Реферат тақырыбы: Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі Орындаған: Пейсенова М. Н мырзабай Б. Д жетекші: Сагалиева Ж. К


І.2. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі



бет3/10
Дата28.03.2024
өлшемі373.67 Kb.
#496792
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат Қазақ тілі

І.2. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы — сөйлем мүшелерін дұрыс орналастыру. Өз орнында тұрмаған сөз оқушыға оғаш көрініп тұрады немесе сөйлем мағынасы өзгеріліп кетеді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Дұрыс құралған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге етер әсері де өзгеше болады.
Сөйлем құрауда сөзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тану үшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де бұл жайында қазақ әдеби тілінің ережелерін білу керек. 
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты, орыстіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетте сөйлем мүшелерінің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инверсия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осылай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматикаларда “анықтауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды”,-десе, Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындай да табан бола ма екен қырық тесік”,- деп анықтауышты (қырық тесік) анықтайтын сөзінен (табан) кейін қойған. Дәл осы арада автордың бұлай етуі өте орынды. Ол солай ету арқылы Бораштың тілім-тілім жаралы аяғын көріп, Шегеннің таңданғанын, сол айтқан сөздерінің интонациялық өңі қалай екенін білдірген. Сол сияқты, Қолыңды тарт дегенді, айтушының ашулана, көтеріңкі дауыспен айтқанын білдіру үшін М.Әуезов «Тарт қолыңды!» деп жазған.
Сөйлем мүшелерін қалай болса солай орналастыру жазушының өз еркіндегі нәрсе емес. Сөйлемнің бастауышын қай жерге қойып айту кісінің, субъективті көзқарасымен емес, тілдің белгілі бір нормасымен, заңдылығымен байланысты. Сондықтан сол заңды жете білмесе де, тілдің табиғатынан тыс, құлаққа жат естілетін үнін сезетін кісілер сөйлем мүшелерін дұрыс орналастырады.
Бастауышты жайылма сөйлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады:
1. Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Жігіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Осындағы бастауыш — жігіттер^ баяндауыш — кірісті. Сол екеуінің ортасындағы сөздер — тұрлаусыз мүшелер. Олар баяндауышқа қатысты: баяндауышты пысықтайды (білектерін сыбанып), баяндауышты толықтайды (жұмысқа). Ал осы қалыпты орнын өзгертіп, сөйлем мүшелерінін, орындарын ауыстырып айтуға да болады. Мысалы, Білектерін сыбанып жігіттер жұмысқа кірісті, білектерін сыбанып жұмысқа жігіттер кірісті. Бұлар қай уақытта осылай айтылуы мүмкін. Бастауышқа ой екпіні түсіп, оны басқа сөзден гөрі басым мағынада айту үшін осылай болуы мүмкін.
2. Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да маңында тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы, Университетте оқып жүрген жігіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Бұл сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтуға болғанымен, онша жатық болмайды. Дегенмен, былай десек: Білектерін сыбанып университетте оқып жүрген жігіттер жұмысқа кірісті. Мұнда білектерін сыбанып —оқып жүргенге қатысты болады, сөйлемнін мағынасы өзгеріледі. 
3. Тұрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңында болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастауыш баяндауыштың дәл алдында тұрады. Мысалы, Университеттс оқып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа).
Осылардан аңғаратынымыз: 1) Бір мүшенің сөйлемдегі орны басқа мүшелердің сөйлемдегі орнына қарап белгіленеді; 2) Сөйлем мүшелерінін, қалыпты орнын өзгертіп айтуға болатын болса, солай еткенде, қалай да сөйлемнің бұрынғы мағынасына өзгеріс енеді.
Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыстырып айтуды и н в е р с и я дейміз. Инверсия мақсатты болу керек. Олай етпей, сөйлеу тілінде кездеседі екен деп немесе сөйлем құрылысы әр алуан болсын деп, сөйлемді шәлкес, теріс құруға болмайды. Бұл жөнінде де тілдің нәзіктігін ескеріңіз: анықтауыш, жалпы ереже бойынша, анықтайтын сөзінің дәл алдында тұрады. Егер бір заттың бірнеше, әр алуан анықтауышы болса, оның қайсысы бұрын, қайсысы соң тұру керек? Мұнда да тиянақты ереже бар: заттың түпкілікті, ең негізгі сапасын білдіретін анықтауыш сол заттың дәл қасында тұрады да, өзгелері одан бұрын орналасады. Мысалы, торы, ақсак деген сындарды бие сөзінің анықтауыштары етіп айтқымыз келсе, ақсақ торы бие дейміз, керісінше, торы ақсақ бие демейміз. Себебі биенің, торылығы жусаң да кетпейтін түпкілікті, негізгі сапасы, ал ақсақтығы — қосымша, көлденең міні.
Бастауыштың кейде сөйлемнің ең соңында тұратын да орайы болады:
1. Диалогты сөйлемге автордың, берген түсінігінде бастауыш сөйлемнің соңында да, диалогтың алдында да түра береді, мысалы:
— Жастардың саяси тәрбиесіне партия алдында комсомол жауапты,— деді Әбдікәрім.
— Самолет ұшуға әзір!— деді звено технигі Таися Вахрамиевна (X. Досп.).
Аман ішіп отырған асын тастай сала:
-Мынау әншіні көріп қалайықшы,— деп тұра жүгірді (Ғ. Мұстафин).
Асан:
–Әкем көп жылдан бері колхоздың жылқысын бақты, –деді
(С. Бақбергенов).
Төл сөз бен автор сөзінің осылай орналасып, бастауыштың сөйлемнің соңында не басында тұруы — оның үйреншікті қалыпты орны. Мұндайға инверсия жасау үшін төл сөздің арасына автор сөзі қыстырылады:
— Тоқта!— деді ол,— Үшқұмбезден кетерде,— мен не деп едім, есіңде ме?
— Мен,— деді Асқар,— сені жақсы көремін. (С. Мұқанов).
2. Қынжыла, күйіне айтылған лепті, сұраулы сөйлемдердің бастауыштарын соңына шығарып айтуға болады: Келмей қойды бүгін ол! Айтып едім ғой саған мен! (Айтпап па едім саған мен?!) Үміттен айрылса, не болар еді адам? 
(С. Мұқанов).
Хабарлы сөйлемдерде, осы тәрізді, бастауыштарға екпін түсіре, оларға ерекше мән бере айту үшін олардың орнын басқа мүшелермен ауыстырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет