Реферат тақырыбы: Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі Орындаған: Пейсенова М. Н мырзабай Б. Д жетекші: Сагалиева Ж. К


ІІ тарау. Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік жүйесі



бет6/10
Дата28.03.2024
өлшемі373.67 Kb.
#496792
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат Қазақ тілі

ІІ тарау. Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік жүйесі
2.1. Сөйлем мүшелерін оқытудағы әдістеме мен әдіс
Әдістеме ғылымы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Оқыту әдістемесі – оқытудың мазмұнын, мақсатын, міндетін, әдісін, сондай-ақ үйрету амалдары мен тәрбиені зерттейді. Ал әдіс білім алу мақсатындағы оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің өзара байланысын қарастырады. Әрбір әдісте өзіндік лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық тұжырымдама бар. Әдіс – оқытуға арналған бағыт, яғни ол сөйлеу әрекетін тудыратын оқыту стратегиясы. Әдіс – оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің амалы.
Соның ішінде біз тоқталғалы отырған сала – сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемесі мен әдісі. Сөйлем мүшелерін оқыту мазмұны оқу материалдарын сұрыптау, іріктеу, ұйымдастыру, жаттығу түрлері арқылы, ал оқу үдерісінің мазмұны дағды мен біліктілікті қалыптастырудағы оқушы мен оқытушының байланысы арқылы анықталады. «Әдіс түсінігі белгілі бір міндетті жүзеге асыру жолындағы шындықты теориялық және практикалық жолмен шешудегі амалдар мен тәсілдердің жиынтығы» дейді А.Н.Щукин, ал Сейіл Жиенбаев: «...мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенін айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Әдістеме рецепт те емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба,» - деп әдістеменің көптеген проблемаларына тоқталды, ол қазір де мәнін жойған жоқ. Мұғалімдерге ұсынылатын әдіс,тәсілдер ретінде дәріс сабағы, әңгіме, жаттығу орындау, тест және т.б.
Сөйлем мүшелерін оқыту кезінде мұғалім мынадай негізгі кешенді әдістерді ұтымды пайдаланғаны жөн: оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі, үйретудегі мотивацияны тудыру әдісі және үйретудің тиімділігін арттыратын бақылау әдісі. Бұл әдістер негізінде оқыту ұстанымдары қарастырылады. Мысалы, ана тілін есепке алу, коммуникативтік бағыт, сапалылық, сөйлеу жағдаяттық, ауызекі сөйлеу алға шығады, жинақтау, әдістемелік ұстаным, тілдік, лингвистикалық материалдарды іріктеу, сабақта оқу материалдарын өлшеммен беру, бекіту.
Сонымен бірге тілді оқыту әдісі – жаңа материалды түсіндіру, үйрету, меңгеруді ұйымдастыру мен бақылау; білім беру әдісі – оқушының үйрену процесіндегі танымдық және практикалық әрекетінде қолдану; яғни оқыту әдісі екі жүйеде: үйрету әдісі мен білім беру әдісінің негізінде практикада жүзеге асады.
Үйрету әдісі: көрсету, түсіндіру, ойландыру, жаттығуды ұйымдастыру, бағалау; ал білім беру әдісі: танысу, ұғыну, машықтану, өзі түзету, өзіне баға беру.
Көрсету әдісі бойынша оқытушы оқу материалдарын (дыбыс, сөз, сөйлем, мәтіндерді) таныстыру кезеңінде қолданады. Көрсету әдісін қолданғанда әр түрлі әдістемелік амалдар қолданылады. Мысалы, аудиовизуалды оқыту әдістемесі арқылы көөріп-байқау қолданылады.
Таныстыру әдісі таныс емес материалды меңгеруде қолданылады. Оқушы оқытушының материалды таныстыру кезеңінде әр түрлі амалдарды қолданады. Мысалы, түсіну және есінде сақтауы үшін суреттерді, техникалық құралдарды пайдаланады.
Түсіндіру әдісі бойынша оқытушы жаңа материалдарды түсіндіруде оқушының сапаға жететіндей деңгейінде басшылық жасайды. Материалды талдап, дәлелдеп, оқушының сапалы түрде ұғынуына әрекет жасайды. Түсіндіру кезінде қажжетіне қарай таныстыру, салыстыру тәсілдері мен көрнекілік, суреттер қолданылады.
Ойландыру әдісі бойынша оқушы тарапынан ойлау әрекетіне қатысты кешенді амалдарды біріктіреді (анализ, синтез, салыстыру, біріктіру), сонымен бірге таныс емес материалдарды меңгеруге бағытталады, тапсырмалар орындалады, нәтижесінде түсінік, ұғым, жаңа білім қалыптасады. Сабақта оқушының өзінше оойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасатуға үйрету өте маңызды. Мысалы, жалғау түрін меңгеру, жаттығу орындау, мақал-мәтелдің мағынасын түсіну т,б. Сұрақ-жауап әдісінің ойландыруда маңызы зор.
Жаттықтыру әдісі – оқытушының оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы іс-әрекеті. Оқушы үйренген сөздік қорын ұтымды пайдаланып, оны сөйлеуде қолдануға жаттығады. Ол ұзақ жаттығудан өтеді. Жаттығулардың түрлі типтері ұсынылады (мысалы, арнайы жаттықтыратын және шығармашылық жаттығулар).
Тілдік жаттығулар ережеге, грамматикаға, дыбыстауға, интонацияға құрылады, ал сөйлеу жаттығулары, монолог, сұхбат, мазмұндама және шығарма түрінде орындалады.
Сөйлем мүшелерін оқыту барысында грамматикалық ертегілер жаздырып үйрету де тиімді әдістердің бірі болып саналады. Мұғалім алдымен оқушыларға бір грамматикалық ертегіні оқып береді де, соның негізінде жаңа ертегі ойлап табуға итермелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет