседі. Кей адамдарда жарты шарларды бөлу функциясы қарама-қарсы, әйелдерде ассимметрия еркектерге қарағанда осалырақ дамыған. Бұл жағдай ақпаратты көрсету сипатын жекелендіру керектігін тағы да дәлелдейді. Хабарламалардың келіп түсу аралығы 10-сек аспаса, жады ассимметриясын ескеру маңызды рөл атқарады. Сондықтанда осы ұсыныстарды нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін бағдарлама интерфейсін құруда ескеру қажет.
Тағы бір маңызды мәселе – ол оператордың бір мезетте бес-тоғыздан көп емес нысандардың қысқа мерзімді жадыда сақтаудың шектілігі.
Визуалды элементтерді қабылдау қарапайым үдерістерден тұрады: іздеу, анықтау, тану және декодтау. Осы үдерістерді орындау үшін пайдаланушының көру қабілетінің сипаттамасының маңызы зор:
- түстік қабылдау;
- жазықтылық;
- ашықтылық;
- уақыттылық.
Мұның бәрі экрандағы нысан өлшемі мен оның сәулелену қасиетіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет