2.3 Бастауыш сыныптарда мәтінмен жүргізілетін жұмыстардың қорытындысы
Қазақ тілі пәнінен берілетін білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгертуде модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту ерекше орын алады. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңі сөйлем мүшелерін меңгертудің жаңа түрін қажет етеді.
Бағыт-бағдар белгілерін пайдалана отырып, оқушы еш қиындықсыз сөйлеу шапшаңдығын арттырып, сөз арасындағы үнсіздікті қысқартады, артық қыстырма сөздерді жояды және оқушының жеке тапсырмалармен, мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда айтылған, жүргізілген жұмыстарды қорыта келе, қазақ тілін оқытуда сөйлем мүшелерінің теориялық негізі мықтап қаланса да, оны оқыту әдістемесінің соңғы жылдары ғана қалыптасып келе жатқанын айтып кетеміз. Себебі сөйлем мүшелерімен жұмыс жүргізу әдістемесі қазақ тілін оқытудың барлық кезеңдерінде де сөз болып келгенімен, арнайы жеке түрде сөз болмады. Сөйлем мүшелерімен жұмыс түрлерінің жүйесі де жасалмады. Бүгінгі біз ұсынып отырған жұмыс үлгілері осы үлкен тақырыптың тек бір бөлшегін ғана қамтитын болар. Бұл тақырыптың өзін аша алсақ, мақсатымызға жеттік деп білеміз. Барлық айтқандарымыздан мынадай ой түйдік:
• Қазақ тілі сабақтарында сөйлем мүшелерін ұтымды оқыту оқушылардың сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастырады, жазу сауаттылығын арттырады.
• Оқушылар сөйлем мүшелеріне қатысты термин сөздердің мағынасын түсінеді, сөйлемге синтаксистік талдау жасай білуге үйренеді.
• Қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша өткен теориялық материалдарды жақсы меңгеруге өз септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1995.
2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А., 1996.
3. Әміров Р. С. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997 жыл.
4.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 2001 жыл.
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
7. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Алматы, 1991.
8. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
9. Қасымова Т., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2000 ж.
10. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы.А., «Мектеп» 1998 ж.
11. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001
12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы. 1966.
13.Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. 2-том. Алматы, 2003 ж.
14. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы, Ана тілі, 1992.
15. Оразбаева Ф., Сағидулла Г. Қазіргі қазақ тілі оқу құралы.
ЖШС « PRINT-S» А., 2005 ж.
16. Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
А., «Ана тілі» 1996 ж.
17. Қазақ тілі мен әдебиеті, №3, 2011 жыл
18. Қазақ тілі мен әдебиеті, №5,2011 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |