3 дәріс. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары: интерфейстің келісімділігі, “кері байланыс” қағидасы, интерфейс қарапайымдылығы Дәріс мақсаты: интерфейстің келісімділігі. “Кері байланыс” қағидасы. Интерфейс қарапайымдылығы.
Интерфейс қарапайымдылығы.
Қарапайым интерфейс бұл – пайдаланушының үйреншікті шешу әдістерін өзгертпейтін интерфейс. Дербес жағдайда қосымша берген жауаптар мен хабарламалар қосымша түсініктемелерді қажет етпеуі тиіс. Аталмыш пәндік облыста қолданылатын белгілеулер мен терминдер жүйесін сақтап қалу орынды болады. Пайдаланушыға таныс суреттер мен түсініктерді қолдану тапсырмаларды орындалу барысында интуитивті түсінікті интерфейсті қамтамасыз етеді.
Интерфейстің келісімділігі. Келісімділік интерфейсі пайдаланушыларға білімдерін жаңа есептерге көшіруге және жаңа аспектілерді үйренуге мүмкіндік береді. Келісімділік интерфейстің барлық аспектілеріне маңызды. Оның ішінде команда аттары, ақпаратты визуалды түрде көрсету және интерактивті элементтердің тәртібі де бар. Жасалынып отырған бағдарламалық қамтамада келісімділік қасиетін іске асыру үшін оның әртүрлі аспектілерін ескеру қажет.
Қосымшаның шеңберіндегі келісімділік. Бір команда бір қызметті қай жерде кездескеніне қарамастан бірдей орындауы керек. Мысалы, егер бір сұхбат терезесінде “Көшіру” командасы сәйкес қызметті дереу орындауды білдірсе, онда басқа терезеде пайдаланушыдан көшіретін ақпараттың орны туралы қосымша көрсетуді талап етпеуі тиіс.
Жұмыс ортасы шеңберіндегі келісімділік. Операциялық жүйемен (мысалы, OЖ Windows) берілген интерфейспен келісімділікті қолдай отырып, сіздің қосымшаңыз пайдаланушының басқа да қосымшалармен жұмыс істегенде алған білімі мен дағдыларына сүйене алады.
Интерфейстің жақындылығы («кешірім» қағидасы). Әдетте пайдаланушылар жаңа бағдарламалық қамтамамен жұмысты көптеген қателер жіберу арқылы түсінеді. Жұмыстың әр сатысында бағдарлама пайдаланушыға қай қимыл жүйеге зиян келтіретінін айтып отырса, жақсы болар еді немесе қатені түзету мүмкіндігі болса, тіпті жақсы. Жақсы ойластырылған интерфейс дегеннің өзінде пайдаланушылар қате жіберулері мүмкін. Бұл қателердің “физикалық” (дұрыс емес команда немесе мәліметтерді кездейсоқ таңдау) және “логикалық” түрлері (команда немесе мәліметтерді таңдау туралы дұрыс емес шешім қабылдау) болады. Тиімді интерфейс қатемен аяқталатын оқиғаны болдырмауы қажет. Ол сонымен қатар пайдаланушының мүмкін қателеріне икемделуі және қателерді жою үдерісін жеңілдетуі қажет
“Кері байланыс” қағидасы Пайдаланушының кері байланыстық қатынасының мағынасы - пайдаланушы әрбір қадамы туралы визуалды, кейде дыбыстық расталуы қажет, яғни бағдарламалық қамтамаға берілген команда қабылданғаны расталуы керек. Сонымен қатар орындалған қадам табиғатын ескеруі қажет. Кері байланыс пайдаланушы мен жүйенің соңғы өзара әрекеттесуі кезінде және уақтылы орындалғанда ғана тиімді болып саналады. Компьютер түскен есепті орындап жатқанда, пайдаланушыға орындалу үдерісінің жағдайын, керек жағдайда үдерісті тоқтатуға мүмкіндік беру пайдалы.
Интерфейстің қарапайымдылығы. Интерфейс қарапайым болуы қажет. Қолдану және үйренуге қолайлы, жеңіл болуы көзделеді. Берілген қосымшаның функционалды мүмкіндіктеріне қатынасуға мүмкіндік берілуі керек. Кең функционалды мүмкіндікке рұқсат алу мен жұмыс істеуді қарапайымдандыру бір-біріне қарама-қарсы. Осы мақсаттарды орындау үшін тиімді интерфейсті жасау қажет. Қарапайымдылықты сақтаудың бір түрі – пайдаланушыға келесі қадамды орындауы үшін минимальды мәлімет беру. Жекелей айтқанда, көпсөзді командалық атаулар мен хабарламаларды айналып өту. Ойланылмаған немесе шектен тыс сөздер пайдаланушының керекті мәліметті алу мүмкіндігін қиындатады. Қарапайым, бірақ тиімді интерфейсті құрудың басқа бір жолы – элементтерді мағыналы мәні және логикалық өзара байланысымен экранда орналастыру. Бұл пайдаланушының жұмыс істеу барысында ассоциативті ойлануына мүмкіндік береді. Тізбектелген ашылу (сұхбаттық терезе, мәзір және т.б) арқылы пайдаланушыға көмектесуге болады. Тізбектелген ашылу ақпараттың келесі қадамды орындауы үшін керекті ғана бөлігін әр мезетте экранда көрсетеді. Пайдаланушыға арналған ақпараттың көлемі азайған сайын, өңделетін ақпарат көлемі де азаяды. Осындай ұйымдастырудың мысалы ретінде иерархиялық мәзірді атауға болады. Оның әр деңгейі пайдаланушымен таңдалған жоғары деңгейдегі бір бөлігіне сай.