«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 15 -
мамыражай өмір сүріп жатқанымызға 32 жыл толып отыр. Енді тарихымызға терең үңілсек,
осы бір тəуелсіздік үшін небір шайқас, аштық кезеңі, ана мен бала зары, неше түрлі қасіретті
оқиғалар болып қайсар, қайтпас жігері мықты нар тұлғалы батырларымыздың өмірден
өткенін еске алып ауыр сезімде боламыз.
Біздің міндетіміз тəуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымызды, аға-əпкелерімізді
еске алып, армандарын орындау. Тəуелсіздік барысында «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан,
əрбір
қазақ жастарына бас иіп, шексіз алғыс білдіремін.
Тəуелсіздік – тұғырым
Қатысушының аты-жөні: Ауытжан Индира Савутжанқызы
Жетекшісінің аты-жөні:Шавдинова Чолпан Кариловна
Тəуелсіздік!
«Тəуелсіздік» дегенді əр адам мақтаныш көреді деп ойлаймын. Себебі, тəуелсіздікті
ата-бабаларымыз, батырларымыз қаншама тер төгіп, тəуелсіздікті алу үшін оттан да, судан
да алып шыққан азаматтар. Сонымен тəуелсіздікті қашан алдық?
1991 жылы еліміз «Тəуелсіз Қазақстан» деген атқа ие болды. Сол сəттен бері, міне,
биыл 32 жыл да өте шықты. Жыл сайын тəуелсіздік күнін біз 16 желтоқсанда салтанатты
жиын түрде атап өтеміз. Осы күнге дейін Қазақстан қаншама қиын кезеңдерден,
белестерден өтті. Мəселен, ашаршылық кезде
Жаркент өңірінде, Шелек өңірінде ұйғырлар
Қазақстанға келгенде, қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, оларды қоныстандырды. Өздері
аш отырса да, қақаған қысқа қарамай, үйлеріне қондырып, бір үзім нанын бөліп, сəбилерін
жуып, киіндіріп, бар жақсылығын жасады.
Содан бері Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында
тату-тəтті өмір сүріп жатыр. Оған дəлел айта кететін болсам, ұйғыр мектебі, ұйғыр театры,
ұйғыр тілінде газет-журналдар, ұйғыр тілінде радиодан хабарлар, жаңалықтар жүргізіліп,
кино көрсетіліп жатыр. Бұл тек қана ұйғыр халқы туралы айтылып жатыр. Ал біздің
Қазақстанда қаншама ұлт
өкілдері бар, солардың барлығына осындай жағдай жасалған.
Желтоқсан оқиғасынан кейін бізге Қазақстанның қаншама қымбат екенін,
Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдері білген болу керек деп ойлаймын. Біз, жас
ұрпақ,
өз
Отанымызға
деген
жақсылығымызды,
мейірбандылығымызды,
қамқорлығымызды, қонақжайлылығымызды көрсетуіміз керек. Ата-бабаларымыздан
қалған Отанымызды,
туған жерімізді қадірлеп, құрметтеп, туымызды күллі əлемге паш
етуіміз біздің борышымыз деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, біз тəуелсіздікті еңбекпен, маңдай терімізбен,
ата-баба
жолымен алдық. «Тəуелсіздік - бақытым да, барым да, жыр жазамын,
жырлаймын ол
жайында. Жаратқаннан тілейтінім, тəу етіп-Қазағымда еркіндіктен айырма деп», - Темір
Мыңжас айтқандай, Тəуелсіздік тұғырымыз мəңгі болсын!
Достарыңызбен бөлісу: