3.Басса-Дарки әдістемесі бойынша мазасыздану деңгейін анықтау әдістемесі бойынша алынған нәтиже төмендегідей:
Мазасыздану түрлері
|
Жоғары
|
Орта
|
Төмен
|
Саны
|
Сапа %
|
Саны
|
Сапа %
|
Саны
|
Сапа %
|
Физикалық Агрессия
|
15
|
23
|
27
|
40
|
25
|
37
|
Жанама агрессия
|
14
|
21
|
22
|
33
|
31
|
46
|
Тітіркенушілік
|
18
|
27
|
17
|
26
|
32
|
47
|
Негативизм
|
20
|
30
|
21
|
32
|
26
|
38
|
Өкпелегіштік
|
20
|
29
|
21
|
32
|
26
|
39
|
Күдіктенушілік
|
20
|
30
|
16
|
24
|
31
|
46
|
Вербалды агрессия
|
23
|
34
|
15
|
22
|
29
|
44
|
Кінәні сезінуі
|
23
|
24
|
23
|
35
|
27
|
41
|
Басса-Дарки әдістемесі бойынша мазасыздану деңгейін анықтау әдістемесі бойынша диаграмма
Басса-Даркидің мазасыздану деңгейін анықтау әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі көрсеткендей жасөспірімдер арасында ең жоғары дамыған агрессияның түрі вербалдық агрессия болып отыр. Ол, әсіресе, ұл балаларға тән, олар балағат сөздерді көп қолданылатыны анықталды. Екінші орында күдіктенушілік пен негативизм көрсеткіштері болды.
Сонымен, жүргізілген әдістемелерді талдай отырып 67 оқушының ішінде 38 оқушы іріктеліп алынды. Келешекте нақтылау және салыстыру үшін агрессивтілік деңгейін қайта өлшеп, жиналған топты екіге бөлдім. Бірінші топпен, яғни 22 оқушымен өңделген әдістеме бойынша психологиялық кеңес өткіздім, ал екінші топпен, 16 оқушымен ешқандай сабақтар өткізілмеді.
Таңдалып алынған 22 оқушымен агрессивтілікті төмендету мақсатында ағартушылық, түзету-дамыту және кеңес беру бағыты бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
Қиын бала психологиясы
(ата-аналар)
Кешегі иі жұмсақ ұл-қыздарымыз келмеске кеткен, қазіргі мектеп жасындағы балалардың психологиясы мүлде басқа. Айтқанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін, тізгінсіз кеткен балаларымыз көбейіп келеді. Қанымызға жат саналған, арымызға дақ салған мұндай құбылыстар қазір қоғамға кереғар фактор ретінде ресми атауға да ие: «қиын балалар». ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірігіп, өткен жылы қиын балалар санын анықтай келе, арнайы мәліметтер базасын жасапты. Тізім 6000-ға жеткен.
Ал кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған еліміздегі төрт колонияда 14 пен 18 жас аралығында 231 бала қылмыскер атанып, қамауда отыр. Бәрінен бұрын жасөспірімдер арасындағы суицид өзекті болып тұр. Өткен жылы 237 бала өзіне-өзі қол жұмсаған. Балаларымыздың жауқазын жасында осындай жан сыздатар әрекеттерге баратындары несі екен? Қазір баршамызды ойландырып, толғандырып отырған ортақ сауал – осы. Оның себебін әркім әртүрлі айтады. Бүгінгі күндері балаларға қатысты өзекті мәселелер Парламентте де талқыланып жүр. Депутат Жарасбай Сүлейменов жағдайдың ушығып кетуін профилактикалық шаралардың әлсіздігінен көрсе, Қазақстан психологтар қауымдастығының төрағасы Владимир Стеблянко бар жауапкершілікті ата-аналарға артады. Ұлы ақынымыз, философ Абай да ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Ол өзінің отыз жетінші қарасөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дей келе, адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екендігін дәлелдеп берген-ді. Абайдан артық кім айтқан?! Бала тәрбиесіне айрықша мән берген қазақ ұғымында «қиын бала» деген мүлде болмаған.
«Қиын бала дегеніміз қандай бала?» Қиын бала - белгілі бір жұмысы жоқ, жағдайлары төмен немесе жұмыстан қолы тимейтін, баласына қарауға уақыты жоқ, қызметтегі ата-ана отбасынан шығады. Демек тәрбиенің осалдығынан, мінез ерекшеліктеріне қарай қиын бала туындайды.
«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек. –деп белгілі К. Д. Ушинский айтқандай баланы «қиын деп атау үшін оған тән жеке бастың қиындығын танытатын белгілерін таба білу керек.
Адамның әуелден тігінші болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуелден жаратылысынан дарымайды. Сол себептен қиындық туғызатын баланың белгілерін, қиындық туғызатын оқушылармен әңгіме жүргізу, оның өзіне сауалдар беру, ата-ана, сынып жетекшісі, жолдасымен-интервью жүргізу керек. Көңіл-күйі, оның алаңдаушылығы, баланың жан-дүниесіне көңіл бөлу керек. Жағымды-жағымсыз қылықтарды да ата-аналарынан үйренеді. Ата-анаға баланың болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бала тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін қолайлы психологиялық ахуал қажет.
Ата-аналардың жан ұядағы келіспеушілігі, баланың толық емес жанұяда тәрбиеленуі, ата-аналардың ішкілікке салынуы, ұрпақ тәрбиесіндегі көзқарастарының әр түрлі болуы бала бойында жағымсыз мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Баланы қыспақта ұстау да оның психологиясына зиян. Үлкендердің қолайсыз іс-әрекеттері, ата-ананың арақ ішуі, балағат сөзді боратқан аға, қылмыс жасаған көрші осыны көрген баланың тәрбиесі не болмақ. Бала үлкендер бойынан жағымды-жағымсыз қылықтарды жинайды, осыдан келе дер кезінде дұрыс тәрбиелеп жолға түсірмесе, мінез-құлықтары қоғамға жат, тәрбиесі «қиын тұлғалар» қалыптасатыны шек келтірмейді. Ал мұндай тәрбиесі «қиын баланың шығуына ең алдымен, жанұя тәрбиесінің дұрыс болмауы, отбасындағы жанжал, ата-ананың біреуінің болмауы және мектептегі оқу - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер.
Жас өспірім он үш жасқа келгеннен кейін оларда өзгерістер байқалады. Бұл жас өте тынымсыз, ең қиын ұшқалақ шақ. Мінез-құлқында өзгерістер болады. Осындай сәтте ата-ана, мұғалім бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына күш салуы керек. Себебі жасөспірімдердің осы «өтпелі кезеңде өздеріне қол жұмсап (суицид), өмірден түңілулері көбейеді. Оның себептері өзіне назар аударту, мүсіркеушілік тудырту, жанұядағы кикілжіңнен қашу, мұғалім достарымен келіспеушілік, сыныптастарының оны қатардан бөліп тастауы, оны менсінбеу, достарының болмауы, тест жұмысын ҰБТ тапсыра алмауы, жауапсыз махаббат, өзін ренжіткендерді кінәлі етіп көрсету, психологиялық ауытқу. Ұлдар мен қыздардың мінез-құлқына талдау жасаған кезде психикасы мен іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді ескеру қажет. Ұлдардың жүрген жері әрқашан шу болатыны белгілі, бұл олардың тәртіпті жиі бұзатындығынан деп ойлауға болмайды. Қыздар бойында жағымсыз қасиеттер көбіне жасырын сипатта болады. «Қиын ұлдар» мен «қиын қыздарды» салыстырғанда ұлдар тынышсыз болғанмен, қиын қыздар одан да қиындау болады. Бұл туралы А. С. Макаренко былай деп жауап жазады. Ұлдар көшеде қаншама қаңғып жүрсе де, қандай күрделі, заңсыз оқиғаларға қатысты болса да, біздің педагогикалық әрекетімізге көнбей сонша қасарысқанымен, оның тіпті болар-болмас ақылы болса, жақсы орта оны тәрбиемен адам етіп шығарады.
Баланың бос уақытын ұйымдастыруда жанұяның ықпалы зор. Мектепте оқушы күніне алты сағат болса, үйінде он сегіз сағат болады. Баланың жағымсыз іс-әрекетке баруы, өтірік айтуы және қылмыс жасауы, жанұяның қадағаламауынан. Ата-анасына көмектескен, еңбекке ерте араласқан бала теріс жүріске бармайды. Белгілі жазушы Ж.Аймауытов «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе – өскен орта, ата-ана тәрбиесі.
«Тәрбие – тал бесіктен», - демекші іргетасы берік үй оңайлықпен құламайды, яғни жастайынан берілген тәрбиені қоршаған орта түбегейлі өзгерте алмайды. Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі – ата-ана, екіншісі - ұстазы, үшіншісі – құрдасы»- деп айтып кеткен екен Абай атамыз.
Ойлы ұстаз –бала жанының зергері. Еркені райға көндіру, жалқауды еңбек етуге үйрету, ұшып-қонба жеңілтекке сабырлы болудың сырын ұқтыру ұстаз шеберлігін талап етеді. Жас шыбық иілгіш келеді, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бейім. Біздің үйдегі, түздегі іс-әрекетіміз балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы-жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |