Развитие инновационной экономики: теория и практика


ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ



бет2/16
Дата25.02.2016
өлшемі2.67 Mb.
#22212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Т.Ж. Байбозова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.,

Қазақстан Республикасы

E-mail: taby_92@mail.ru

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «біздің міндетіміз - әлемдік қоғамдастық алдында Қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде көрсету, маңызды салаларға инвесторларды белсене тарту» – деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының басымды ұстанымы - нарықтық қатынас кезінде мемлекеттің экономикасын және жоғары деңгейде шетел инвестициясын нығайту болып табылады [1].

Сондықтан тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатында бəсекеге қабiлеттi, жоғары технологиялы жəне ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамытуға басым тəртiппен бағытталатын, ішкi жəне сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейiне қол жеткiзуіміз керек.

Қандай да елде болмасын инвестициялық үдерістер инвестициялық үдерістер елдің экономикалық өсуін жоғарылатады, елдегі жұмыссыздық деңгейін қысқартып, тұрақты экономикалық өсудің ең жоғарғы дәрежесіне алып келеді.

Шетел капиталын Қазақстанға тарту республика экономикасын дамытудың коньюктуралық, тактикалық және стратегиялық міндеттеріне жатады. Қазақстан басқа елдер сияқты шетел инвестициясын келесі факторлар есебінде қарастырады:



  • экономикалық және тактикалық үдістерді жеңілдету;

  • өндірістік ақпаратты жаңарту;

  • өндірісіті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін меңгеру;

  • нарықтық экономиканың талаптарына сай кадрлер дайындауды және жұмыспен қамтуды іске асыру [2].

Инвестициялық ахуалды бағалауға қолданылатын неғұрлым әмбебап тәсіл – факторлық болып табылады. Ол ұлттық экономиканың инвестициялық ахуалына әсер ететін факторлардың жинағын бағалауға негізделеді. Инвестиция мен салықтыр бойынша халықаралық орталықтың ұсыныстарына сәйкес (ITIC) Қазақстан экономикасына тартылатын инвестиция ағымына кедергі жасайтын факторларды ранжирлеу жүргізілді. Қазақстанға инвестицияның кіруіне мәнді кедергі жасайтын экономикалық кедергілер, одан кейін сәйкесінше: құқықтық және саяси факторлар, ал сосын – ұйымдық факторлар және материалдық–техникалық мінездегі мәселелер [3].

Қазірде инвестиция көлемі ел экономикасының тұрақталып, одан әрі дамуына үлкен септігін тигізіп отырғаны сөзсіз. Айта кетерлік жағдай, елімізге инвестиция салудың 10 себебі бар екен. Олар:



  1. Орналасу жағдайы қолайлы.

  2. Саяси тұрақтылығы.

  3. Табиғи қорлары бай.

  4. Инвесторлардың қорғалуы.

  5. Бизнес климаттың жайлылығы.

  6. Ұлтаралық компаниялардың қатысуы.

  7. ТШИ-дің көлемділігі.

  8. Экономикалық өркендеу.

  9. Кеден одағы елдерінің нарықтары.

  10. Индустриалды-инновациялық дамуы

Бұл ерекшеліктерге жеке-жеке тоқталып өтелік. Біріншіден, ҚР-сы Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан, өз заманында қазақ даласының үстімен Ұлы Жібек Жолы өткен. Азия-Тынық мұхит өңірін Таяу және Орта Шығыспен, және Еуропамен жалғайтын негізгі құрлықаралық бағыттар Қазақстан жерімен өтеді. БРҮҚ (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) «төрттігіне» кіретін үш ел Қазақстанға жақын орналасқан: Ресей, Қытай және Үндістан.

Екіншіден, Қазақстанның әлемдік инвестициялық нарықтағы тиімді артықшылығы – оның ішкі саяси тұрақтылығы. Мемлекет басшылығы әрдайым бұл мәселені елдің дамуының басты арқауы деп таныды. 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі болып табылады. 2010 жылдың желтоқсанында Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ саммиті – посткеңестік кеңістік елдерінің тарихында орын алған ең ауқымды форум. 2011 жылы Қазақстан Орта Азия елдерінің ішінде алғаш рет Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық форумын өткізді. 2011 жылдың ақпан айында Қазақстанды ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) аймақтық бағдарламасының Басқарушы комитетіне мүше болдық.

Үшіншіден, Қазақстанның негізгі байлықтарының бірі – бұл оның пайдалы қазбалары. Қазақстан табиғи ресурстарының қоры бойынша әлемде 6-шы орында. Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер кестесінің 110 элементінің ішінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент табылған, 70 элемент барланған, 60 элемент өндірілуде және пайдаланылуда. Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, олардың болжамды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды [4].

Төртіншіден, Қазақстанда шетелдік инвестицияларға ұлттық мәртебе берілген және шетелдік және отандық компанияларына инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін тең жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, 45 елмен Инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу жөніндегі келісімшарт жасады және Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде бір келісім жасады, олар инвесторлардың құқықтарын қорғаудың мынадай қосымша кепілдіктерін ұсынады: дискриминациядан, реквизициялаудан және мемлекеттік меншіктеуден қорғаудан қорғау, арбитраждық келісім жасалмаған жағдайда, инвестициялық дауларды халықаралық арбитраж соттарында шешу құқығы.

Бесіншіден, Қазақстанда инвесторларға арналған жайлы бизнес-климаттың барлық тұстарына жіті көңіл бөлінеді: әкімшілік тосқауылдарды азайту және рәсімдерді жеңілдету, құқық қорғау жүйесінің және сот жүйесінің тиімділігін арттыру, кедендік және салықтық әкімшілік жүргізуді жақсарту. Соңғы екі жыл ішінде ҚР кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасауда орасан зор табысқа қол жеткізген 10 елден құралған қатарды бастап келеді. Инвестициялық климаттың жайлылығына халықаралық рейтингтерде Қазақстан Республикасының «Doing Business» рейтингі бойынша 47, ал «Менеджментті дамытудың Халықаралық институтының (IMD) рейтингі» бойынша 36 орында тұрғандығы куә болады.

Алтыншыдан, бизнесті жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайлардың арқасында Қазақстанға мультиұлттық және шетелдік компаниялар жұмыс істеуге келді [4].

Жетіншіден, Тікелей шетел инвестициялардың Қазақстанға көп мөлшерде құйылуына мүмкіндік туғызды, 1993 жылдан бері Қазақстанға 136 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға ТШИ тартылды (1- сурет).

барлық ТШИ млн.АҚШ доллары


1- сурет. Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестициялардың тартылуы
Сегізіншіден, экономикалық өркендеу барасында көреген саясаттың және тартылған ТШИ-дің арқасында Қазақстан экономикасының өркендеу қарқыны тұрақты болып отыр (2- сурет).

2- сурет. ТШИ- дың Қазақстан экономикасының өркендеу қарқынына әсері
Тоғызыншыдан, Кеден Одағы елдерінің нарықтары. Нарығының сыйымдылығы шамамен 170 млн. адамды құрайтын Кеден одағына Қазақстанның кіруі инвесторлардың алдында республика аумағында инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады мен жаңа жетістіктерге жетелейді. Инвесторлар өз өнімдерін Белоруссия және Ресей нарықтарына кедергісіз жылжыта алады.

Соңғы онжылдықтың ішінде Жалпы ішкі өнім 8-ден астам есеге өсті (17 млрд.-тан 146,5 млрд. долларға дейін).

Оныншыдан, Индустриалды-инновациялық дамуы. Қазақстанда индустрияландырудың базалық институционалды негіздері құрылған:


  • Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Ұлттық қор;

  • Жаңа бағыттарды іске асыруға арналған мемлекеттің әлеуетін шоғырландыратын "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ;

  • әртараптандыру үдерісімен қатар жүретін даму институттары.

Қазіргі таңда қалыптасып отырған экономикалық жағдайға байланысты ТШИ-ға деген тартыс кенеттен күшейді. ТМД елдерін қоспағанда агрессиялы инвестициялық саясатты Еуропа да жүргізе бастады. Сондықтан дәл қазір Қазақстан алдында екі маңызды міндет тұр. Біріншісі, шетелдік инвестицияларды белсенді тарту болса, екіншісі, олар үшін өзге елдермен бәсекелестікті табысты жүргізу. Жүргізілген зерттеулер Қазақстанның инвестициялық сыйымдылығының өсу әлеуеті жоғары екендігін көрсетеді. Сәйкесінше, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ел әлеуетін тиімді қолдану арқылы ТШИ-ды жылына 10 млрд. АҚШ долларына дейін өсіруге мүмкіндік бар. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру – барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік құры­лымдардың еліміздің бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру арқылы қол жеткізетін негізгі міндеті.

Өсу меншік және заем қаражатымен қамтамасыз етілді. 2011 жылғы қаңтарда инвестициялардың көлемі 4,3% көтерілді. Өсудің негізі - меншік және заем қаражатының ұлғаюы, олар номиналды түрде тиісінше, 21,8% және 3,3 есе өсті [5].

Қазақстандағы экономикалық өсудің барынша нақты үш нұсқасы әзірленді. Олардың барлығы да 2030 жылы шекті мақсатқа – халықтың жан басына шаққанда 40 мың АҚШ долларына қол жеткізуді көздейді. Халық санының тұрақты табиғи өсімі – 13%, туылған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,7 жас болғанда, Қазақстан халқының саны 20,856 мың адамды құрайды. Бұл бастапқы деректер "Адам дамуы туралы ұлттық есептен" алынған. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылы табиғи өсім 13,1% құрады.

Қойылған міндетті шешу үшін негізгі капиталға салынатын жыл сайынғы инвестицияларды 10–12 млрд. теңгеге дейін жеткізу керек, бұл 2008 ж. қарағанда үш есе көп. ҚР үшін экономикалық өсудің шикізаттық бағыты жүзеге асуы да мүмкін. Бұл модельдің іске асырылуы ықпалды қаржы-өндірістік топтардың мүдделеріне жауап береді. Ол шетелдік капиталдың мүддесіне сәйкес келеді, өйткені оның салымдарының басым бөлігі отын–энергетикалық кешенге келеді.

Бірақ дамудың шикізаттық бағытын біз келешегі жоқ деп санаймыз, себебі еліміз батыс мемлекеттерінің шикізат аймағына айналуы мүмкін. Табиғи ресурстарды экспортқа шығару және тұтыну тауарларының импорты мұнайды экспортаушылардың одан әрі баюына алып келеді [6].

2011–2015 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орташа есеппен бір жылда 2,4% құрайды. Ол белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капитал жинағын өсуін қамтамасыз етеді [7].

2011–2015 жылдары тұтынудың өсуі орташа есеппен бір жылда 4,3% құрайды. Бұл ретте үй шаруашылығындағы тұтыну мемлекеттік тұтыну мен салыстырғанда неғұрлым жоғары қарқында өсетін болады. Үкімет жалпы алғанда ЖІӨ компонентері өсуінің мына параметрлерін қамтамасыз етеді (кесте 1).

Соған сәйкес алдағы орта мерзімді кезеңге арналған фискалдық саясат инвестициялар және мемлекеттік тұтынудың көрсетілген параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігінен құрылатын болады.

Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бір жағынан еліміздің өндірістік тиімділігін арттыру және жұмыс орындарын құру үшін қажет. Екінші жағынан, Қазақстандық нарықтың ТШИ-ға өтуі отандық өндірушілердің жұмыстарына кері әсерін тигізеді деген қауіп те бар.

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көрсету мақсатында 2010 жылы инвесторлар үшін Қазақстан туралы 12 тілде егжей-тегжей ақпарат берілген ұлттық инвестициялық веб-сайт іске қосылды. 8 айда веб-сайт шетелдік инвесторлардың 100 шақты сауалына жауап берді, сайтқа әлемнің 140 елінен 43 мыңнан астам оқырман кірді. «Арнайы экономикалық аумақтар туралы» жаңа Заң қабылданды.


Кесте 1. 2011–2015 ж.ж. экономиканың өсу параметрлері, алдыңғы жылға қарағанда, %–бен


Көрсеткіштер

2011

2012

2013

2014

2015

Тұтыну

103,6

103,6

103,9

104,7

105,8

жеке оның ішінде:

104,0

104,1

104,4

105,3

106,8

Мемлекеттік

102,0

101,9

102,1

102,1

102,0

Инвестициялар

102,0

102,2

102,6

102,5

102,7

Тауарлар және қызметтер экспорты

102,1

101,6

102,4

102,2

108,7

Тауарлар және қызметтер импорты

103,0

103,2

103,6

104,2

104,0

Қазақстанға ТШИ Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Рессей елдерінен белсенді түрде құйылуда. Елімізге келіп жатқан ТШИ көлемі 1993 ж. 1271 млн.АҚШ долл. болса, 2005 ж. 6619 млн.АҚШ долл., ал 2011 жылдың 2- ші жартыжылдығында 9997 млн.АҚШ долл. болды. Бұл елімізге ТШИ-ның жылдан жылға артып келе жатқанын көруге болады.

Дегенмен шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер де орын алып отыр:


  • мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудегі жүйеліліктің болмауы;

  • елдің заңнамасының тұрақсыздығы және заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін тетіктердің жоқтығы;

  • инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсекелік жағдайлар;

  • инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамымағандығы;

  • инвестицияларды тартуға байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы. Сонымен, инвестициялық ахуалды жақсарту үшiн мынадай ұсыныстарды атап өтуге болады:

- заңнаманың даму дəрежесi мен тұрақтылығы, мемлекеттiк саясаттың болжамдылығы инвестициялық ахуалдың салауатты жай-күйiнің кепiлi болуға тиiс;

- заңнаманы тиiмдi қолдану мəселесi шешiлуге тиiс. Қазақстанның iскер қауымдастығы мен Үкiметтiң беделiн арттыру үшiн жергiлiктi жəне халықаралық сот шешiмдерiн орындауды, шарттарды сақтауды жəне күшiне енгiзудi қамтамасыз ету қажет;

- заңнамаға шетелдiк жəне iшкi инвесторлар үшiн бiрдей жағдай жасайтын түзетулер енгiзу қажет;

- инвестициялық қызмет туралы заңнаманы жетiлдiру əлемдiк стандарттарға жауап беретiн нақты, айқын жəне бiр мəндi құқықтық нормалардың бар болуын қамтамасыз етуге тиiс;

- шетелдiк күрделі қаржы жəне инвесторлардың құқықтары заңнамамен кепiлдi қорғалуға тиiс;

- тiркелген сауда маркалары мен патенттердi қорғау, қарақшылық өнiмдердiң заңсыз айналымына қарсы күрес маңызды мiндет болып табылады. Бұл үшін авторлық құқықтарды қорғау саласында жұмыс iстейтiн мамандардың бiліктiлiгi деңгейiн арттыру талап етiледi;

- инвесторлар үшiн қаржы ақпаратының айқындығының, уақтылы болуының, толықтығы мен дұрыстығының аса маңызды мəнi бар. Осы орайда бухгалтерлiк жəне статистикалық есеп беру стандарттарын жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жалғастыру қажет.

Осы айтылған мәселелер шешілген жағдайда инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыруға жол ашылады деген пікірдеміз.


Әдебиет:

  1. «Қазақстан – 2030» бағдарламалық стратегиясы

  2. Г.И.Әбдікерімова. «Кәсіпорын экономикасы».-Алматы, «Экономика», 2008

  3. Методические рекомендации по оценке эффективности инвестиционных проектов: Официальное издание. – Москва «Экономика», 2000г.

  4. http://invest.gov.kz/

  5. www.nationalbank.kz

  6. Шакбутова А.Ж., Абдрахманова Г.Т. Оценка финансовых решений в условиях инвестирования -Алматы. 2004

  7. Қазақстан Республикасының индустриялық–инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясы.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
А.М. Бакирбекова

Жамбыл гуманитарлы-техникалық университеті, Тараз қ.,

Қазақстан Республикасы

E-mail: Bakirbekova85@mail.ru

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы онжылдық бұрынғы кезеңге қарағанда айтарлықтай бәсекегеқабілетті мемлекетке айналды. Сонымен қоса, ұлттық экономиканың бәсекегеқабілеттілікті жоғарылатуға бағытталуы обьективті қажеттіліктен және Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс... Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс» - деп атап көрсеткен бағытынанда туындап отыр [1].

М. Портер, Ф. Котлер, П. Друкер, Г. Азоев, Р. Фатхутдинов, А.Ю. Юданов, К.А. Сагадиев, Р.А. Алшанов, Т.И. Есполов сияқты алдыңғы қатарлы экономистердің көзқкркстары бойынша елдің әлемдік шаруашылықта орнын анықтау бірқатар оның бәсекегеқабілеттігімен байланысты проблемаларды шешумен байланысты. Ғалым-экономистердің, жетекші мамандардың, ресми құрылым өкілдері «бәсекегеқабілеттілік» түсінігінің мәні мен мазмұнын анықтауда, жүйенің қызмет ету жағдайын бекітуге әсер ететін факторлар мен көрсеткіштерді, индикаторларды және басқа да сипаттамаларды анықтауда өздерінің зерттеу жүргізулерімен түсіндіреді.

Бәсекелестік нарық жағдайында қызмет ете алатын қаржылық жағынан тұрақты кәсіпорындарды таңдау негізінде нарықтық экономиканы табиғи түрде реттеу тетігі болып табылады. Сонымен қатар, бәсекелестік дегеніміз – біртекті өнімдер өндіретін жеке шаруашылық субьектілердің жоғары табыс табу және тұрақты қызмет ету мақсаты бар экономикалық күрес формасы. «Халық байлығының табиғатты мен себептерін зерттеу» еңбегінде А.Смит бәсекелестікті – ұсыныс қысқарғанда бағаны жоғарылататын және, керісінше, ұсыныс көбейгенде бағаны қысқартатын жарысы деп жазды.

Айта кететін жайт, отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттер обьект сипаттамасына, бәсекелестіктің ерекше белгілері мен факторларына, сонымен қатар басқару иерархиясы (өнім – кәсіпорын – сала – аймақ – ұлттық экономика) деңгейі бойынша бәсекегеқабілеттіліктің динамикасына байланысты «бәсекегеқабілеттілік» түсінігі әр түрлі мағынаға ие. Осылайша, Г.Азоев бәсекелестікті «Бір мақсатқа қол жеткізуге мүдделі жеке немесе заңды тұлғалардың кез–келген жарыспалылығы» ретінде қарастырды [2]. Сонымен қатар, «бәсекегеқабілеттілік» санатының әр түрлі анықтамалары бар. Бәсекегеқабілеттілік дегеніміз «бір жағынан белгілі бір қоғамдық қажеттілікке сәйкес келу деңгейі бойынша, ал екінші жағынан осы қажеттілікті қанағаттандыруға кететін шығындар бойынша бәсекелес тауардан ерекшеліктерін көрсететін тауар сипаттамасы» [3]. Сонымен бірге, бәсекегеқабілеттілік «нарықтық қатынастар жағдайында өзінің қызметін жүзеге асырудың жарыспалы қабілеттілігі және өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіруге, жұмыскерлерді ынталандыруға жеткілікті дәрежеде табыс табу» деп те айтуға болады [4].

Бәсекегеқабілеттілік түсінігі, біздің пайымдауымызша, ашық нарықтық жағдайда жүзеге асырылатын, кәсіпорын деңгейінде толығырақ зерттелген және жүйелендірілген кәсіпорынның бәсекегеқабілеттілігі ретінде, қатаң бәсеке жағдайында шаруашылық қызметті іске асыру қабілеттілігі түсініледі. Сонымен қатар, Г. Мадиевтің көзқарасы бойынша, кәсіпорынның бәсекегеқабілеттілігі – бұл облыс немесе аймақ ішіндегі, сол саладағы басқа кәсіпорындардан оның артықшылығы [5]. Алайда, бәсекегеқабілеттілікке байланысты қолданылатын анықтамалардың үлкен мөлшері және қате берілген түсініктемелері де кездеседі. Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, П. Кругманның берген түсіндірмесін атап өтуіміз жөн: «... бәсекегеқабілеттілікті жалпы ұлттық экономикаға қолданған кезде ол мағынасыз сөз болып табылады. Және бәсекелестікке бар ынтасын салу қауіпті және қате болып есептеледі». П. Кругманның ойынша, елдер компаниялар сияқты бір – бірімен бәсекелеспейді. Дегенмен, егер елдер халықтың өмір сүруінің белгілі бір деңгейін экономикалық қамтамасыз етуін білдірсе, онда олар өздерінің бәсекегеқабілеттілігі бойынша бағалануы мүмкін, осы ретте бәсекегеқабілеттілік, сөзсіз, елдің бәсекегеқабілеттілігінің маңызды құраушысы болады [6]. Кәсіпорынның бәсекегеқабілеттілігі тікелей тауардың бәсекегеқабілеттілігіне тәуелді. Басқару теориясында өнімнің бәсекегеқабілеттілігі мен өндіруші арасында тікелей байланыс бар, себебі «бәсекегеқабілетті өнімді ... тек бәсекегеқабілетті кәсіпорындар ғана өндіре алады» делінген [5, 42б.]. Сонымен қатар, бәсекегеқабілеттілік анықтамасының басқа да түрлері бар. Г. Кушеновтың ойынша, бәсекегеқабілеттілік бұл «өздерінің азаматтарының нақты табыстарын бір уақытта сақтау немесе көтеру жағдайында ішкі және әлемдік нарықтардың талаптарына жауап беретін тауарлар мен қызметтерді өндіретін, еркін және әділетті нарық жағдайында ел қабілеттілігінің деңгейі» [7]. Американдық зерттеушілер бәсекегеқабілеттілікті елдің әлемдік шаруашылық процесіне қатысушы ретінде халықтың өмір сүру деңгейінің тұрақты өсімін қамтамасыз ететін қабілеттілігі деп түсінеді. Ал американдық бизнеске қатысты бәсекегеқабілеттілік – үнемі ұлғайып отыратын қайтарыммен отандық капиталды пайдалану қабілеттілігі деп айқындалады [8].

Елдің экономикалық болашағы көп жағдайда оның әлемдік нарықтағы табыстарымен анықталады деген идея үнемі өз дәлелін таба бермейді. Көптеген өндірістік дамыған елдердің экономикалық жағдайлары сыртқы саудаға, яғни 10-30% шамасында болатын экспорт–импорт үлестеріне тәуелді. Алайда, саяси мағынада ұлттық беделді ұстап тұру үшін ұлттық компанияның әлемдік нарықта елді қалай көрсететіндері маңызды. Себебі неғұрлым елдің саяси–экономикалық беделі жоғары болған сайын, соғұрлым ол инвестицияға тартымды және осының нәтижесінде экономикалық дамуы үшін көп мүмкіндігі болады. Осы арқылы өнімнің бәсекегеқабілеттілігінің мағынасы кеңейе түседі.

Маңызды айта кететін мәселе, өнімнің бәсекегеқабілеттілігі кең ауқымды көлемдерде өзгере алатын нарықтық сипаттамалардың ең маңыздыларының бірі болып есептеледі. «Бәсекегеқабілеттілік» түсінігі басқа да көптеген экономикалық категориялар сияқты өзінің мағынасында белгілі бір эволюциялық өзгерістерді басынан кешірген. А. Смит бәсекегеқабілеттілік ретінде шығындар негізіндегі артықшылықты түсінді. Ал Д. Риккардо еңбек өнімділігінің ерекшеліктері негізіндегі салыстырмалы артықшылықтар тұжырымдамасы түрінде осы анықтаманы одан әрі қарай жетілдірді. 1933 жылы Б. Олин бәсекегеқабілеттілік категориясын мөлшері жетерлік факторларды қарқынды қолдану саласына ауыстырады. А. Томсон, Дж. Формби бәсекегеқабілеттілікті тауарды дайындауға шығындау қажет еңбектің сапасы мен мөлшері арқылы анықтады [9]. Көріп отырғанымыздай, бәсекегеқабілеттілікке берілген барлық түсініктемелерде тауарларды өзара салыстыру факторы пайда болған. Осының нәтижесінде, тұтынушының көз алдында бірдей тұтынушылық қасиеттері бар тауарларды өзара салыстыра отырып, тауардың бәсекегеқабілеттілігіне, яғни өзінің бәсекелестері алдында артықшылық беретін және өзінің иесіне қажет беделді жасайтын тауар қасиеттеріне, сипаттамаларына баға беруге болады [10].

Г. Васильев, Н. Нагапетьянец және басқа да авторлардың ойынша, «тауар бәсекегеқабілеттілігі – ол оның экономикалық, техникалық және пайдаланушылық өлшемдерінің нарықта дәл сондай тауарлармен бәсекелестікке төтеп бере алатын деңгейі» [11]. Ал И. Корнев, Ж.–Ж. Ламбен, А. Романов, В. Хруцкийдің және т.б. авторлардың еңбектерінде бәсекегеқабілеттілік «тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру үшін бәсекелес-тауардың алдында сол тауардың артықшылығын жасауға әсер ететін тауардың сапалық және құндық сипаттамаларының жиынтығы» [12,13,14]. Алайда М. Портер «бәсекегеқабілеттілік – тауардың сатылу қабілеттілігі» деп есептейді. Бұл жағдайда тауар бәсекегеқабілеттілігі ретінде сол өнімнің тұтынушыға деген тартымдылық деңгейі түсініледі. Басқаша айтқанда, бәсекегеқабілеттілік – сатып алушының күмәнсіз қызығушылығын тудыратын және оның қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, сонымен қатар басқа сипаттамаларға назар аударылмайтын тек нақты қасиеттердің жиынтығымен анықталады.

Бәсекегеқабілеттілік, біздің ойымызша, сол өнімнің сапасының құрамына кіретін және тұтынушыға маңызды болып есептелетін, тұтынушының өнімді сатып алу, тұтыну және пайдалану бойынша шығындарын анықтайтын қасиеттердің жиынтығымен анықталады. Тауардың бәсекегеқабілеттілігінің салыстырмалы бағасы сол өнімді таңдауға әсер ететін және нарықта оның көлемін анықтайтын бірқатар факторларға тәуелді. Басқа өнімдер сияқты ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекегеқабілеттілігіне әсер ететін факторларды3 топқа бөле аламыз: техника–экономикалық, коммерциялық және нормативтік–құқықтық факторлар.

Техника–экономикалық факторларға өнімнің, қызметтердің тұтынылуына және қолданылуына кеткен шығындар, сатылу бағасы және сапа жатқызылады. Олар еңбек өнімділігі мен қарқындылығына, өндіріс шығындарына, өнімнің ғылыми сыйымдылығына және т.б. тәуелді. Коммерциялық факторлар тауардың нарықта жылжуының жағдайларын анықтайды. Оларға нарық коньюктурасы, көрсетілетін қызмет, жарнама, фирма мәртебесі жатады. Нормативті – құқықтық факторлар нарықта тауардың техникалық, экологиялық және моральды – этикалық жағынан қауіпсіз қолданылуының талаптарын, сонымен қатар патентті – құқықтық талаптарды да көрсетеді. Егер тауар нарықта жұмыс істеп тұрған нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмесе, онда ол тауар сатыла алмайды. Сол себепті факторлардың бұл тобын нормативтерге сәйкестік коэффициенті көмегімен бағалау міндетті түрде орындалуы қажет шектеу ретінде болып табылады [15].

Бәсекегеқабілеттілік тек тұтынушының қызығушылығын тудыратын (мысалы мөлшері, балғындылығы немесе дәмі) тауар қасиеттерімен ғана анықталады. Дәл сол уақытта басқа да өлшемдер (нысаны, түсі) бәсекегеқабілеттілікті бағалау кезінде ескерілмейді. Тауар тартымдылығы факторларын және оның бәсекегеқабілеттілігін көрсететін сыныптамалық сызба тізбек түрінде көрсетіле алады: баға – сапа – қызмет көрсету – маркетингтік орта.

Сатып алушы әрдайым ең сапалы және тиімді бағамен тауарды сатып алуға және иеленуді қалап тұрады. Егер өнімнің сапасы өндіріс технологиясына, өнімді қайта өңдеу мен сақтауға тәуелді болса, онда оның өзіндік құны, сәйкесінше оның сатылу бағасы да көп жағдайда нақты саланың даму деңгейіне және қызмет ету жағдайларына да тәуелді болады. Сондықтан қажетті бағытты таңдау кезінде өндірістің тиімділігіне және бәсекегеқабілеттілігіне әсер ететін табиғи және экономикалық факторларды мұқият зерттеп және ескеру керек.

Табиғи–климаттық факторларға егістік жерлердің және табиғи жемшөп жерлерінің болуы, топырақ құнарлылығы, ауа–райы, жергілікті жердің орналасуы, сумен жабдықталу және т.б. жатады. Экономикалық факторларға қаланың жақын орналасуы, жол желісі, өнімді өткізу орнына дейінгі қашықтық, жұмыс күшімен қамтылу және олардың біліктілік деңгейі, өндірістік процестердің механизациялау деңгейі, тұрғылықты халықтың өндірістік шеберлігі, капитал салымдарын ұлғайту мүмкіндіктері және басқа да факторлар кіреді.

Экономиканың басқа салалары сияқты ауыл шаруашылық өндірісі де бәсекегеқабілетті өнімді жасауға бағытталған. Бәсекегеқабілеттілік ретінде, біздің ойымызша, жеке кәсіпорындармен өндірілетін нақты тауарлардың және олар көрсететін қызметтердің сапасы мен бағасының арақатынасын түсінеміз. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекегеқабілеттілігін сипаттайтын және олардың сату бағасын қалыптастыратын өлшемдерді сапалық және экономикалық деп бөле аламыз.

Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін зерттеу потенциалды сатып алушының қажеттіліктерін анықтаудан, яғни дәлірек айтсақ, эталон – тауар немесе жорамалданған тауар параметрлерін анықтаудан басталуы керек.

Бұл жерде келесілерді атап өту қажет:



  • егер осы өнімнің дәл сол өнімдер қатарында жағдайын анықтау қажет болса, онда оларды ең маңызды өлшемдері бойынша тікелей салыстырудың өзі де жеткілікті болады;

  • егер зерттеу мақсаты аграрлық нарықтың нақты секторында өнімді өткізу перспективаларын бағалау болса, онда алдағы уақытта нарыққа шығатын тауарлар туралы мәліметтері бар ақпарат, сонымен бірге елдегі жұмыс істеп тұрған стандарттар мен заңнамалардың, тұтынушылық сұраныс серпінінің өзгеруі туралы мәліметтер талдау кезінде қолданылуы қажет.

Бәсекегеқабілеттілік түсінігінің анықтамасы келесі әдістемелік жағдайларға (ережелерге) негізделеді:

  • еңбек өнімдері егер олардың тұтынушылық құны болса, онда олар нарықта айырбастау заты бола алады;

  • бәсекегеқабілеттілік тауарларды қажеттіліктерге сәйкестігін тексеру және салыстыру өтетін нарықты кешенді зерттеу негізінде бағаланады, себебі тауардың бәсекегеқабілеттілігі туралы сұраққа тек сатып алушы ғана жауап бере алады;

  • тұтынушы ұқсас тауарлар ішінен өзінің қажеттілігін барынша максималды түрде қанағаттандыратын тауарды таңдап, соны сатып алады.

Осыған сәйкес, сатып алушы тауарды таңдаған кезде, оның екі жағын бағалауға негізделеді: тауарды қолданудан алынатын пайдалы әсер және тауарды сатып алумен және пайдаланумен байланысты шығындар. Сатып алушы нені таңдаса, сол тауар бәсекегеқабілетті екенін білдіреді.

Ауыл шаруашылық өндіріс экономиканың басқа салалары сияқты бәсекегеқабілетті өнімді өндіруге бағытталған. Осы жерде өнімнің бәсекегеқабілеттілігі ретінде, біздің көзқарасымыз бойынша, жеке кәсіпорындармен өндірілетін нақты тауарлардың немесе стратегия, техникалық деңгей, кадрлық потенциал және қаржылық жағдайын ескеріп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бағасының қатынасын түсіну керек. Тауар өндірушілердің түпкі мақсаты сыртқы және ішкі нарыққа бәсекегеқабілетті өнімді шығару, нәтижесінде осындай өнімді жасау өндіріс деңгейінде болатындығы анық көрінеді. Осыған байланысты бәсекегеқабілетті сала интенсивті технология, машиналар жүйесін тиімді таңдау, жоғары білікті еңбекті қолдануды өзіне ұштастырады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының барлық салалары бұл өлшемдерге сәйкес келе бермейді.

Басқа тауарлар түрлеріне қарағанда, ауыл шаруашылық өніміне келесі ерекшеліктер тән: өндірістің маусымдық сипаттамасы, ауа–райы немесе т.б. жағдайларға тәуелділігі (құрғақшылық, эпидемия, өсімдік зиянкестерінің артып кетуі және т.б.). Дәл осы уақытта қазіргі аграрлық өндіріс төмен техникалық жабдықталумен, ақпараттық технологияларды және бақылау әдістерін әлсіз түрде қолданумен сипатталады. Ал өндірістік жағдайлар аймақтардың әлеуметтік – демографиялық және экономикалық жағдайларына тәуелді болады. Бұл дегеніміз ауыл шаруашылық тауарлардың сапасына өндіріс жағдайлары, өнімді сақтау мен қайта өңдеу әсер етеді деген сөз.

Экономикалық ғылыммен және ауыл шаруашылық тәжірибесімен дәлелденгендей, басқа да тең жағдайларда ауыл шаруашылық өнімінің жеке түрлерінің өндірісі, олар үшін табиғи – экономикалық жағдайлар қолайлы болса, сол аймақтарда немесе шаруашылықтарда олар айтарлықтай арзан болады екен. Сол себепті әрбір ауыл шаруашылық тауар өндіруші өзінің территориясында тек соған сәйкес жағдайлары бар ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруі қажет. Сонымен қатар, мал шаруашылығына байланысты айтатын болсақ, онда малдарды арзан жеммен ұстайтын шаруашылықтарда өнімге деген шығындар ең төмен екені дәлелденген. Ал жемдік база жыл бойы ауыл шаруашылық малдарының толыққанды тамақтануын қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылық өнімнің бәсекегеқабілеттілігі көптеген факторлардың, бірінші кезекте өндірістік ресурстардың (жер, материалдық, еңбек ресурстарының) қатысуы және әсер етуі арқылы құрастырылады. Ауыл шаруашылық өнімі мен өндіріс ресурстарының бәсекегеқабілеттілігі арасында тікелей тәуелділік бар. Топырақ өсімдіктердің дамуы мен қоректенуіндегі негізгі орта болып табылады. Сондықтан өнімнің құнарлы топырақта өсірілген көптеген түрлері, тәжірибе көрсеткендей, жоғары сапаны иемденген.

Материалды және негізгі айналмалы қаражаттардың сипаттамалары, күмәнсіз, үздік сапалы өнім алуға әсер етеді. Мысалы жоғары сапалы егінді дәндерді пайдалану ауыл шаруашылықдақылдарының өнімділігін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қоса егін сапасын арттырады; жемдердің тағамдық қасиеттерін жоғарылату арқылы мал шаруашылығында өнімділік артады. Сенімді жоғары өндірістік техника тиімді мерзімде және барлық талаптарды сақтай отырып, қажет агротехникалық тәсілдерді жүргізуге, сәйкесінше, өнім сапасын жоғарлатуға да мүмкіндік береді.

Өнім және шаруа қожалықтарының бәсекегеқабілеттілігін үздіксіз жақсарту және қамтамасыз етудің шешуші факторлары ретінде жұмыс күшінің және басшылардың біліктілігін жоғарылату болып табылады. Қалыптасқан экономикалық жағдайларда жасалған жұмыстың сапасы көп жағдайда материалды ынталандыруға тәуелді, яғни төлем деңгейі жұмыстың және өндірілген өнімнің сапасымен байланысты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімінің бәсекегеқабілеттілігі өңделетін дақылдар ерекшеліктерімен және мал мен құстың тұқымдық құрамымен анықталады.

Сонымен қоса, бәсекегеқабілеттіліктің маңызды факторлары тыңайтқыштар жүйесі болып отыр. Өсімдіктердің әрбір түріне жоғары сапалы максималды егінді қамтамасыз ететін минералды тыңайтқыштардың тиімді мөлшері анықталған. Оларды өзінің мөлшерінен көп мөлшерде себу өнімділікті жоғарылатпайды және өнімнің сапасын төмендетеді. Осының нәтижесінде жемістерде және көкөністерде еритін құрғақ қоспалардың және қанттың құрамы, ал картопта – крахмал құрамы азаяды. Сонымен бірге, өсімдіктердің әр түрлі аурулармен зақымдануы арта түседі.

Ауыл шаруашылық өнімінің сапасын реттеудің маңызды құралы жерді суландыру болып табылады. Мысалы шектен тыс суару өнімнің тауарлық сапасын төмендетеді. Әдетте, жеміс дақылдарында топырақ ылғалдылығын толық суармалы ылғал сыйымдылық 65-70% деңгейінде ұстап тұру ұсынылады.

Осының нәтижесінде, ауыл шаруашылық өнімінің бәсекегеқабілеттілігі көптеген факторларға тәуелді, әсіресе, жасалған жұмыстың сапасы, мерзімі және жинау әдістері, т.б. Осылардың барлығы өндіріс процестерінде ескерілуі қажет. Өнім және азық – түлік өндірісін интенсификациялау экономикалық өсімнің ұйымдастырушылық және құрылымдық факторлардың жеткіліксіз дәрежеде қолданылуынан туындаған жоғалтуларды қысқартумен және жоюмен байланысты.

Жоғарыда қарастырылған жағадайлардан келесідей қорытынды жасауға болады:


  • Бәсекегеқабілеттілік туралы ұғымның бар анықтамалары жүйелілік жәнекешенділік талаптарына толық мөлшерде сәйкес келе бермейді, ол тек оның жеке және зерттеушілермен таңдап алынған аспектілері ғана сипатталады. Сол себепті келесі анықтамалар ұсынылады:

  • бәсекегеқабілетті өнім ретінде стратегиясы, техникалық деңгейі, кадрлық әлеуеті және қаржылық жағдайынескерее отырып кәсіпорындардың өндірілген тауарларымен көрсететін қызметтерінің сапасымен бағасы арасындағы арақатынасты түсіну керек;

  • ауыл шаруашылық өндірісініңбәсекегеқабілеттілігі олардың нарықта бәсекегеқабілетті өнімдерімен бәсекелестікте тұра алатын экономикалық, сапалық және техникалық параметрлерінің деңгейі;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуөндірістің жаңғыртылуын және қайта жарақтандыруды, институционалдық инфрақұрылым дамуын,қаржылық, инвестициялық, сақтандыру, ақпараттық институттарының дамуын және азық–түлік қауіпсіздігін және сапаның халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуілуінталап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет