Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы


Қарым-қатынастағы агрессивтілікті бағалауға арналған А.Ассингер әдістемесі



бет6/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ЖБЛ-212 Тәрбие

Қарым-қатынастағы агрессивтілікті бағалауға арналған А.Ассингер әдістемесі.

Мақсаты: Кез келген қолайсыз жағдай, жасөспірімдердің өздеріне және қоршаған адамдарға қатысты қауіпті жағдайға барулары олардың бойындағы агрессияның шамадан тыс шарықтап кетуіне байланысты. Бұл әдістеме жасөспірімдердің қоршаған ортаға және адамдарға деген агрессивтік қатынасының деңгейін анықтауға арналған.
Жұмыс барысында зерттелушілерге 20 сұрақтан тұратын және 3 нұсқаулы жауабымен беріледі. Зерттелушілердің мақсаты сол 3 нұсқаудың біреуін таңдап белгілеу. Нәтижені бағалау зерттелушінің жинаған ұпайына сәйкес сарапталынады және төмендегі өлшем аралықтары қолданылады:
45 тен жоғары - сіз аса агрессивтісіз өз өзіңізді қолыңызда ұстай алмайсыз, жағымсыз эмоциаларыңызды шығару үшін, басқа адамдарға дауыс көтеру кей кезде қол жұмсауға дейін баруыңыз мүмкін. Сондықтан адамдармен қарым-қатынасты қиын орнатасыз. Ойланбастан әрекет жасауға бейімсіз.
36-44 ке дейін - сіз орташа агрессивтісіз. Қарым-қатынасты адамдармен жеңіл орнатасыз, жағымсыз жағдайда өзіңізді қолда ұстауға тырысасыз, бірақ сізге дауыс көтерген жағдайда қайтара жауап бересіз. Ойланып әрекеттенесіз, өз-өзіңізге сенімдісіз.
35 - тен төмен - сіз өзіңіздің қабілетіңізге және күшіңізге сенімсізсіз. Өз ойыңызды білдіре алмайсыз, басқалардың көзқарасымен келісе бересіз. Дау-дамай жағдайын тудырмауға барлық жағдай жасайсыз.


3. Басса-Даркидің агрессия күйін анықтауға арналған сауалнамасы
Мақсаты: Басса –Дарки әдістемесі арқылы зерттеушілердің яғни 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің агрессивтілік күйін анықтау.
Жұмыс барысы: Берілген 75 сұраққа «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.
Жұмысымыздың анықтау бөлімінде жоғарыда көрсетілген әдістемелер бойынша жоғарғы сынып (9 «А», 9 «Б», 9 «В» сыныптары бойынша жалпы саны – 67 оқушы) оқушыларына зерттеу жүргіздім.
Жүргізілген әдістемелерге талдау жасасақ:
1. «Әлемде жоқ жануар» тесті бойынша салынған суреттерге интерпретация жасалынды. Суреттердің ішінен агрессиялық сипатты білдіретін мүйіз, тырнақ, қыл, тіс сияқты қосымша детальдары бары суреттер іріктеліп алынды.
2. А.Ассигердің қарым-қатынастағы агрессивтілік тесті. Оқушылар назарына ұсынылған әдістемеге жауап беру арқылы, әр оқушының қарым-қатынас барысындағы агрессивтілік жағы қаншалықты екендігі анықталып, әр оқушыға жеке-жеке сипаттама берілді. Алынған нәтижені сандық және сапалық көрсеткіштермен төмендегідей етіп көрсетуге болады және гистограммаға түсіреміз:
А.Ассингердің қарым-қатынастағы агрессивтілік тесті бойынша нәтиже



Қарым-қатынастағы агрессивтілік деңгейлері

1 кезең

Саны

Сапа

Жоғары

17

26%

Орташа

23

34 %

Төменгі

27

40%

А.Ассингердің қарым-қатынастағы агрессивтілік тесті бойынша диаграмма



А.Ассингердің қарым-қатынастағы агрессивтілік тесті бойынша 67 оқушының 17-сі жоғарғы деңгей, 23-і орта деңгей, ал қалған 27-сі төмен деңгей көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет