Развитие инновационной экономики: теория и практика



бет9/16
Дата25.02.2016
өлшемі2.67 Mb.
#22212
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Литература:

  1. Кокенова Ф. Классификация затрат в производстве //Бюллетень бухгалтера, 2005, № 24

  2. Кокенова Ф. Калькулирование себестоимости продукции как способ принятия управленческих решений //Бюллетень бухгалтера, 2006 №21.

  3. Стандарты бухгалтерского учета РК – Алматы, 2001.

  4. Радостовец В.В. Вопросы калькулирования себестоимости //Бюллетень бухгалтера, 2005 №13.

  5. Налоговый кодекс Республики Казахстан. Астана, Юрист, 2009

  6. Белобородов В.А .Калькуляция себестоимости в промышленности: Учебное пособие.-М.: Финансы и статистика, 2004 год.

  7. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - Инфра-М, 2002г.

  8. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет //Пер. с англ. – М.: Аудит, Юнити, 2004.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ АЯСЫНДА

КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Г.Ғ. Қуанышева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы,

Қазақстан Республикасы

E-mail: gauhar_9393@mail.ru

Адамзат баласы жылдан жылға, күннен күнге даму үстінде. Күн сайын күнделікті қажеттілігімізді қанағаттандыру электр энергиясымен жүзеге асып отырады. Сондықтан энергия көздерін алудың балама жолдарын іздестіру қазіргі таңның ең өзекті мәселелері деп білемін.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдауларының бірінде, елімізде алдыңғы қатар технологиясы мен инновациялық өндіріс саласын дамыту керек екендігін атап өткен болатын. Сонымен қатар елбасымыз біздің еліміздегі мұнай мен газ қорының шектеулі, сондықтан бізден кейінгі ұрпағымыздың ертеңгі күні энерго тапшылық мәселесіне шалдықпас үшін, «болашақтың энергиясын» дамытуымыз қажет екендігін ерекше айтып өткен болатын [1].

Әлемдегі энергия көзін алу ресурстары шектеулі болып келеді. Қазіргі таңдағыдай әлемдегі ірі кен орындарынан үнемсіз отын өндіру салдарынан алдағы 100 жыл көлемінде энергия көзі болып табылатын ресурстардың сарқылуына әкеліп соғады. Бұл әрине өз кезегінде қоршаған ортаға және энерготасымалдау көзінен айырылған ұрпағымызға үлкен зардаптар әкеледі. Сондықтан ертеңгі күні кеш қалмас үшін қазіргі кезеңнен бастап балама энергия көздерін іздестіру, әрі ендіру бұл жағдайдың алдын алудың бірден бір жолы болып келеді.

Қазақстан электр энергияға әлі де болса тәуелді. Ал еліміздің келешегі электр энергетикасы мен инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар еліміздің стратегиялық міндеттерінің шешілуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, ең алдымен мемлекеттің өз ішінде инвестициялар жасалуы тиіс деп ойлаймын.

Балама энергияны табиғаттың әртүрлі көздерінен алуға болады, алайда солардың ішінде күн энергиясына ерекше тоқталып өткім келіп отыр.

Ерте кезеңде адамдар күн энергиясын қолдану мүмкіндігі жайлы ойлана бастаған болатын. 1953 жылы АҚШ Ұлттық аэроғарыштық агенттігі күн энергиясын электрге ауыстыратын құрылғы, күн батареясын ойлап тапты [2].

Жер бетінде күн энергиясын электрде қолдануы шынайы жүзеге асуы үшін, ғалымдарға көптеген кедергілерден өту керек болды. Тек қана қазір 100 жылдан астам уақыт өткеннен кейін ғана, күн энергиясын электрлік қолдану мәселесімен айналысатын жаңа ғылым саласы - гелиоэнергетика пайда болды. Тек қана бүгінгі таңда ғана бұл саладағы жетістіктер жайлы сөз етуге болады.

Күн энергиясы адамның қатысуынсыз, табиғи түрде қалпына қайта келетін энергия көзі болып табылады. Бұл қоршаған ортаны ластамайтын, экологиялық қауіпсіз энергия көзі болып табылады. Күн энергиясын қолдану аясы шексіз болып келеді, сондықтан дүниежүзі ғалымдары күн энергиясының қолдану аясын арттыратын жүйені жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр.


Сурет 1.
Күннің бір шаршы метрі 62 900 кВт энергияны шашыратады. Бұл шамамен 1 миллион электр шамының жұмыс істеу қуатымен сәйкес келеді. Күн жерге секунд сайын 80 мың миллиард кВт береді, яғни дүние жүзінің электрстанциясынан бірнеше есе көп деген сөз [2].

Күн энергетикасы әлемдегі болашағы бар балама энергетика түрі болып табылады. Сіз үйіңіздегі қарапайым тұрмыстық техниканы қолдану үшін қанша қаражат кететіндігі жайлы және бұл рахат сізге қаншалықты зиян екендігі туралы ойланып көрдіңіз ба? Электрдің розеткаға түсуі үшін мұнай мен газды өндіру қажет, оларды электростанцияға жеткізу қажет, ауаны оттегімен жандырып, бу алу керек, оны бу турбинасы арқылы электрогенераторға өткізеді, трансформатор арқылы жоғарғы вольтті электрөткізгіш желісімен тұтыну ауданына беру қажет, трансформатор арқылы ток кернеуін тұрмыстық 220В дейін азайту, 50Гц айналу жиілімен, сымдар немесе кабельмен үйлерге бағыттау, энергия счетчигі арқылы өткізіп және тек содан кейін ғана розетка мен ажыратқышқа әкеледі. Электрді берудің бұндай ұзақ жолында электростанция өндірген энергияның жартысына дейін жоғалтады, бұл өз кезегінде отын энергиясының жартысынан көбіне жоғалуына әкеледі, яғни шығын деңгейін арттырады. Қорыты айтқанда, соңғы тұтынуға 20-25%-нан артық емес отын энергиясы келіп түседі, қалған 75-80% атмосфераны жылытады, бұл өз кезегінде ғаламдық жылыну процесін жеделдетеді.

Альтернативті энергия көздерін пайдалану орталықтандырылған энергиямен жабдықтау жүйесіне нақты балама, әсіресе электр энергиясының тапшылығын көріп отырған алыс аудандарға тиімді болмақшы. Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде де энергияны үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30–35 пайызды ғана құрайды. Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды қажет етеді.

Сондықтан қалыптасқан осындай проблемаларды шешу ҒТР заманында өте өзекті. Әрине дәстүрлі энергия көзін пайдалану біздің толық электр энергиясына деген сұранысымызды шеше алмайды. Сондықтан әлем тәжірибелеріне көз жүгіртіп өтейік.

Дүние жүзінің көптеген елдерінде күн энергиясын қолдану аясын кеңейту мақсатында, түрлі бағдарламалар қабылданған болатын. Мысал ретінде, Германиядағы «100 күн шатыры» және осыған ұқсас АҚШ-тағы «Миллион күн шатыры» атты бағдарламаларды атап өтсек болады. Сонымен қатар, 1996 жылы Германия, Австрия, Ұлыбритания, Греция және тағы да басқа елдер сәулетшілері құрылыс және сәулеттегі күн энергиясы туралы Европалық хартияны құрған болатын. Ал Азияда Қытай мемлекеті қазіргі заман технологиясы аясында ғимараттар құрылысында күн коллекторы жүйесін ендіру және өндірісте күн энергиясын қолдану жөнінде көшбасшылық етіп отыр. Ал, Жапония 833 МВт, АҚШ 153 МВт және Германия  353 МВт-қа балама энергия қорын ұлғайтып үлгерді. Осы елдер тәжірибесіндегідей үлгі алып, бұл салаға жаңа мамандар тартып, елдегі жетекші энергетика компанияларын альтернативті энергияға деген қызығушылықтарын арттырып және шетелдік әрі отандық инвестициялардың тартылуына қолайлы жағдай жасау арқылы біз отандық балама энергия көзін жаңғырта аламыз. Ол әрине мемлекетке, отандық энергетика өндіретін компанияларға және қарапайым халыққа өте тиімді болар еді [3].

Қазақстанның күн энергиясын қолдану мүмкіншілігіне тоқталып өтетін болсақ, Қазақстан орта азиядағы күн энергиясының үлкен потенциалы бар республика болып табылады. Елдегi күн энергиясының ресурсы қолайлы климаттық жағдайдың арқасында тұрақты, әрi жарамды болып келеді. Зерттеулердiң қорытындысы бойынша елдiң оңтүстiк аудандарындағы күн энергиясының әлеуетi жылына 2500 - 3000 күн сағатқа жетедi. Бұл суды күнмен қыздырғыштарды (СКҚ) және күн батареяларын, атап айтқанда портативті фото электрлік жүйені пайдалануға мүмкіндік береді.

Еліміздегі балама энергияны, яғни күн энергиясын қолдану жағдайына тоқталып өтетін болсақ, 2012 жылдың қыркүйек айында халықаралық келісімшарт шегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «Күн шатыры» қондырылған болатын. Сонымен қатар өткен жылы Астанада күн батареялы модульдерін өндіретін жаңа зауыт іске қосылған болатын. Ашылу салтанатына елбасының өзі қатысып, күн энергиясын қолдану біздің еліміздің дамуы үшін маңызды мәнге ие екендігін айтқан болатын.



Сонымен қатар, EXPO-2017 көрмесінің  Қазақстан ұсынып отырған «Болашақ энергиясы» тақырыбы -  қазіргі заманғы ең көкейкесті және жаһандық маңызы зор, бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселе - энергияны тұрақты пайдалану болып табылады [4].

Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр.  Бұл тақырып  энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су  энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Қазақстан балама энергия көздерін алуға өте тиімді және пайдалы жағдайларға қарамастан күн энергиясы қолданылмайды десек те болады.

Күн энергиясын пайдалану дәстүрлі қуат көздерімен салыстырғанда қымбат. Сондықтан бұл жобаны жүйелі түрде жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылданып, инвестиция тарту шаралары мен ынталандыру болуы қажет. Мәселен ірі компанияларға бұл бағдарламаларды қаржыландырған үшін салық төлеуден жеңілдіктер қарастыру немесе мемлекеттік маңызы бар өндіріс саласына бюджеттен қаржыландыру сияқты шаралар қолданған жөн деп есептеймін.

Қорыта айтқанда, мұндай үлкен жобаға саналы түрде сенімді қадам басу, үлкен қаржыландыруға қарамастан, болашақта шығындарын ақтап, энергия көзіне деген тәуелділікті жойып, еліміздің даму деңгейінің бірден бір сатысы болып табылады демекшімін.
Әдебиет:


  1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

  2. Аккумуляторы, батарейки и другие источники питания// солнечная энергия //http://www.powerinfo.ru/sun-power.php

  3. Информационный портал Казахстана zakon.kz //http://www.zakon.kz/161467-u-kazakhstana-est-vse-neobkhodimoe-dlja.html

  4. «Литер» ежедневная республиканская общественно-политическая газета //«Актуально: Зеленый свет»- 09.04.2013.



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ

ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
А.Н. Құрбанова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.,

Қазақстан Республикасы

E-mail: didok_didok_94@mail.ru

Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты женбек. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлуметтік басымдылықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлуметтік қорғаудың негізгі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы [1].

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға, мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар, жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар, психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлау алды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі [2].

Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек нарығына әсер ететін бірқатар факторар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады. Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде мұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім тап басып айта алмайды.

Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртар мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды.

Елбасы Н. Назарбаев "Нұр-Отан" партиясының "Жас-Отан" жастар қанатының бiрiншi съезiнде сөйлеген сөзiнде ауылдық жерлердiң мәртебесiн көтеру үшiн ауыл жастарын қолдауға бағытталған "Ауыл жастары" ұлттық бастамасын жасап, оны жүзеге асыру қажет екенiн қадап айтқан едi. "Жоғарғы оқу орындарының бiтiрушiлерiне арналған "Дипломмен ауылға" жобасын ұсынды. Мұның арқасында, ондаған мың жас маман ауылға тартылды. Өз кезегiнде үкiмет пен жергiлiктi атқарушы билiк осындай жобалардың материалдық қолдауын қамтамасыз ететiн болады", - деп мәлiмдеген Елбасы елiмiздiң кең байтақ жерiнде жастарымыз өз орнын табуы үшiн тер төгу керек екенiн тiлге тиек еттi.

"Дипломмен ауылға" жобасына сәйкес ағымдағы жылдың басынан бастап ауылдық елдi мекендерде жас маманның жұмыс iстеуiне және баспана мен қамтылуы нысанаға алынды.

Бүгiнде республика бойынша барлық облыстық және аудандық әкiмдiктер де ауылдық жерлерге тұруға және жұмыс iстеуге баратын әлеуметтiк сала мамандарын ынталандыруға бағытталған заңның орындалуын бақылайтын арнайы басқармалар, мамандар бар.

Жобаның мақсаты — жас маманның алған дипломына сай жұмыс iстеуге жағдай жасау. Ол үшiн қазiр арнайы кiтапшалар шығарылып, ЖОО студенттерiне таратылып жатыр. Яғни, бұл тек биылғы немесе алдыңғы жылы ЖОО бiтiрген мамандарға ғана қатысты емес, сондай-ақ бұдан бұрын жұмыстан қысқартылып қалған және орналаса алмай жүргендерде тiркеле алады. Ауылға қажеттi мамандықты иеленген маман жоба аясына iлiксе, мынандай үш жеңiлдiкке қол жеткiзедi. Бiрiншiден, 70 айлық есептiк көрсеткiш бойынша бiр жолғы жоғарылатылған жәрдемақы берiледi. Екiншi, тұрғын үйге иелiк ету үшiн бюджеттiң есебiнен 15 жыл мерзiмге 0,01 пайызбен 630 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде несие берiледi. Мұны теңгеге шақсақ, 30 мың теңге болады екен. Үшiншi, ауылдық елдi мекендердегi мамандар қалалардағы әлеуметтiк салада қызмет атқаратын мамандармен салыстырғанда 25 пайызға жоғарылатылған жалақы алатын болады. Қысқасы, мұның бәрiне жоба бойынша қарастырылған бес мамандық: дәрiгер, мұғалiм, мәдени қызметкер, әлеуметтiк қамсыздандыру және спорт және туризм мамандары ғана қол жеткiзедi.

"Дипломмен ауылға" жобасының өзектiлiгi ауыл мәртебесiн арттырып, ауылда жұмысқа қабiлеттi тиiмдi еңбек ресурстарын жаңарту. Жобаның негiзгi идеясы — жоғары оқу орындары мен колледжде бiлiм алушы жас мамандарды ауылға тарту. Бұл идеяны iске асырудың екi тәсiлi бар: "ауыл квотасы" бойынша бiлiм алған ауыл жастарын мiндеттi түрде ауылға қайтару және қала жастарын ауылда жұмыс iстеуге шақыру [3].

Статистика агенттігінің ақпараты бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 51890 теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы тамызбен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 9,1 пайызға, нақты ақшалай табыстар үшін - 4,2 пайызға жетті.

2012 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 475,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,3 пайызды құрады. Жұмыспен қамту мекемелерінде жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы қыркүйектің соңына 54,7 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6 пайыз деңгейінде. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызын құрады [4]. Қазақстан халқының әлеуметтік ахуалын әзірге оңалту қиын. Себебі елде экспорт жағы жетілмеген, отандық кәсіпорындар легі аз. Қымбатшылық кернеп тұр. Республика халқының 39,7 пайызы орташа жалақы алады. Ауылдық жерлерде агроөнеркәсіптік кешен дамымаған. Сондықтан, кемі бес жылдан соң Қазақстанда жұмыссыздық артады. Егер ресми деректерге жүгінсек, бүгінде республика бойынша еңбекке жарамды адам саны 6,9 миллионды құраса, олардың 2,7 миллионы ауыл тұрғындары көрінеді. Сол жұмысқа жарамды 6,9 миллион адамның 4,2 миллионы жалдамалы жұмыстарға жегілсе, қалған азын-аулағы лауазымды қызметтегілер. Ресми дерек көздері жалдамалы жұмысқа жегілетіндердің 75,2 пайызы қыр қазағы екенін растайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша тек 2009 жылы ғана елдегі жұмыссыздық деңгейі 7 пайызды құраған. Ал қоғамдық ұйымдар бұл көрсеткіш 18-20 пайыздан асып жығылады деп отыр. Сөйтіп, қалай десек те, қазақты жұмыссыздық қамыты қос өкпеден қысып тұр.

Жұмыссыздар саны 2012 жылғы 4 тоқсанда 18,3 мың адамды құрап, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 0,5 мың адамға кеміді. Жұмыссыздық деңгейі 5,3% болып қалыптасты (2011 жылғы 4 тоқсанда 5,4%).

2012 жылы жұмыссыз ерлердің үлесі 41,5%-ды, әйелдердің үлесі – 58,5%-ды құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 10,7 мың адамды құрады, ол жұмыссыз еркектерден 3,1 мың адамға (41,0%) артық.

2012 жылы жалпы жұмыссыздар санындағы жастардың үлесі (15-24 жастағы) 8,2% құрады немесе 1,5 мың адам. Жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрады [4].



Сурет 1. 2011-2012 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі
Біздің елде халықты жұмыспен қамту мекемелері халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ат салысып отыр. Мәселен, Үкімет осыдан екі жыл бұрын республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандар салу арқылы халықты жұмыспен қамту, несиелендіру тәжірибесін кеңейту, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту тәрізді толып жатқан жұмыссыздыққа жүген салатын бағдарламаларды қабылдады. Бірақ жұмыссыздық созылмалы дерттей меңдей түсуде.
Кесте-1 - 2012 жылғы жасы және жынысы бойынша жұмыссыздар саны




Барлығы

оның  ішінде

адам

жұмыссыз-дық деңгейі, %

еркектер

әйелдер

адам

жұмыссыз-дық деңгейі, %

адам

жұмыссыз-дық деңгейі, %

Жұмыссыздар барлығы

18 342

5,3

7 612

4,5

10 730

6,1

олардың жастары:



















15-24

1 502

4,2

548

2,9

954

5,7

25-29

3 715

7,9

1 974

8,9

1 741

7,1

30-34

2 248

5,2

1 043

4,6

1 205

5,9

35-39

1 464

3,9

714

3,9

750

3,9

40-44

2 973

7,6

344

1,9

2629

12,6

45-49

2 072

6,5

999

6,6

1073

6,5

50-54

1 983

3,7

586

2,3

1397

5,1

55-59

1 408

4,4

427

3,2

981

5,2

60-64

977

6,2

977

10,3

-

-

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.



Әдебиет:

  1. Назарбав Н.Ә. «Қазақстанның әлуметік жаңғыртылуы Жалпыға Ортақ Енбек Қоғамына қарай 20 қадам» 10 шілде 2012.

  2. Зарыққанқызы Қ. «Алаш » газеті, 4 – тамыз, 2012 ж.

  3. Қалимова Т. «Дипломмен - ауылға!» //Айқын республикалық қоғамдық-саяси газеті, Атырау, 2011.

  4. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі. Астана, ҚазАқпарат, 2012 ж.

ИННОВАЦИИ В ПОВЫШЕНИИ КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Ким И.А.

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы,

Республика Казахстан

e-mail: kim_irinka_a@mail.ru

В современном мире инновация – самая действенная мера, гарантирующая неоспоримое конкурентное преимущество национальной экономики. Преобразования на основе инноваций, становятся важным условием развития любой страны. Современный этап развития мировой экономики и экономики Казахстана характеризуется усилением конкуренции и возрастающим влиянием инновационной деятельности на темпы экономического роста. На мировом рынке продукты интеллектуального труда имеют более высокую стоимость по сравнению с другими видами продукции. Рынок диктует необходимость создания условий для широкого использования нововведений, усиления инновационной активности в связи с его открытостью и ужесточением конкуренции. Как правило, страны, обнаруживающие рост экспорта, имеют, также наиболее высокие показатели технологического развития, прежде всего в таких наукоемких отраслях, как химическая, фармацевтическая, машиностроительная, автомобильная промышленность, а также в других, считающихся не наукоемкими отраслях металлургии и пищевой промышленности. В этих условиях именно инновационные факторы повышения конкурентоспособности экономики, связанные с развитием интеллектуального потенциала, формированием научно-технических заделов, использованием новейших технологий, обеспечивают наиболее эффективное вхождение в систему международного разделения труда. И роль этих факторов повышения конкурентоспособности экономики со временем будет возрастать.

Анализ конкурентоспособности Казахстана в мировых рейтингах

Как показывает мировой опыт, многие страны обеспечивают повышение своей конкурентоспособности, увеличивая инновационную емкость экономики. В целом все многообразие конкурентных преимуществ можно свести к двум основным видам: ресурсные и инновационные. Если ресурсные конкурентные преимущества обеспечиваются во многом факторами производства (природные ресурсы, рабочая сила и т.п.) и степенью их эффективного использования, то инновационные обеспечиваются ресурсом знаний, технологическими и инвестиционными ресурсами, определяющими весь спектр современного конкурентного доминирования - от технологического опережения в одной или нескольких отраслях до технологического лидерства страны в целом. В последнее время особое внимание уделяется развитию именно инновационных конкурентных преимуществ. При этом анализ конкурентоспособности каждой страны, при построении инновационной системы играет значительную роль.

Для определения конкурентоспособности национальной экономики Республики Казахстан, были использованы результаты ряда мировых рейтингов. По результатам Отчета о глобальной конкурентоспособности Всемирного экономического форума (ВЭФ), вышедшего в сентябре 2012 года (по итогам 2011 года), Казахстан занял 51 место со средним баллом 4,4, улучшив свои позиции по сравнению с прошлым годом на 21 пункт (в рейтинге 2011-2012 годы 72 место). При этом Казахстан переместился в группу стран с более высоким уровнем развития, в которых большую роль в развитии играют факторы эффективности и инновационного развития.

При этом Конкурентными преимуществами Казахстана выступают факторы: макроэкономическая среда (16 место) и эффективность рынка труда (19 место).

К наиболее слабым позициям Казахстана относятся следующие факторы: развитость финансового рынка (115 место), инновационный потенциал (104 место), инновации (103 место), конкурентоспособность компаний (99 место), здоровье и начальное образование (92 место). По мнению респондентов, конкурентными факторами при ведении бизнеса явились политическая стабильность и трудовое законодательство.

Наиболее проблематичными факторами оказались низкая квалификация работников, доступ к финансированию и т.д.

Значительные положительные изменения произошли по показателям: распространенность торговых ограничений, эффективность корпоративного правления, права на собственность, сотрудничество работодателя и наемного сотрудника, доверие профессиональному менеджменту, сотрудничество между ВУЗами и промышленностью в исследовательской деятельности, способность компаний использовать современные технологии.

Наиболее слабыми позициями Казахстана являются: институциональные и инфраструктурные – качество дорог, качество инфраструктуры воздушного транспорта, судебная независимость, защита прав интеллектуальной собственности; финансово-экономические – степень потребительской ориентации, природа конкурентоспособного преимущества, доступность венчурного капитала, количество местных поставщиков, степень доминантности рынка, длина цепочки добавленной стоимости, инфляция, финансирование через рынок ценных бумаг, кластерное развитие, условия для развития финансовых институтов, сложность при получении ссуды, сложность продаж, распространенность иностранной собственности, ограничение движения капитала; инновационно-технологические – качество научно-исследовательских институтов, доступность ученых и инженеров, расходы компании на развитие и исследовательскую деятельность, условия для инновационного развития, использование технологий на уровне компании, сотрудничество между ВУЗами и промышленностью в исследовательской деятельности, доступность последних технологий; социально–экономические – продолжительность жизни, качество менеджмента школ, количество школьников, принятых в начальные учебные заведения, качество образовательной системы, детская смертность [1].

Однако в общем мировом рейтинге, можно отметить положительные результаты. Повышение на 21 позицию в рейтинге конкурентоспособности связано не только с улучшением отдельных показателей, а в целом с экономической политикой государства за последние годы, в частности, благодаря антикризисным мерам, а также программам ГПФИИР, «Дорожная карта бизнеса – 2020», «Карта индустриализации Казахстана», «Стратегическим планом развития до 2020 года».

Проблемы построения инновационной системы и пути их преодоления. Государственные меры поддержки инноваций.

В целях развития индустриально-инновационной деятельности в Казахстане ведется активная работа по разработке и реализации комплекса мер поддержки инноваций. Постепенно выстраивается необходимая законодательная база. В январе 2012 года принят Закон Республики Казахстан «О государственной поддержке индустриально-инновационной деятельности». Новый Закон усовершенствовал терминологию в области инноваций в соответствии с международными тенденциями, в нем более четко распределены компетенции государственных органов, структурирован состав индустриально-инновационной системы, расширен и законодательно закреплен перечень мер государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности.

В соответствии с поручением Главы государства разработана Концепция инновационного развития Республики Казахстан до 2020 года, в которой объединен ряд программных документов: Межотраслевой план научно-технологического развития, общенациональный проект «100 казахстанских инноваций» и Дорожная карта «Бизнес и наука – 2020». Целью Концепции является определение приоритетов инновационного развития и развития отраслей будущего, формирование общества, ориентированного на экономику знаний с высоким уровнем благосостояния и качества жизни населения [2].

В связи особенностями национальной экономики, в Казахстане разрабатываются особые инструменты в построении инновационной системы. В Казахстане, в отличие от большинства стран мира, преимущество отдается бюджетному финансированию научных исследований и разработок, как на республиканском, так и местных уровнях.




  1. Объем инновационной продукции Республики Казахстан (млн.тг) [3]




Годы

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Объем инновационной продукции

156039,9

152500,6

111531,1

82 597,4

142166,8

235962,7




  1. Внутренние затраты на разработки и исследования Республики Казахстан (млн.тг) [3]




Годы

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Внутренние затраты на разработки и исследования

24 799,8

26 835,5

34 761,6

38 988,7

33 466,8

43 351,6

Благодаря государственным программам поддержки инновационной системы, наблюдается рост затрат на научные разработки и исследования, в связи с этим за период 2006-2011 годов можно наблюдать ежегодный рост производства инновационной продукции.

Анализ инновационного развития в Казахстане показывает, что инновационной деятельности в стране отводится большая роль. Вместе с тем необходимо отметить, что инновационная деятельность в республике пока не является источником повышения конкурентоспособности страны на мировом рынке.

Основные трудности при проведении инновационной политики связаны с прогнозированием тенденций развития и разработкой плана таких перспективных мероприятий, которые не устаревали бы до того, как они будут выполнены. Сегодня значительными проблемами развития инноваций в Казахстане являются: низкая материально-техническая обеспеченность научных работников, отсутствие эффективной системы внедрения полученных научных результатов, отсутствие четкой ориентированности на получение новой продукции.

В связи с этим перед государством стоит задача по обеспечению условий формирования устойчивой инновационной системы национальной экономики. Сложность задачи постоянно растет – процесс инновационного развития ускоряется, становится глобальным и более открытым. Для решения такой задачи необходимы специфические навыки, дальнейшее расширение сотрудничества между государственными и частными организациями и непрерывный мониторинг потребностей общества.

В целях увеличения уровня конкурентоспособности государству необходимо принимать активные меры сфере поддержки инноваций в экономике. Поддержка инноваций должна состоять в финансировании, научно-технической, консультативно-управленческой и административной помощи инициативным группам, а также малым фирмам, создаваемым для освоения технических и других нововведений. При этом главную ставку необходимо сделать на человеческие ресурсы.

В рамках разработки эффективной системы использования человеческого ресурса следует обратить внимание на создание при научных организациях и университетов, инновационных центров, для специалистов и молодых ученых. Также одним из основных направлений государственной инновационной политики в целях повышения конкурентоспособности экономики должна стать государственная поддержка и стимулирование инвесторов, вкладывающих средства в наукоемкое, высокотехнологичное производство, а также организаций (в период освоения ими инноваций) за счет введения определенных налоговых льгот, государственных гарантий и кредитов.

Инновационная система поддержки национальной экономики должна быть построена таким образом, чтобы четко осуществлялась способность экономической системы страны чутко реагировать на изменения внутренней и внешней конъюнктуры, осуществляя быструю адаптацию за счет имеющихся в распоряжении республиканской власти средств государственного регулирования, сохранять свою устойчивость и высокие темпы экономического роста на основе воспроизводства инноваций.

Необходимо помнить, что стратегия повышения конкурентоспособности, национальной экономики, должна строиться с учетом этой ограниченности и эффективного распределения ресурсов государства.

В целом, Казахстан улучшает свои позиции в международных рейтингах, при этом успехи республики определяются не просто количественными показателями, но и уверенными темпами роста. Однако государству необходимо обратить особое внимание на сферы, которые развиты достаточно слабо. Казахстану необходимо искать новые направления экономического развития. Для повышения конкурентоспособности страны на мировом рынке нужно активно развивать высокотехнологичные отрасли и строить эффективную национальную инновационную систему. Без этого инновационная экономика просто невозможна. Именно внедрение инноваций во все сферы деятельности является важнейшим условием обеспечения интенсивного ресурсосберегающего типа экономического роста национальной экономики.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет