Реферат тақырыбы: Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі Орындаған: Пейсенова М. Н мырзабай Б. Д жетекші: Сагалиева Ж. К



бет4/10
Дата28.03.2024
өлшемі373.67 Kb.
#496792
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат Қазақ тілі

Бастауыш қалыпты
орнында

Баяндауышқа
инверсия жасалған

Қарымсақ Зылиханы іздеуге
шықпақшы болды.

Қарымсақ інісінің үйіне қарай жүгірді.


Келіні пештің мұржасын


ашып жүр екен. (Б. Майлин ).

Абай Ойқұдықтағы аулына


салқын түсе жетті.

Зылиханы іздеуге Қарымсақ шықпақшы болды.

Інісінің үйіне қарай Қарымсақ жүгірді.


Пештің мұржасын келіні ашып жүр екен.


Ойқұдықтағы аулына Абай салқын түсе жетті.



Бастауыштың керегінде орнын өзгертіп айтудың үлкен мәні бар. Ол қалыпты орнын өзгертіп, баяндауыштың жетегіндегі сөздің орнында тұрғанда, оған логикалық екпін түседі де, бастауыштың бұрынғы орнына қойылған сөздер де бұрынғысына қарағанда, басым мағынада айтылады. Ал өз орнында тұрған сөздердің ешқайсысы, әдейілеп дауысты құбылтып, көтеріңкі дауыспен айтқанда болмаса, оларға ой екпіні түсіп, сөйлемдегі басқа сөздер шумағынан бөлектенбейді. Олардың құрылысын өзгертіп бастауышты баяндауыштың жетегіндегі тұрлаусыз мүшелердің орнына қойғанда, орын ауысқан сөздердің айтылу ырғағы да, логикалық екпіні де өзгертіледі. Сонда баяндауыштың қасында тұрған бастауыш ерекше басым әнуенмен айтылады.
Баяндауыштың үйреншікті орны — сөйлемнің соңы. Сол орнын, өлеңді сөйлемдерде болмаса, көп өзгертпейді. Дегенмен, оған да инверсия жасауға болады.
Баяндауышқа ой екпінін түсіре, басқа сөздерден басым мағынада айту үшін, кейбір ұранды, лепті сөйлемдерде оны бірінші орынға қойып айтуға болады.
Жойылсын жауыздар! Жасасын сүйікті Отанымыз! Жоғалсын өлім! Жасасын 
өмір! (3. Шашкин).
— Тарт қолыңды!
— Отыр орныңа!
— Көне алмаймын оның зорлығына! (М. Әуезов).
— Тарт тіліңді! Жоғал көзіме көрінбей!- деп Ысқақ кимелеп кетті (С. Ерубаев).
— Өшір үніңді, оңбағанның баласы! (Ә. Сәрсенбаев).
— Қой әрі балалықты! (Ғ. Мұстафин).
— Қайтейін бұрын кім болғанын? (С. Мұқанов).
Толықтауыштардың сөйлемдегі қалыпты орны — баяндауыштың алды. Бұлардың да ол орнын басқа мүшелермен ауыстыруга болады.
Толықтауыштар бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде болмаса, хабарлы сөйлемде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыштың соңында келе бермейді. Келе жатыр ол үйден. Ол отыра кетті орындыққа. Қатты сағындым қарындасымды дегендей сөйлемдер әдебиетте кездеседі, бірақ оларда пәлендей стильдік қызмет жоқ.
Бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде баяндауышты күшті екпінмен, көтеріңкі дауыспен айту үшін сөйлемнің басына, ал толықтауыш, пысықтауыштарды одан кейін қоямыз. Ондайда баяндауышпен орын ауысқан толықтауыштар да бұрынғы мағынасында қалмайды:
Бар, осынымды айт дегендегі толықтауышты баяндауышпен орнын ауыстырып: Бар, айт осынымды! деуге болады. Алдыңғы сөйлем жай хабар ретінде айтылса, соңғы сөйлем ерекше ырғақты әуенмен күйіне сөйлеген кісінің сөзі болып ұғынылады. Ол айырмашылық толықтауыш пен баяндауыштың орын ауысуынан болып отыр. Ондайда толықтауыштардың да ерекше екпінмен басым мағынада айтылатынын мына мысалдардан көруге болады:
— Не ақысы бар менде? Дұшпан сөзіне еріп дұшпан боламысың Нұржанға? Бердім атты! (С. Мұқанов). Қөрсетпе көз жасыңды! (М. Әуезов).
Толықтауыштарға көбірек инверсия жасалатын сөйлем — диа-логты сөйлем. Диалогты сұраулы сөйлемнің мазмұнына лайық оғаш берілетін жауап толықтауыштан басталса, онда оған инверсия жасалып, басқа сөздерден гөрі басым мағынада айтылғандағысы.
— Кімді күтіп отырсың?
— Амантайды күтіп отырмын.
— Бұл ақшаны кімге берейін?
— Рабиғаға бере гой.
Анықтауыш, пысықтауыштар көбінесе басқа сөздермен қатар тұру арқылы байланысатындықтан, оларды әрі-бері жылжытуға болмайды, болса да, ондай мысал көп кездеспейді. Ал ілік жалғауы жалғанған анықтауыштар мен барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларындағы пысықтауыштарға толықтауыштардай инверсия жасауға болады. Сондай-ақ инверсия жасай беруге көнгіш пысықтауыш — мезгіл үстеулері мен көсемшелерден жасалған пысықтауыштар:
1. Үлкен кісісің ғой, апа, көпті көрген (С. Мұқанов).
Осындай да табан бола ма екен қырық тесік! (Ғ. Мүсірепов). Сақижан, жүр тезірек! (Ғ. Сланов).
Бүгін, міне, қарасам, бір көш кетіп барады (Жамбыл).
Тәңірі сұлулықтың, ақын Сара, үйректің сұңқарындай тудың дара (X. Жұмалиев). Ақырындап ат қозғалды (Б. Майлин). Кетерде Боржадай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқаным жоқ (С Мұқанов).
Заттың түрін, түсін білдіретін бірыңғай анықтауыштардың орындарын өзгертіп айтуда мән болмайды. Сондықтан қайсысын бұрын» койсам екен? деп қиналмайсың. Мысалы: сары, көк, жасыл түс (жасыл, көк сары түс), күшті, қарулы, епті жігіт (қарулы, епті, күшті жігіт), түлкі тымақты, барқыт қамзолды, ақ сақалды кісі (ақ сақалды, түлкі тымақты, барқыт қамзолды кісі).
Егер бірыңғай анықтауыш біркелкі болмай, түрлі-түрлі сапа болса және бір заттың маңында әр түрлі бірнеше анықтауышы болса, олардың ішіндегі заттың ең негізгі сыны болатыны басқа анықтауыштардан кейін, анықталатын сөздің қасында тұрады: Дередей үлкен жұп-жұмыр ақ тай — қысырдың тайы. Сары қыз әдемі сары келіншек болыпты. Жасында ат жақтылау, қыр мұрындылау сияқты еді, қазір дөңгелек көзді, май мұрындылау, ет-жеңді, толық әйел болуға бет алыпты (Ғ.Мұстафин).
Оң жақ бұрышта ешбір сәнсіз, ретсіз үйіле салған үлкен пеш тұр … Үстінде ыждаһатты қолмен жиылған сұрғылт түсті, көнетоздау екі-үш көрпе, жастық (М. Әуезов). 
Сөзді дұрыс орналастырудың стильдік қызметі ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет